АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
9 мамыр  - Жеңіс күні!

09.05.2018

9 мамыр - Жеңіс күні!



05.05.2018

Батыр аналар «Күміс алқамен» марапатталды



01.05.2018

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні


Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

ТКШ 24.03.2016 Магжан

Мен Байбесiк ауылынын тургынымын. Байбесiк ауылы сноска кетедi деп жатыр, сол распа. Егерде сноска кететiн болса кашан кететiнiн бiлуге бола ма?

Жауап

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсанындағы №1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының бас жоспарына және Алматы қаласы әкімінің 13.04.2009 ж. № 3/246 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Алатау ауданының нақты жоспарлау жобасына сәйкес, сұраныстағы жер телімі қайта жаңғырту көзделген аумақта орналасқан. Жер телімін игеру, бұзу және өтемақы төлеуге байланысты барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және сату-сатып алу шартына сәйкес шешіледі.

Сырт 18.03.2016 кымбатжан

Салеметсизбе курметти Алатау ауданы акими Багдат Сайлаубайулы Шанырак2 ыкшам ауданы Ыскак кошесинде жол маселеси дурыс болмай тур, сол маселенин жауабын шешип берсениз.

Жауап

Ответ: Алатау аудан әкімінің аппараты, Сіздің 2016 жылғы 18 наурызына сайт арқылы келп түскен хатыңызды қарастырып келесіні хабарлайды. ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңның 7 бабының 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы автомобиль жолдары басқарамасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

Саясат 17.03.2016 Аширбаева

Құрметті Алатау ауданының әкімі Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы Біз Шаңырақ 1 Мұрагер көшесінің тұрғындары атынан хабарласып отырмыз. Өткенде сізге хат жолдап едік, бірақ нәтиже болмады. Жағдайымыз тіпті қиындап көшемізді қатты су басып, су үйлердің ауласына кіріп, қоражайларға дейін басып кетті. Алматы қаласында тұрсақта осындай қиын жағдайда тұрып жатырмыз. Көшедегі қарт кісілер мен тұрғындар балалар атынан сізден қөмек сұраймыз.Сіз істеген қөптеген нәтижелі жұмыстарыңызды көріп қуанып жатырмыз. Енді осы іске де өзіңіздің тікелей араласуыңызды сұраймыз. Үлкен өтінішпен 1 шаңырақ көшесінің тұрғындары. Енді көмек болмаса ИНТЕРНЕТ жүйесіне АЛАТАУ АУДАННЫНЫҢ атынан саламыз

Жауап

Жауап:2014 жылы Алатау ауданы бойынша су басқан бірқатар көшелерде арық жүйесінің құрылысын салу үшін жобалау сметалық құжаттамалары дайындалды. Дайындалған жобалау сметалық құжаттаманың құрамында "Шаңырақ-1" шағынауданының көшелерінде арық жүйесін салу қарастырылмаған. Осыған орай, Мұрагер көшесінде арық жүйесінің құрылысын жүргізу даын жобаның болмауынан, көктем-күз мезгілдерінде үйлерді су басудың алдын алу мақсатында, Сізден аудандағы дренаждық жүйенің құрылысын табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою тарапынан жасалатын жұмыстарды қарастыруыңызды сұраймыз. Қабылданған шешім мен қолданатын шаралар бойынша ақпаратты өтініш иесіне және Басқармаға ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте беруіңіз қажет.

Саясат 17.03.2016 Қымбат

Құрметті Алатау ауданының әкімі Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы Біз Шаңырақ 1 Мұрагер көшесінің тұрғындары атынан хабарласып отырмыз. Өткенде сізге хат жолдап едік, бірақ нәтиже болмады. Жағдайымыз тіпті қиындап көшемізді қатты су басып, су үйлердің ауласына кіріп, қоражайларға дейін басып кетті. Алматы қаласында тұрсақта осындай қиын жағдайда тұрып жатырмыз. Көшедегі қарт кісілер мен тұрғындар балалар атынан сізден қөмек сұраймыз.Сіз істеген қөптеген нәтижелі жұмыстарыңызды көріп қуанып жатырмыз. Енді осы іске де өзіңіздің тікелей араласуыңызды сұраймыз. Үлкен өтінішпен 1 шаңырақ көшесінің тұрғындары.

