АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Менің ауламдағы спорт

12.11.2018

Менің ауламдағы спорт



09.11.2018

Ақсақалдар кеңесінің президиумы



08.11.2018

Жаңа жол салу құрылысы басталды


Саясат САЯСАТ



Регламент


Мәслихат депутаты

     112. Мәслихат депутаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына және өзге де заң актілері мен осы регламентке сәйкес құқықтарға ие және міндеттемелерді орындайды.

     113. Депутат сайлаушылардың өкілетті өкілі болып табылады және олардың еркі мен мүддесін қалалық мәслихатта жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып білдіреді.

     Депутаттың өкілеттігі оны депутат ретінде тіркеген кезден басталып, мәслихат өкілеттігі тоқтатылған кезден бастап немесе өкілеттік мерзімінен бұрын доғарылған жағдайда тоқтайды. Мәслихаттың әрбір депутатына куәлік беріледі және депутаттың кеуделік белгісі тапсырылады. Куәлікке аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қол қояды.

     Депутат мәслихаттың және ол құрған органдардың қызметіне белсенді қатысуын қамтамассыз ететін құқықтардың барлығына ие, мәслихат пен оның органдары алдында жауапкершілік көтереді, оның тапсырмаларын орындайды.

     114. Сессия уақытында, мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілісі кезінде, сондай-ақ депутаттық өкілеттікті іске асыру үшін заңда қарастырылған өзге де жағдайларда, депутат өндірістік немесе қызметтік міндеттерін орындаудан босатылып, оған негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы және депутаттық қызметке байланысты өзге де шығындар, алайда бір жылға дейінігі жұмыс стажы бар әкім аппараты басшысы лауазымындағы тұлғаның жалақысынан аспайтын мөлшерде, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.

     115. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер меншік нысанына қарамастан мәслихат депутатына оларға жүктелген міндеттемелерді атқаруы үшін қажетті көмек көрсетуге міндетті.

     Депутаттардың заңды талаптары бірнеше рет еленбеген жағдайда лауазымды тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

     116. Депутаттың өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

     Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сессиясында қабылдананды.

     117. Депутат сайлаушылармен байланыс жасайды, оларға мәслихат жұмысы, жоспарлардың, аумақтық экономикалық, әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуы туралы хабарлайды, мәслихат шешімінің орындалуын ұйымдастыру мен бақылануына қатысады, қоғамдық пікірді, тұрғындардың мұқтаждарын, сұранымдарын зерттеп мәслихатқа ұсыныс енгізеді.

     118. Барып-қайтуға байланысты депутаттық өкілеттікті орындау үшін депутат мәслихаттың кезекші жеңіл автомашинасына тапсырыс беруге құқығы бар.

     119. Депутаттың, мәслихаттың тұрақты комиссиясының мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына, қалалық әкімдік пен оның органдарының, Алматы қаласында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына сауал қоюға құқығы бар.

     Сауал сесияда жазбаша немесе ауызша түрде енгізіледі. Жазбаша түрде енгізілген сауал жариялануға жатады.

     Сауал салынған мемлекеттік орган, лауазымды тұлға мәслихат сессиясында ол бойынша ауызша немесе жазбаша жауап беруге міндетті. Сауалға жауап мәслихат белгілеген мерзімде ұсынылады және сессияда жарияланады. Сауалға жауап бойынша жарыссөз ашылуы мүмкін.

     Сауалға жауап беру және оны талқылау нәтижесі бойынша мәслихатта шешім қабылданады.

     120. Мәслихат депутатының талабы бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, жергілікгі өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы заңдарының, қалалық құқықтық актілердің бұзылуын түзету үшін жедел шара қабылдауға міндетті.

     Бұзылу фактісі депутаттың немесе оның талабы бойынша тиісті құқық қорғау немесе бақылау органының өкілі жасаған хаттамада көрсетілуі мүмкін. Депутаттың заңды талабының орындалмауы заң негізінде қабылданған Алматы қаласының құқықтық актісіне сәйкес лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.

     Депутат Алматы қаласының аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихат құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге құқылы.

     Мәслихат депутатының сауалы, Алматы қаласы мәслихаты депутатының мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға қоғамдық маңызы бар мәселе, заң мен қалалық құқық актісінің бұзылу фактісі бойынша ресми түсініктеме беру ретінде жасаған өтінішінің арнайы түрі.

     Лауазымды тұлғалар Мәслихат депутатының сауалына заңнамада белгіленген мерзімде жауап беруге міндетті.

     Меншіктің барлық нысанындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мәслихат депутатының талабы бойынша және заңға сәйкес оған сұралған ақпаратты бұлтартпай беруге міндетті.

     Мәслихат депутаты өз округының сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдарымен кездесулер мен жиналыстар өткізеді.

     121. Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті немесе мерзімінен бұрын сайлаулары Қазақстан Рспубликасының заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.