АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
9 мамыр  - Жеңіс күні!

09.05.2018

9 мамыр - Жеңіс күні!



05.05.2018

Батыр аналар «Күміс алқамен» марапатталды



01.05.2018

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні


Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

Сырт 27.07.2015 Асима

Құрметті әкім мырза! Менің сізге қояр сұрағым мынадай, Теректі ықш.ауд-ғы Мектеп көшесінің бойына шам орнатуыңызды өтінемін, ол көшенің бойында кішкентай балалар көп және кешке жұмыстан қайтқанда жолдың бойы тым қараңғы, бұрын гараждың жанымен елдер кешке таман өтетін ,қазір гараждың жаны қоршалғалы бері (өз жерінің қожайыны)жолды айналып өтуге мәжбүр елдер.

Жауап

Жауап: Алатау аудан әкімдігі сіздің хатыңызды қарастырып келесіні хабаралайды: Сіздің сұрағыңыз бойынша "Алматы Қала Жарық" мекемесі жауапты болғандықтан аталмыш хат сонда жіберілді. Ответ: Алматы Қала Жарық-По данному адресу, г. Алматы, Алатауский района, микрарайон Теректы, улица Школьная, требуется разработка проектно-сметной документации на строительство линий наружного освещения. Согласно Вашего письма, указанный адрес внесен в реестр для разработки ПДС под номером 0024 от 10.08.2015г.

ТКШ 24.07.2015 Жәнібек

Құрметті әкім !!! Менің сұрағым, Шаңырақ-1 ықшам ауданындағы Өтемісұлы көшесі бойында ( мектеп аялдамасы мен үлкен Алматы айналма тас жолы аралығы) көше шамдарының болмауына байланысты. 1)Алдағы уақытта көше шамдарын орналастыру жоспарда бар ма? 2) Осы уақытқа дейін болмау себебі?(осы аралықта параллель орналсқан көшелерде орналастырылған) Пы.Сы. Нақты жауап алам деген сенімдемін... Құрметпен Сағит Жәнібек

Жауап

Ответ Аппарат акима Алатауского района, рассмотрев Ваше письмо, поступившее на сайт акима сообщаем следующее: По Вашему вопросу компетентными органом является "Алматы Қала Жарық" в связи чем, ваше обращение было перенаправлено для рассмотрения и ответа вышеуказанный орган.

Саясат 23.07.2015 Смақов Нұрбол

Салеметсіз бе! аса құрметті Бағдат Сайланбайұлы біз шаңырақ 2 ықшам ауданы Сарыжаз көшесінен оңға сайға қарай түскендегі Ысқақов көшесінің тұрғындарымыз. Біздің көшеде асфальт жоқ көктем айларында және жаңбыр жауған кездерде жүру мүмкін емес, толарсақтан саз кешіп, балшық боламыз мектепке балаларымыздың барып келуіне өте қиын. Оның үстіне бізде канализацияда жоқ, бұл жер гидроморфты жер асты су деңгейі жақын болғандықтан әжетхананы тереңрек қаза алмаймыз, соған байланысты әртүрлі қалдықтар канализация жоқ болғаннан кейін сасып ауаға адам организіміне зиянды метан газы СН4 таралып, қоршаған ортаның экологиясын нашарлатады. Сондықтан сізге үлкен өтініш біздің көшеге канализация және асфальт жүргізіп беруіңізді сұраймыз.

Жауап

Ответ: Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің хатыңызды қарастырып, ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңның 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы автомобиль жолдары басқармасына жіберілгендігін хабарлаймыз.

Саясат 23.07.2015 Смақов Нұрбол

№ обращения: 1591 Имя: Смақов Нұрбол Фамилия: Смақов Отчество: Мырқасым E-mail: symavn@mail.ru Телефон:87022631617 Адрес: Ысқақов көшесі 32/19 Вопрос: Салеметсіз бе! аса құрметті Бағдат Сайланбайұлы біз шаңырақ 2 ықшам ауданы Сарыжаз көшесінен оңға сайға қарай түскендегі Ысқақов көшесінің тұрғындарымыз. Біздің көшеде асфальт жоқ көктем айларында және жаңбыр жауған кездерде жүру мүмкін емес, толарсақтан саз кешіп, балшық боламыз мектепке балаларымыздың барып келуіне өте қиын. Оның үстіне бізде канализацияда жоқ, бұл жер гидроморфты жер асты су деңгейі жақын болғандықтан әжетхананы тереңрек қаза алмаймыз, соған байланысты әртүрлі қалдықтар канализация жоқ болғаннан кейін сасып ауаға адам организіміне зиянды метан газы СН4 таралып, қоршаған ортаның экологиясын нашарлатады. Сондықтан сізге үлкен өтініш біздің көшеге канализация және асфальт жүргізіп беруіңізді сұраймыз.