Жауап

Жауап: Сіздің "Шаңырақ-1" шағынауданының Мұрагер көшесінің тұрғыны Қ.Қарабалаевнаның арық жүйесін салу бойынша веб-сайыттра қойған сұрағын жолдаған хатыңызға төмендегіні хабарлаймыз. Алатау ауданы бойынша су басқан бірқатар көшелерде арық жүйесінің құрылысын салу үшін 2014 жылы жобалау сметалық құжаттамалары дайындалды. Дайындалған жобалау сметалық құжаттаманың құрамында "Шаңырақ-1" шағынауданының көшелерінде арық жүйесін салу қарастырылмаған. Осыған орай, Мұрагер көшесінде арық жүйесінің құрылысын жүргізуге дайын жобаның болмауынан, көктем күзгі мезгілдерде үйлерді су басудың алдын-алу мақсатында, Сізден аудандағы дренаждық жүйенің құрылысын табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою тарапынан жасалатын жұмыстардан қарастыруыңызды сұраймыз. Қабылданған шешім мен қолданатын шаралар бойынша ақпаратты өтініш иесіне ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте беруізіз қажет.

ТКШ 17.03.2016 Раушан

Уважаемый, Багдат Сайлаубайулы! Прошу Вас, дать информацию относительно сноса жилого комплекса в мкр. Акбулак, ул Аханова 30. Так как мы хотели, весной, начать возведение нового дома. Заранее благодарю Вас, за информацию. С уважением Раушан Кажиева.

Жауап

ответ: Аппарат акима Алатауского района города Алматы, рассмотрев Ваше письмо сообщает следующее:Ваше письмо согласно п.6, ст.7 Закона Рк "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц", направлено в Управление архитектуры и градостроительства города Алматы для рассмотрения и ответа.

ТКШ 14.03.2016 Назира

Құрметті Əкім мырза!Теректі ықшам ауданындағы КазМИС 26үйімді 2015жылы салып,қолыма заңдастырған құжаттарымды алғам.Енді осы үйім сносқа кетеді,деп естідім. Бұзылу жоспарда бар ма?Бұзылса қай уақытқа жоспарланған?

Жауап

Жауап: Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратына сайт арқылы келіп түскен хатыңызды қарастырып, ҚР " Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңның 7 бабының 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқарамасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

Сырт 10.03.2016 Газиза

Менин сурагым билим беру саласы бойынша, баламды бала бакшага кезекке койган болатынмын, тиркелген тизим неге кери карай жылжуда. Мысалы, жана ашылатын 150 мемлекеттик бала бакшага 17 ши болып тиркелген едим, казир 57 ши болып турмын. Кезек саны кандай тартип бойынша жургизиледи? Осы айтылган маселе бойынша кадагалауынызды отинемин. Билим беру орталыгымен хабарласып жауап алу мулде мумкин емес. Орынды жауап аламын деген умиттемин.

Жауап

Балаңызды 2015 жылдың 07 шілдесінде №150 бөбекжай-балабақшасына тіркеген кезде, Сіздің кезегіңіз 17-ші болып тұрған. Қазіргі таңда 57-ші болып тұр. Себебі, электронды жүйе болғандықтан балалардың басқа ауданнан немесе басқа балабақшадан ауысып келіп, олардың кезегі сізден бұрын тіркелгендіктен, кезгіңіз арқа жылжиды. Бұл жерде кезекке тұрған мерзім электорнды жүйе бойынша шешіледі.

Саясат 05.03.2016 Мустафа

Уважаемые сотрудники акимата Алатауского района. С уважением прошу вас обратить внимание в мкр Алгабас-АЗТМ, улица Батталова.Все коммуникации проведены по данной улице,осталось только сделать асфальтирование. Улица очень страшная,как будто разбомбили.Много строительных и бытовых мусоров на обочинах улицы.Пожалуйста сделайте что-нибудь.

