АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.

23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.


09.06.2017
1 маусымында Алатау ауданында кенеге қарсы улау шарасы өтті.

  • Негізгі бет
  • Саясат
  • Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш «Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Саясат САЯСАТ



Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш «Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы


Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш «Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                  23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі
№ 1ш «Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1029 болып енгізілген,
2014 жылғы 1 мамырдағы № 52-53 «Алматы ақшамы» және 2014 жылғы
1 мамырдағы № 51-52 «Вечерний Алматы» газетінде ресми жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің қосымшасындағы № 12, 21, 28, 35, 36, 482, 486, 527, 528, 530, 531 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

2. Осы нормативтік құқықтық акті Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.

3. Осы шешімнің ресми интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз ету.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Б.О. Торламбаевқа жүктелсін.

4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                            Б. Мәнізоров

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Алматы қаласының Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                         Ж. Асанова

2017 жылғы«___» _________                          

Алатау ауданы әкімінің

2017 жылғы «__»_________

№__ шешіміне

қосымша

 

№ 12 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, «Өжет» ықшамауданы, Әуезов көшесі, 48

№156 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 298-13-63

Шекарасы: Батыс шекарасы Солтүстік айналым көшесінен бастап Өжет ықшамауданының Бекболат көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстік бағытта Новостройка көшесінің қиылысына дейін. Әрі қарай шығыс бағытта Сейфуллин көшесіне дейін Новая көшесінің қиылысы. («Амина» дүкені). Жалғасы Новая-2 тұйық көшесімен.Новая-2 тұйық көшесі мен Фрунзе көшесінің қиылысынанФрунзе көшесінің бойымен солтүстік бағытта (шығыс жағы) Шаған көшесінің қиылысына дейін. Солтүстік шекарасы Шаған көшесінің бойымен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Шарын көшесінің қиылысына дейін. Шарын тұйық көшесінен кейін шығыс бағытта Сеңгірбаев тұйық көшесінің бойымен ескі қоқыс полигонына дейін.Оңтүстік шекара Солтүстік айналым көшесінің бойымен Бекболат көшесінің қиылысына дейін (солтүстік жағы).

 

№ 21 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, «Шаңырақ-1» ықшамауданы, Өтемісұлы көшесі, 109 

№ 169  Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 263-75-52

Шекарасы: Солтүстік шекарасы Ысқақов пен Қарқара көшелерінің қиылысынан шығыс бағытта Алпамыс көшесінің қиылысына дейін. Әрі қарай Алпамыс көшесінің бойымен шығыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін. Шығыс шекарасы Алпамыс көшесімен Үлкен Алматы өзенінің қиылысынан оңтүстік бағытта Ақын Сара көшесіне дейін. (Ұлжан-1 ықшамауданының шекарасының бойымен). Оңтүстік шекарасы Ақын Сара көшесінің бойымен батыс бағытта Өтемісұлы көшесіндегі №73б үйге дейін. Әрі қарай Өтемісұлы көшесінің бойымен солтүстік бағытта Қарқара көшесінің қиылысына дейін. Қарқара көшесімен батыс бағытта Наурыз көшесіне дейін. Наурыз көшесінен оңтүстік бағытта Ақын Сара көшесіне дейін. Әрі қарай Ақын Сара көшесімен Ысқақов көшесіне дейін (Шаңырақ-2 ықшамауданының шекарасы). Батыс шекарасы Ысқақов көшесінің бойымен Ақын Сара көшесінен солтүстік бағытта Қарқара көшесінің қиылысына дейін.

 

№ 28 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы каласы «Алғабас-6» ықшамауданы, 1/65

№ 182 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 254-78-93

Шекарасы:Алғабас-6  ықшамауданындағы  № 1/1,  1/3,  1/14, 1/15, 1/19, 1/22, 1/25, 1/27, 1/29, 1/30, 1/2, 1/3, 1/4, 1/6, 1/8, 1/9, 1/11, 1/12, 1/32, 1/34, 1/36, 1/38, 1/39, 1/40, 1/41, 1/42, 1/43, 1,44, 1/45, 1/46, 1/47 1/48, 1/49, 1/51, 1/52, 1/54, 1/55, 1/57, 1/58, 1/59, 1/60, 1/61, 1/62, 1/63, 1/64 үйлері толығымен сайлау учаскесіне кіреді.