Жауап

Отвеет получили Ваше письмо, достаточно один раз отправить. Ответ будет в течение 5 рабочих дней.

Сырт 23.07.2015 Смақов Нұрбол

Салеметсіз бе! аса құрметті Бағдат Сайланбайұлы біз шаңырақ 2 ықшам ауданы Сарыжаз көшесінен оңға сайға қарай түскендегі Ысқақов көшесінің тұрғындарымыз. Біздің көшеде асфальт жоқ көктем айларында және жаңбыр жауған кездерде жүру мүмкін емес, толарсақтан саз кешіп, балшық боламыз мектепке балаларымыздың барып келуіне өте қиын. Оның үстіне бізде канализацияда жоқ, бұл жер гидроморфты жер асты су деңгейі жақын болғандықтан әжетхананы тереңрек қаза алмаймыз, соған байланысты әртүрлі қалдықтар канализация жоқ болғаннан кейін сасып ауаға адам организіміне зиянды метан газы СН4 таралып, қоршаған ортаның экологиясын нашарлатады. Сондықтан сізге үлкен өтініш біздің көшеге канализация және асфальт жүргізіп беруіңізді сұраймыз.

Жауап

Все

Саясат 22.07.2015 Жалғас

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Мен Алатау ауданының тұрғынымын. Ауданымның көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді. Ел басымыздың алға қойған жоспарларын орындау мақсатында, ауданымызда Жастар саясаты жанынан қандай ұйымдар белсенді әрекет етуде?

Жауап

Жауап: Алатау аудан әкімдігінің интернет-ресурсына келіп түскен хатыңызды қарастырып келесіні хабарлаймыз: Бүгінгі күні Алатау ауданында "Н9р Отан" партиясының аудандық филиалы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты ауданның мәдени бұқаралық іс-шараларын ұйымдастыруда белсенді әрекет етіп, ауданның әлеуметтік -эканомикалық дамуына белсенді үлес қосып келеді. "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы Б. Рамазан, кеңсесі Алматы қаласы, Раймбек даңғылы, 417 А мекен-жайдвғы Қазақ автомобиль-жол академиясында орналасқан.

Сырт 21.07.2015 Гулим

Құрметті Алатау ауданының әкімі. Біз Алатау ауданы, 71 разъезд шағынауданы, Балқаш көшесінде тұрамыз. Біздің жер телімдеріміз 2014 жылдың аяғына қарай Қарасай ауданынан Алатау ауданына көшірілді. Осы орайда ауруханаға байланысты қиындықтар туындап жатыр. Біздің мекен жайымыз бойынша қай ауруханаға тіркелуімізге болатындығы жайында мәлімет беруіңізді сұраймын. Аяғым ауыр болғандықтан ауруханаға тіркелейін десем Рахат ауылының да, Шаңырақ ауылының да ауруханалары сіздердің мекен-жайларыңыз біздің қызмет көрсету аумағына кірмейді деп бас тартады. Ал жақын маңайдағы Қарасай ауданының ауруханасы өз тұрғылықты жерлеріңізге барып тіркеліңіз деп қуады. Тіркелу орның табалмай жүргеніме екі апта болды. Жеке меншік ауруханада жүктілігімді қауіпті деп қойып, тіркелген жеріңіз бойынша ем алыныз деп жіберді. Сонда баламды аман алып қалуым үшін қанша аурухананың есігін тоздыруым керек. Өтінішімді жауапсыз қалдырмай біздің аумақты бір аурухана құзіріне тапсырасыз деген үміттемін. Рақмет.

Жауап

Жауап: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 16 сәуірдегі №-798 "Алматы қаласының шекаралары туралы" Жарлығының заңды күшіне енуіне байланысты Рахат ауылы Алматы қаласы Алатау ауданының құрамына кірді. Осыған орай, Рахат ауылының тұрғындарына "Шаңырақ-2 " ы/а Жанқожа батыр көшесі, 193 мекен жайында орналасқан № 22 қалалық емхана қызмет көрсетеді, Сол себепті, Сіз тіркеуге тұру үшін №22 қалалық емханаға өтініш беруіңізге болады.