Жауап

Ответ. На Ваше письмо от 15 марта 2016 года №-143 сообщаем, что планом работ Управления энергетики и коммунального хозяйства города Алматы запланировано строительство дорог а данном микрорайоне будет выполнено после завершения строительства всех инженерных сетей.

Саясат 26.02.2016 Кулбарам

Құрметті Әкім Мырза мен Алатау аудынның тұрғыны Сабазова К.А. Менің үйімде болған ұрлыққа қатысты өзімнің Арыз бен түсініктемемді тіркеймін. Қарастырып қадағалауыңызды сұраймын.

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің Алатау ауданы әкімінің интернет-ресурсына жазған арызыңыз, ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңның 7 бабының 6 тармағына сәйкес, тиісті шаралар қолдану үшін аудандық ішкі істер басқармасына жоданғандығын хабарлайды.

ЖКХ 26.02.2016 Наталья

Добрый день, уважаемый аким и его администрация! Наш президент Н,Назарбаев недавно дал указ вам делать дороги в тех районах, где их нет. Когда у нас уже будут дороги в мкр. Алгабас, Жана Курылыс, напротив бывшей мусорки или свалки, как там правильно. Сейчас все расстаяло, ходить вообще не возможно: грязь, лужи, слякоть по колено. Летом такие ямы, что на коляске невозможно с ребенком проехать, как и сейчас от грязи. Ждем скорейших ваших действий и ответа. Спасибо!

Жауап

Ответ: На письмо Н-139 от 15 марта 2016 года сообщаем, что планом работ Управления энергетики и коммунального хозяйства города Алматы запланировано строительство инжинерных коммуникации в микрорайоне "Алгабас". В связи с этим строительства дорог в данном микрорайоне будет рассматриваться после завершения строительства всех инжинерных коммуникации.

Саясат 25.02.2016 Абылай

Құрметті әкім мырза, қояр сұрағым қашан Трудовик ықшам ауданында жол салынады?Озіңіз осы жолдарды көрсеңіз өте керемет болар еді...осыдан екі жыл бурын осы сұракты қойған болатынмын маған 2014-2015 жылдары жол салынады деген жауап берілген..(Бент "Дельфин" озерасынан новостройкага киретин жол)

Жауап

Аппарат акима Алатауского района города Алматы, рассмотрев Ваше письмо, поступившее за № А-121 от 29 февраля 2016 года, сообщает, что Ваше письмо согласно п.6, ст.7, Закона РК "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц", направлено в Управление автомобильных дорог города Алматы для рассмотрение и ответа.

ТКШ 25.02.2016 Гүлзира

Сәлеметсіз бе Бағдат Сайлаубайұлы! Мен сізге Дархан ықшамауданының мектеп жасындағы балалары бар ата-аналардың атынан өтініш айту үшін хабарласып отырмын. Өзіңізге белгілі біздің Дарханда мектеп жоқ. Балаларымыз Ұлжандағы №152-мектеп-гимназиясына барып оқиды. Ол мектепке қатынайтын екі автобус бар еді №69 және №102. 24-ақпаннан бастап №102 маршрут №409 болып облыстық маршрут болып өзгергенін білдік. Обл.маршрутта "Оңай" картасы мен жол жүру билеті(проездной) жарамайды екен. Ал №69 маршрут өте сирек жүреді. Оның өзі көбінесе кішкентай, тозығы жеткен автобустар. Бізді толғандырып отырған мәселе балаларымыздың таңғы суыққа тоңбай тезірек, аман-есен мектепке барып қайтуы. Құрметті Бағдат Сайланбайұлы, сізден өтінеріміз балаларымыз мектепке қатынайтын №409(102) маршруттың "Оңай" төлем картасы мен айлық жол жүру билетін қабылдауын немесе қосымша қалалық автобус маршрутының ашылуын өз назарыңызға алсаңыз екен.

Жауап

Ответ:Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Веб-сайт арқылы Сіздің келіп түскен хатқа келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы " Заңның 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Сіздің хатыңыз Алматы қаласы жолаушылар көлігі басқарамасына қарастырылуға жіберілді.