 

№ 35 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, «Өжет» ықшамауданы, Әуезов көшесі, 48

№ 156 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 248-41-47

Шекарасы: Өжет ықшамауданының Бекболат көшесімен Солтүстік айналым көшесінің қиылысынан бастап солтүстік бағытта (батыс жағы) Новостройка көшесінің қиылысына дейін.  Әрі қарай шығыс бағытында Сейфуллин және Новая-2 көшелерінің қыйылысына дейін(«Амина» дүкені). Нововстройка, Новая-1, Новая-2 көшелері толығмен кіреді. Сейфуллин және Новая-2 көшелерінің қыйылысынан Новая-2 тұйық көшесінің бойымен Фрунзе көшесі №22 үйге дейін. Әрі қарай Фрунзе көшесімен (батыс жағы) солтүстік бағытта Шаған көшесіне дейін. Солтүстік шекарасы Шаған көшесінен (оңтүстік жағы) батыс бағытта Красноармейская  көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Тереңқара өзенінің бойымен оңтүстік бағытта (шығыс жағы) Үлкен Алматы каналына дейін. Оңтүстік шекарасы Үлкен Алматы каналының бойымен (солтүстік жағы) Бекболат көшесі мен Солтүстік айналым көшесінің қиылысына дейін.

 

№ 36 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, «Ақкент» ықшамауданы, 19

№ 181 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 246-70-39

Шекарасы:Ақбұлақ ықшамауданындағы № № 6,7,8,9 үйлер және Аққент ықшамауданындағы № 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 үйлері толығымен сайлау учаскесіне кіреді.

 

№ 482  Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, «Шаңырақ-1» ықшамауданы, Өтемісұлы көшесі, 73

«Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі», телефоны: 248-68-74

Шекарасы: Солтүстік шекарасы Шаңырақ-1 ықшамауданындағы Ысқақов көшесі мен Ақын Сара көшесінің қиылысынан Ақын Сара көшесінің бойымен шығыс бағытта Наурыз көшесінің қиылысына дейін. Әрі қарай Наурыз көшесінен солтүстік бағытта Қарқара көшесінің қиылысына дейін. Қарқара көшесінен шығыс бағытта Өтемісұлы көшесіндегі №107 үйге дейін. Әрі қарай Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта Ақын Сара көшесінің қиылысына дейін. Ақын Сара көшесімен шығыс бағытта Ұлжан-1 ықшамауданының шекарасына дейін. Шығыс шекарасы Шаңырақ-1 ықшамауданы мен Ұлжан-1 ықшамауданының шекарасы бойымен жүреді (Үлкен Алматы өзенінің бойымен). Оңтүстік шекарасы Қосағаш көшесінен батыс бағытта Шаңырақ-2 ықшамауданының шекарасына дейін. Батыс шекарасы Қосағаш көшесінен Шаңырақ-2 ықшамауданы шекарасының бойымен Шаңырақ-1 ықшамауданының Ысқақов және Ақын Сара көшелерінің қиылысына дейін.

 

№ 486 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, «Теректі» ықшамауданы, Мектеп көшесі, 6 б

№ 184 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 385-34-05

Шекарасы: Оңтүстік шекарасыЖелтоқсан көшесімен Орталық көшесінің қиылысынан Орталық көшесі бойымен солтүстік бағытта Айналмалы көшесіне дейін. Батыс шекарасыАйналмалы көшесі бойымен солтүстік бағытта Құрылыс көшесіне дейін.Солтүстік шекарасыҚұрылыс көшесі бойымен шығыс бағытта Тәуелсіздік көшесіне дейін. Тәуелсіздік көшесі бойымен шығыс бағытта Желтоксан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесі бойымен оңтүстік бағытта Молдағұлова көшесіне дейін.Молдағұлова көшесінің бойыменАбай көшесіне дейін.Абай көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Якупов көшесіне дейін. Якупов көшесінің бойымен шығыс бағытта Ақсай көшесіне дейін. Шығыс шекарасыАқсай көшесі мен Якупов көшелеріні қиылысынан Ақсай көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Қонаев көшесіне дейін. Қонаев көшесінің бойымен батыс бағытта Желтоқсан көшесіне дейін.Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Орталық көшесіне дейін.