Сырт 15.07.2015 Жанерке

Алғабас ықшам ауданындағы аялдамаларға неге ресми атаулар берілмейді? төселген жолдарының барлығы жарамай қалды әсіресе 15, 14 үйдің ауласындағы және жанындағы құдықтардың бәрінің беттері ашық жатыр олар қашан жабылады. 15 үйдің жанына аллея түсірмек ойлары болған ғой деймін алайда ол да аяқталмаған. Алғабас 14 үйдің артына екі көлік иелері цементті ойып көліктеріне арналған орын жасап алды олардың құқығы бар ма оған. Ққоқыс тастайтын жәшікте сол 14 ү"дің артындағы арналған орында емес басқа жерде тұр Неге орнына қоймайсыңдар десем?- "Әкімшілік осы жерде тұрсын"-деп айтты дейді. Осы мәселелрді шешсеңіздер.

Жауап

Жауап: "Алматы тұрғын үй" ЖШС-гі аталған екі көлік иелері заңсыз орын жасаған адамдардың жеке тұлғаларын анықтап, оларға тұрақтың заңсыз орнатылғаны жайлы тиісті ескертулер айтылып, шара қолданылады. Сонымен қатар, 14 үйдік артындағы қоқыс тастайтын алаңның алдында жаңбырлы күндер су толып, қолайсыздық тудыру салдарынан қоқыс тастайтын жәшіктер уақытша басқа жерге орнатылып тұр. Аталған мәселеге байланысты Алматы қаласы Құрылыс басқармасына асфальт жамылғысын қалпына келтіру жөнінде ақпарат беріледі. Жоғарыда жолдау арызында көрсетілген бірнеше сұрақтар "Алғабас" ықшамауданындағы төселген жолдардың барлығы жарамай қалу әсіресе 14,15 үйдің ауласындағы және жанындағы құдықтардың бәрінің беттері ашық қалу жөнінде және де 15 үйдің аллеясының аяқталмағаны жайында Алматы қаласы Құрылыс басқарамасының құзырына кіретіндігін хабарлаймыз.

Саясат 01.07.2015 Инна

Здравствуйте! Подскажите пожалуйста, наша организация "Алматинский центр дополнительного профессионального образования" находится по адресу: пр. Райымбека 451а уг. Ахрименко. В мае месяце 2015 года, построили металлический пешеходный мост около нашего здания. Можем ли мы разместить рекламно- информационный плакат (наименование нашего центра и по каким профессиям мы обучаем) на этом мосту. Какие для этого нужны документы и куда обращаться. В Управлении архитектуры и градостроительства города Алматы, нам объяснили, что этот мост принадлежит Акимату Алатауского района, и надо брать разрешение у Вас. Так ли это?

Жауап

Ответ: Аппарат акима Алатауского района, рассмотрев Ваше письмо И-197 от 02. 07. 2015 года, поступившее на сайт акима Алатауского района г. Алматы, сообщает следующее: По вопросу размещения рекламно-информоционных плакатов на надземном пешеходном переходе Вам необхадимо обратится в КГП "Алматыжарнама" ул. Досмухамбетова, 89 А или по телефону: 292-97-94

Саясат 01.07.2015 Лазат

Құрметті Багдат Сайланбайулы. Сiзден отiнiп сұраймыз, Улжан -1 ықшам ауданы Акжазык көшесінің батысқа қараған жак жолы ортасынан соңына дейін асфальт жүргізілмеген. Сол жолды жасатып беруіңіздi отiнiп сұраймыз. Акжазык көшесінің тұрғындары.

Жауап

Ответ: Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы және Алматы қаласы Құрылыс басқармасы "Ұлжан-1" ықшамауданындағы көшелерге инжинерлік коммуникациялар желілерін жүргізу жоспарына байланысты, жол салу жұмыстары аталған ықшамауданда инжинерлік желілердің құрылыс жұмыстары толық аяқталғанан кейін жүргізіледі.

Сырт 30.06.2015 Макпал

Курметти Багдат Сайлаубайулы! Ужет ыкшам ауданында, Комсамол кошесинде асфальт жок, коктем укытында батпак, жазда шан. Асфальт тосуинизди оттинемиз.