ТКШ 24.02.2016 Сая

Қайырлы күн Бағдат Сайланбайұлы! Сіз 06.02.2016ж. "Алғабас-1" ықш.ауд."Нұркент" ТК тұрғындарымен кездесуде Алғабастан қаланың оңтүстік -шығыс бағытында 39 автобус жүретін болады деп айтқан едіңіз.Одан бері сіз атаған автобусты көрмедік. Бұл автобус қашаннан бастап жүретін болады, сізден нақты жауап күтеміз.

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің Веб-сайтына келіп түскен, Сіздің хатыңызға келесіні хабарлайды: "Алғабас" ы/а №39 қоғамдық көлік наурыз айынан бастап, өз қызметін бастайтын болады.

Сырт 18.01.2016 Лаура

Қайырлы күн! Бағдат аға осы өзіңіз басқарып отырған Алатау ауданымен бірге шаңырақ көтеріп өсіп өніп келеміз.Елбасымыздың бастауымен Ауданымыз жаңадан құрылғанда, бастапқы кезеңде көптеген қиыншылықтарды халықпен етене жұмыс жасай отырып өзіңіз бастай, біз қолдау көрсете бірге жеңіп шықтық. Қазіргі таңда Аллаға шүкір, болашағымыз балалар үшін жаңа мектеп те, балабақша да, емханалар да бар. Өзіңіздің халыққа жақын, адамгершілігі мол, білімді де білікті басшы екеніңізді жылдар бойғы аудан үшін аудан тұрғындары үшін, қарапайым қазақ отбасылары үшін, өсіп келе жатырған ұрпақ үшін, төккен тер, адал еңбегіңіз дәлеледеп бере алды. Жақсының жақсылығын айт Нұры тасысын дегендей өзіңізден көп қолдау мен көмек көріп келеміз. Алла тағалам халқына сіздей ұл сыйлаған, жақсы тәрбие беріп өсірген анаңызға екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін! Өзіңізге және отбасыңызға бақ-береке, көптеген қайырлы жақсылықтар берсін. Әрбір ісіңізге сәттілік, береке берсін. Абырой беделіңіз асқақтай берсін! Сіздің көптеген жақсылықтарыңызға өз басым куә болғасын осындай ыстық лебіз білдірмей кете алмадым. Ал, енді сұрағыма оралатын болсам жас отбасы болса да көп балалы алтын алқа иегері мемелкеттік тұрғын үйге қай бағдарлама бойынша қол жеткізе алады. Мемлекеттен балалары үшін тағы қандай қосымша көмектер болады. Мектеп жасындағы балалары үшін қандай көмектерге құқыға бар. Соңғысы осыдан 2 жыл бұрын аналары абайсызда оң қолына ауыр жарақат алған, операция сәтсіз болып оң қолының екі саусағы жансызданып иілмей қалған, 3 топ мүгедектігін ала алмай отыр. Осы сұрақтарыма өзіңізден кеңес, заңдарға сүйенген сауатты жауап алсам деймін. Өзіңізге үлкен рахмет! Ауданымыз өсіп өркендей берсін! Еңбегіңіз жансын! Үлкен құрметпен аудан тұрығыны Лаура

Жауап

Аты : Лаура Фамилия: Салықжан Әкесінің аты : Шалқыбекқызы E-mail: Isalykzhan@mail.ru № Л-38 Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2016 жылғы 19 қаңтардағы әкімнің интернет-ресурсына келген хатыңызды қарастырып келесіні хабарлайды: Хатыңызда көрсетілген мемлекеттік тұрғын үй кезегі туралы сұрағыңыз Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасына, ал мүгедектік алу жөніндегі сұрағыңыз аудандағы № 22 қалалық емханаға Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес, қарастырылуға жіберілгендігін хабарлаймын. Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпаратына сәйкес, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалады. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (28.04.2015 ж) сәйкес көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша он сегіз жасқа дейінгі жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: 1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, оралмандар үшін-оралман куәлігі; 2. Баланың туу туралы куәлігі не туу туралы акті жазбасынан үзінді; 3. Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген кезде, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік; 4. Құжаттардың түпнұсқалары негізінде толтырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер; 5. Отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер, оның ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер және 4-қосымшаға сәйкес нысанда қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер; 6. Отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат. Мемлекеттік жәрдемақылар бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіне аласыз. Мекен-жайы: Шаңырақ-2 ықшамауданы, Жанқожа батыр көшесі,26. (2-қабат), тел:395-36-40.