 

№ 527 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, «Алғабас» ықшамауданы, Бәйдібек би кқшесі, 16

№ 185 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 385-33-81

Шекарасы:Оңтүстік шекарасыРысқұлоа двңғылы мен Момышұлы кқшесінің қиылысынан Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта Ақсай көшесіне дейін. Рысқұлов даңғылынан Ақсай көшесінің бойымен Достық көшесінің қиылысына дейін. Ақсай көшесімен Достық көшесінің қиылысынан Достық көшесінің бойымен батыс бағытта (солтүстік жағы) Алатау көшесіне дейін. Алатау көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Жетісу көшесіне дейін. Жетісу көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батыс бағытта Алматы облысының Қарасай ауданының шекарасына дейін. Батыс шекарасыАлматы облысы,Қарасай ауданы шекарасының бойымен солтүстік бағытта Мәдениет ықшамауданының шекарасына дейін.Солтүстік шекарасы Мәдениет ықшамауданының шекарасы бойымен шығыс бағытта Момышұлы көшесіне дейін.Шығыс шекарасыМомышұлы көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Рысқұлов даңғылына дейін. (Алғабас-1 ықшамауданы, «Нұркент» тұрғын-үй кешенін қоспағанда).    

 

№ 528 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, «Алғабас» ықшамауданы, Бәйдібек би көшесі, 16

№ 185 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 307-93-16

Шекарасы: Солтүстік шекарасы Ақсай көшесі мен Достық көшесінің қилысынан Достық көшесінің бойымен батыс бағытта Алатау көшесінің қиылысына дейін. Алатау көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасына дейін. Батыс шекарасы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасы бойымен оңтүстік бағытта Желтоқсан көшесіне дейін.Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Қонаев көшесінің қиылысына дейін. Оңтүстік шекарасы Желтоқсан көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысынан Қонаев көшесі бойымен солтүстік бағытта Ақсай көшесіне дейін. Шығыс шекарасы Қонаев көшесі мен Ақсай көшесінің қиылысынан Ақсай көшесінің бойымен солтүстік бағытта Достық көшесінің қиылысына дейін.

                           

№ 530 Саулау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, «Алғабас-6» ықшамауданы, 1/65

№ 182 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 254-78-82

Шекарасы:Алғабас-6  ықшамауданындағы  № 1/167, 1/161, 1/165, 1/178, 1/177, 1/160, 1/158, 1/168, 1/179, 1/174, 1/180, 1/173, 1/171, 1/151, 1/170, 1/153, 1/11, 1/12, 1/32, 1/34, 1/36, 1/38, 1/39, 1/40, 1/41, 1/42, 1/43, 1,44, 1/45, 1/46, 1/69, 1/70, 1/71, 1/72, 1/73, 1/74, 1/75, 1/78, 1/79, 1/80, 1/82, 1/84, 1/87, 1/88, 1/89, 1/91, 1/92,1/139, 1/135, 1/142, 1/141, үйлері толығымен сайлау учаскесіне кіреді.

 

№ 531 Сайлау учаскесі 

Орталығы: Алматы қаласы, «Ақкент» ықшамауданы,19

№ 181 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 246-70-47

Шекарасы:Ақкент ықшамауданы: № 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 54, 56, 57, 58, 61, 63, 71 үйлер, Алғабас-1 ықшамауданы, «Нұркент» Тұрғын-үй кешені: 34, 35, 36, 37, 39, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51 үйлер толығымен кіреді.        

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш «Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2017 жылғы «___»_________ №____ шешіміне

Анықтама- негіздеме

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ

2

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектег № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабының  1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568  қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

жоқ

4

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

Жоқ

5

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

-

6

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Жария етілмеген

7

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

-

8

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

-

9

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

-

10

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

-

 

11

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

-

 

12

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

-

 

Алматы қаласы

Алатау ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы                                Н. Әділбеков