Жауап

Ответ: Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы және Алматы қаласы Қүрылыс басқарамасы"Өжет" ықшамауданындағы көшелерге инжинерлік коммуникациялар желілерін жүргізу жоспарына байланысты, жол салу жұмыстары аталған ықшамауданда инжинерлік желіленр жұмыстары толық аяқталғанан кейін жүргізіледі.

ТКШ 30.06.2015 Ләззат

Сәлеметсіз бе! Алғабас ауылы, Жаңа құрылыс көшелеріндегі қоқысты жинайтын ИП Ахметкалиевқа қатысты шара қолдануыңызды сұраймыз. Қоқыстардың алынбағанына бір айдан асты. Рахмет.

Жауап

Ответ: Алатау ауданы әкімі аппараты Сатына 2015 жылғы 1- шілдеде келіп түскен Л-195 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз. Алатау ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің, аудандық экологиялық инспекция мамандарымен Алғабас ықшамауданы, Жаңа құрылыс көшесі бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын мекеме "Ахметкалиев" ЖК-не түсінік жұмыстарын жүргізіліп, ескерту жасалды. Қазіргі таңда, аталған мәселе Алатау ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің және аудандық экалогиялық инспекция мамандарының бақылауына алынды.

ТКШ 30.06.2015 Ануарбек

Құрметті әкім мырза! Алғабас ауылына ауыз су келгелі 10-12 жылдың көлемі болды. Осы аралық бойынша аптаның әр сейсенбі күні сағат 09:00-18:00 аралығында су өшіріледі. Себебін сұрағанымызда тазалық жүргізілетінін айтады. Қалалық аймақта еш су өшірілместен бұл тазалық жасалалы. Сонда неге бізде су өшіріліп тазалық жасалуы керек? Жауабыңызды күтеміз.

Жауап

Жауап: Алатау ауданы әкімінің аппараты Сіздің 2015 жылғы 01шілдедегі келіп түскен хатыңызды қарастырып келесіні хабарлайды. Коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандармен орынға шығып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде "Ал5абас" ТК төрағасынан түсініктеме алынды. Кооператив тұрғындарының жиналысында хаттама толтырылып аптасына бір рет ауызсуды өшіріп, су құбырларындағы жөндеу және тазарту жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданған. Сол себепті, Алғабас ТК тарапынан Әр аптаның сейсенбі күні су өшіріліп апта бойы жөндеу жұмыстарын қажет еткен. қызметтерді және ауыз суға қарызы бар тұрғындарды судан ажырату мақсатында шешіміне сәйкес жүргізіліп, отырғандығын мәлімдейміз. Сонымен қатар "Алгабас" ТК жұмысына қанағаттанбаған жағдайда Сізге сот орындарына жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз.

ТКШ 22.06.2015 Динара

Құрметті Әкім!Біз Алматы Қаласы ,Алатау ауданы ,алғабас ауылында тұрамыз.Рамазан айы басталды.Үйде бір инвалид бір үлкен кісі бар бәрі ораза ұстайды.Бізде түнгі 2:00де су өшіп келесі күні кешкі 21:00 су қайта келеді.Күні бойы сусыз отырамыз.Судың акшасын толық төлеп отырмыз,неге бізде су жоқ.неге жеке меншік жерден келеді суымыз?Жағдайымыз қиын бізге көмектесіңізші.

Жауап

Жауап: Алатау ауданы әкімінің аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып келесіні хабарлайды. Коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарымен "Алғабас" ТК төрағасымен құқықтық-тұсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде анықталғандай аталған аумақта ауыз судың болмауы Ақсай көшесінде орналасқан №611 су ұңғымасында сору қондырғысының істен шығуынан болған. Қазіргі таңда аталған ұңғымадан сору қондырғысы ауыстырылып, ауызсу беру қалыпты жағдайда жүргізілуде. Сонымен қатар, "Алғабас" ТК жұмысына қанағаттанбаған жағдайда Сізге сот орындарына жүгінуіңізге болатынын хабарлаймыз.

