АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өз денсаулығың өзіңнің қолыңда

06.12.2017

Өз денсаулығың өзіңнің қолыңда



05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді



04.12.2017

Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі


Мемлекеттік қызмет МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ



"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңы


Қазақстан Республикасының 
 Заңы 
  
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін адамға, егер мемлекеттік қызметті тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде аталған адам өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі аталған адаммен оның құзыретіне сәйкес тікелей байланысты болған болса, мемлекеттік ұйымдарды және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздеріне тиесiлi олардың еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы аталған еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларда болатын ұйымдарды қоспағанда, бір жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуға жол берілмейді.».

2. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «А» корпусы - Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің және конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
2) ауысу - мемлекеттік қызметшіні атқарып жүрген қызметінен бір мезгілде босата отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны бос не уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау рәсімі;
3) «Б» корпусы - «А» корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
4) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға олардың кәсiптiк даярлық деңгейiн, біліктілігін және нақты мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға сай келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
5) лауазымды адам - билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
6) лауазымдық өкiлеттiктер - мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге сай келетін нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген құқықтар мен мiндеттер;
7) мансаптық жоспарлау - «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің лауазымдық ауыстырылуы және кәсіби дамуы кезеңдерін айқындауға бағдарланған процесс;
8) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органда кәсіби қызметін тұрақты негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
9) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазым санаты - тиісті біліктілік талаптары бар мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығы;
10) мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi;
11) мемлекеттік қызметтің кадр резерві - бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі;
12) мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
13) мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы - мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда, мемлекеттік органдардың актілерінде белгiленген және жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларға негізделген мінез-құлық қағидалары;
14) мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер және лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген құрылымдық бiрлiгi;
15) мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi;
16) мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқармауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық;
17) ротация - осы Заңға сәйкес мансаптық жоспарлау шеңберінде «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін олардың келісімімен лауазымдық ауыстырулар;
18) тағылымдама - мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы;
19) тәлімгер - мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған адамға бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші;
20) уақытша бос мемлекеттік лауазым - аталған лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік демалыста болуына, сондай-ақ ауыруы салдарынан, егер ауру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімін белгілеуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесіне енген болса, оның жұмыс орнында болмауына байланысты уақытша бос мемлекеттік лауазым.»;
2) 5-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi республикалық дерекқорды, оның ішінде автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттік қызметтің кадр құрамы жай-күйінің және мемлекеттік лауазымдардың мониторингін жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттiк әкiмшілiк қызметтің кадр резервін қалыптастыру;
4-2) мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын айқындау, сондай-ақ тестілеуді ұйымдастыру;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін, сондай-ақ актілерді әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсыну;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;»;
«10-3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту;»;
3) 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2) тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;
3) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді;
5) мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлейді;
7) мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал жауапты хатшы және аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.
3. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
1 2 3 4