ТКШ 10.01.2016 Гулнара

Сәлеметсіз бе!Қасым Шәріпова көшесінің 137 үйдің жол бойы өскен ағаштар антисанитариялық жағдайда,жолда соғылған аң құстың өліктерін тастайды және арасы қоқыс толған.Осы ағаштарды қырқып алып тастауға болмай ма?

Жауап

Жауап: Алатау ауданы әкімі аппаратының сайтына 2016 жылғы 11 қаңтарда келіп түскен №Г-260 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз: Ақбұлақ ықшамауданы Қасым Шәріпов көшесі, 137 үйдің маңындағы қоқысты мердігер мекеме тарапынан тазалау жұмыстары жүргізілді. Ағаштарға санитарлық қырқу жұмыстары, 2016 жылдың жұмыс жоспарына енгізілгенін хабарлаймыз. ОРЫН: А. Бауыржанова тел: 299-86-33

ТКШ 18.12.2015 Ермек

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Ақбұлақ ы/а, Қасым Шәріпов көшесіндегі № 120-185 үйлер мемлекет қажеттілігі үшін сүрілуге (сносқа) кетедіма? Жауап күтемін!

Жауап

Жауап: Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы хатыңызды қарастырып, ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңның 7 бабы, 6 тармағына сәйкес Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

Другое 18.12.2015 Ольга

Добрый день, вопрос состоит в том, чтобы убрали спиленные ветки по улице Ахрименко между Аксайской и Рыскулова, иногда мы не можем на своей машине заехать к себе домой т.к. многие паркуют свои машины у наших ворот, т.к. вдоль пловины Ахрименко лежат ветки спилиных деревьев, т.к. их спелил сосе

Жауап

Ответ: Аппарат акима Алатауского района, рассмотрев Ваше обращение за № О-241 от 22.12.2015 года, поступившее на веб-сайт акима Алатауского района города Алматы, сообщает следующее: Инспекторами отдела охраны окружающей среды и экологии был организован выезд на место, где было установлено, что на самом деле ветки деревьев складируют соседи, которые обязуются убрать их до 28 декабря текущего года. А также сообщаем, в случае нарушений правил благоустройства, санитарной очистки, соблюдения чистоты и организации уборки обращаться в отдел благоустройства аппарата акима Алатауского района г. Алматы (каб.310) или по телефону 299-86-33

Экономика 08.12.2015 Айгүл

Құрметті Бағдат Сайланбаевич! Менің үйімнің қасында биік-биік теректер бар,оны өз бетімізбен кесуге рұқсат жоқ. Ағаштың биіктігі және жоғарғы вольтты бағаналардың қауіптілігі мені қатты алаңдатады. Қатты жел соққанда ағаштың бұтақтары сынып, үйдің іргесіндегі моншаның шатырын және жеміс ағаштарын сындырады. Бір күні кәрі ағаш құлап үйімізді, бала- шағаны басып қалама деп қорқамыз. Құрметті әкім мырза,Сізден сұрайтыным осы мәселені әкімшілік тарапынан шешіп берсеңіз екен. Кейбір отбасылар өз қалталарынан ақша шығарып, белгілі мекемеден рұқсат алып кестіріп жатыр, Ал менің ондай мүмкіндігім жоқ. Үш баланың анасымын.Жолдасымның тұрақты жұмысы жоқ. Екінші сұрағым-газ құбыры да үйдің іргесінен өтіп жатыр, бірақ қосылу құны тым қымбат-300000 тенге.Неге?