Саясат 19.06.2015 Жұлдыз

Саламатсызба құрметті Бағдат Сайланбайұлы. 1-ден, алғысымды білдіргім келеді. Газ, су, жол, шамшырақ, т.б. халыққа керекті игі атқарып жатқан қызметіңіз үшін. Менің сұрағым, 2-Шаңырақ бойынша бір ғана мектеп бар №26 (Біз Аманшина көшесінде тұрамыз, жаяу жүру өте алыс. Мектеп 3 сменмен жұмыс істейді. Уйде уш бала бар, бастауыш сынып және Алла бұйыртса нолевой әрқайсысын апарып әкелу керек, жол ақысы бар дегендей) Рыскулова- Петровадан бастап, 26мектепке дейін аралықта мектеп жоқ. Акимат тұсынан, әлде осы аралықта мектеп салу жоспарда барма? Бар болса қай жерде және қай уақытта басталып, қай уақытта ашылады? Жауап күтемін. Рахмет!

Жауап

Жауап: Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2015 жылғы 22 маусымындағы №Ж-173 келіп түскен хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңның 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

Сырт 17.06.2015 Жаркынгуль

Алатау ауданының әкімі Б. Мәнізоров мырзаға Арыз Осы арызым арқылы Сізге төмендегі жағдайларды мәлімдей отырып, ҚР-ң қолданыстағы заңнамалары аясында негізделген шаралар қолданып, тиісті әділ жауап және нақты щешім қабылдайды деп сенемін. Мен Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас ықшам ауданы Р. Иляшев көшесі № 8 үйдің (меншік иесі) тұрғынымын. 2012 жылдан бері осы мекен жайда тіркелгенмін және тұрамын. 2014 жылдың жаз айынан бері жанымдағы көрші участокының жарты (5-соткасына) бөлігіне құжат бойынша кімнің иелігінде екенін біле алмадым, келіп үй сала бастады. Соңында қазіргі жағдайы осындай: жер төле (подвал) және 3-қабат, оған қоса мансард, жалпы алғанда 5- қабаттан тұратын ғимарат тұрғызылып жатыр. Бүгінгі таңда менің үйіме күн сәулесінің түсуі нашарлап, көлегейлі көлеңкеде қалып тұр. Бұдан әрі үйімді ыза тартып, ылғалданатын түрі бар. Алматы қаласында жер сілкінісі жиі болатынын ескерсем салынып жатқан ғимараттың биіктігінен үйіме «құлап кетеме» деген қорқыныш үреймен отырық. Жанұямның қауіпсіздігіне қатты алаңдаймын. Салынып жатқан құрылыс менің үйіме жақын ара-қашықтықта орналасқан. Осындай кішкене участокке екі қабаттан артық тұрғын үй салудың СНиП сай келетінін және оған рұқсат берілуі және оны заңдастыру кезіндегі көршінің келісімі (нотариалдық куәландыру) т.б. әрекеттердің қаншалықты сақталып, құрылыстың заңды жүргізіліп отырғаны туралы мәліметпен хабардар етсеңіз деймін. Өйткені, мен бұдан да басқа инстанцияларға шағымданатынымды ескерткім келеді. Себебі, құрылыс жүргізуге қатысып жүрген бригадирдің айтуынша, салынып жатқан құрылысты заңдастыру құжаттары әзірленуде, ол жағымнан ешқандай мәселе болмайтынын, мәселенің қалай шешілетінің ауызша түрде жасырып отырған жоқ. Менің Сізден өтініп сұрайтыным – осыншама 5-қабатты ғимараттың, ауданы 5-соттық жерге жүргізілуінің қаншалықты заңды немесе заңсыздығын тексеріп беруіңізді, егер заңсыз болған жағдайда құрлысты тез арада тоқтатуыңызды өтінемін. Аудандық әкімдік тарапынан қолданылатын тексерулер, шаралардың нәтиежесін қолданыстағы «Арыз-шағымдарды» қарау туралы және оның заңмен реттелген мерзімі ішінде қарастырып, жауап беруіңізді сұраймын. Менің бұзылған құқықтарымен бостандықтарымды қалпына келтiруге бағытталған шаралар қабылдайды деп сенемін. Арыз иесі: Ж. Алдамбергенова тел: 87017830545 87012224940

Жауап

Жауап: Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2015 жылғы 17 маусымдағы №Ж-169 келіп түскен хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы мемілекеттік сәулет-құрылыс басқармасына қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

ТКШ 16.06.2015 Санат

Шаңырақ1 ық/ауданына кіре берсінде Өтеміс ұлы көшесі басталған жерден бастап, 3 айдан аса көше жарығы жоқ. "Көше жарығының" дисперчерлік қызметіне тел. 384 39 42 бірнеше мәрте тапсырыс берген едім, олар "қараймыз" деп жауап берген. Содан әлі қарап келе жатыр. Бүгін 16.06.2015 Алатау ауданы бойынша көше жарығының басшысымен хабарластым тел 3843938. Ол кісіде қараймыз деп жауап берді. Осы мәселенің шешуін тауып беруіңізді сұраймын.