Жауап

Ответ: Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің Веб-сайтына 2015 жылғы 9 желтоқсанда келіп түскен № А-210 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз: Сіздің ағашты санитарлық кесу туралы сұрағыңыз бойынша, құзырлы мекеме Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы болып табылады. Сондықтан, сіздің хатыңыз жоғарыдағы аталған басқармаға қарастыруға және жауабын беру үшін жолданғанын хабарлаймыз. Теректі ықшамауданында газ құбырына қосу сұрағымен мердігер мекеме "Тәуекел-Н-Алғабас" ЖШС айналысады. Аталған аумақта газдандыру жұмысы 219 000 (екі жүз он тоғыз мың) теңге көлеміндегі бағамен көрсетілуде.

ТКШ 02.12.2015 Гүлназ

Құрметті Әкім мырза! № 1 мәселе. Біз Алматы қаласы Ұлжан ықшам ауданы №152 мектеп-гимназиясының екінші сынып оқушыларының ата-аналарымыз. Мектебіміз қазіргі заманға сай мектеп, іші мұнтаздай таза, асханасы, акт залы, спорт залы, жалпы айтқанда баланың толыққанды оқуына арналған барлық материалмен жабдықталған. Бізді, яғни бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарын алаңдататын бір мәселе туындап тұр. Бұл балалардың дәретханасы. Мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған дәретханалар стандартқа сай емес деп ойлаймыз. Өйткені дәретханаларда қойылған унитаздарға балалар отыра алмайды. Өзіңіз білетіндей Ұлжан ауданында қарапайым қазақ отбасылары тұрады. Кішкентай балалар дәретханаларға бара алмай жүр. Біздің ойымызша қоғамдық балалар оқитын жерде ондай дәретхана болмауы тиіс. Осы мәселе ең өзекті мәселенің бірі болып тұр. Құрметті әкім мырза Сізден өтініп сұрайтынымыз, балаларымыз үшін осы мәселені оңынан шешіп беруіңізді сұраймыз. №2 мәселе. Жеке өз басым Ұлжан-1 ықшам ауданы Балқұдық көшесінде тұрамын. Көшемізге асфальт төселген. Бірақ Балқұдық көшесі орталық Жалайыр көшесіне шығатын негізгі жол болғандықтан, тұрғындар осы жолмен қатынайды. Осы жолдың тура ортасында үнемі жаңбырдың, қардың салдарынан жиналып қалатын су бар. Бұл су жаяу жүргіншілердің әсіресе балалардың жолын ауырлатып тұр, мектепке аяқтары шылқылдаған су болып барады. Осыған байланысты Балқұдық көшесінің тұрғындарының атынан шара қолдануыңызды сұраймын.

Жауап

Жауап: Сіздің "Ұлжан" шағынауданының №152 мектеп оқушыларының ата-аналарының Балқұдық көшесінде арық жүйесін салу бойынша қойған сұрағңызға төмендегіні хабарлаймыз. Алатау ауданы бойынша су басқан бірқатар көшелерде арық жүйесінің құрылысын салу үшін 2014 жылы жобалау сметалық құжаттамалары дайындалды.Дайындалған жобалау сметалық құжаттаманың құрамында "Ұлжан" шағынауданының көшелерінде арық жүйесін салу қарастырылмаған. орындаған: А. Сарбаева тел: 262-36-77

Сырт 28.11.2015 Мажбиева

Мен Шаңырақ-2 ықшам ауданының зейнеткерімін. Аристов көшесінің тұрғынымын. Аристов көшелерінде көшенің светтері жоқ.Осы жағдайды қарауларынызды өтінемін! Аристов көшесінің тұрғындарынан!!!!

Жауап

Ответ:Алматы қаласы әкімінің Веб-сайтына 2015 жылғы 7 желтоқсанда келіп түскен №М-209 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймын: Алатау ауданы Шаңырақ-2 ықшамауданы, Аристов көшесі бойынша жанбай тұрған көше жарығы жөнінде "Алматы қАла Жарық" АҚ (Рысқұлов даңғылы, 51 тел. 384-39-41) тапсырыс берілді.

Страницы: Пред. 1 ... 8 9 10 11 12 ... 17 След. Все