Жауап

Жауап: Алатау ауданы әкімі аппаратының Веб-сайтына 2015 жылдың 17 маусымында келіп түскен №С-168 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз. Шаңырақ-1 ықшамауданы, Өтемісұлы көшесіндегі көше жарығын қосу мәселесі бойынша, "Алматы Қала Жарық" мекемесіне тапсырыс берілді. Аталған мекен-жай бақылауға алынды.

Другое 10.06.2015 Айгуль

Уважаемый Аким. До этого сообщения, я уже писала о проблемах в ЖК Алгабас. Вот сейчас прибегают дети и жалуются на то, что очередной житель нашего ЖК не то, что просто просил не играть около его дома, а обматерил их и пригрозил. Мы уже 2 раза вызывали участкового и писали заявление на жителей, кто ругал нецензурными словами детей. Сейчас тоже проведем работу по воспитанию взрослого, которого покинула нормальная речь из его уст. Таким образом, просим Вас помочь организовать футбольное мини поле на территории нашего городка их фонда Алатауского района. Во дворах г.Астана обустроены площадки по теннис, баскетбол, футбол. У нас также есть 4 площадки, КСК не делает свою работу по благоустройству городка. Просим провести встречу именно с Вами, вопросов очень много. Если мы не сделаем для детей площадки, кого мы можем тогда вырастить, ругая их нецензурной бранью обиженных судьбой людей.Спасибо, ждем назначение даты для встречи.

Жауап

Ответ: Аппарат акима Алатауского района города Алматы, рассмотрев Ваше письмо, поступившее за № А-158 от 11.06.2015 г. сообщает следующее: Сотрудниками отдела коммунального хозяйства с председателем КСК «АлСамЖас-Тумар» была проведена право-разъяснительная работа А так же сообщаем, что сотрудниками аппарата акима Алатауского района проводится работа по приглашению компетентных служб по вопросу оборудования футбольного поля на территории ЖК «Алгабас». Достигнута договоренность что, выездное совещание по вышеуказанному вопросу будет организовано 22 июня в 17:00ч.

ТКШ 07.06.2015 Фархад

Салеметсиз бе! Шанырак-1,Отемис-улы кошесинин бас жагындагы коше жарыктары неге жанбайды?

Жауап

Жауап: Алатау ауіданы әкімі аппаратының сайтына 2015 жылдың 8 маусымында келіп түскен хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз; Шаңырақ-1 ықшамауданындағы, Өтемісұлы көшесінің бойындағы жанбай қалған көшежарық лампылерін ауыстыру бойынша "Алматы Қала Жарық" акционерлік қоғамына тапсырыс берілді.

Сырт 05.05.2015 улжан

саламатсыз,мен алатау районы ,Северное кольцо кошесинен застойщик МТС ЛТД компаниясынан толыктай акшасына уй сатып алдым,уй бир болмеден ари балконнан турады,балконды жабуга болмайды,уй акт эксплуатациядан откен жок деп ескерткен,но мен кондиционер орнаттым,балкон аркылы ,енд застройщик кондиционерди алып тастаныз,фасадты булдиресиз деп жатыр,неге мен олар айткандай истеум керек,уйди толык акшасын отеп алдым,уй озимдики ,не истеуме болады???

Жауап

Жауап: Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты Сіздің 2015 жылғы 08 мамырындағы келіп түскен №у-116 Хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды. Солтүстік айналым көшесі бойында орналасқан №86/7 тұрғын үйді салушы құрылыс мекемесімен тұрғындар арасындағы 2014 жылғы 06 қыркүйектегі №/М сервистік қызмет көрсетудегі келісім шарттың 2 тармағы 11 тармақшасына сәйкес жоба авторының, құзырлы мекемелердің және құрылыс мекемесінің келісімінсіз тұрғын үйдің бастапқы келбетін өзгертуге болмайтындығы оның ішінде тұрғын үйдің қабырғасына салқындату құрылғыларын орнатпауы жайында көрсетілген. Сонымен қатар, аталған мәселені екі жақты болып ерікті түрде шешілмеген жағдайда сіз сот орындарына жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз.

Страницы: Пред. 1 ... 10 11 12 13 14 ... 17 След. Все