АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
9 мамыр  - Жеңіс күні!

09.05.2018

9 мамыр - Жеңіс күні!



05.05.2018

Батыр аналар «Күміс алқамен» марапатталды



01.05.2018

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні


Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

22.10.2014 Турсынай

Құрметті Бағдат мырза. Мен Алатау ауданында салынып жатқан пәтерлердің біріне үміткер болсам деймін. Ол жерде бәріне бірдей сатлылады ма, әлде жеңілдіктер қарастырылған ба? өтініш сіздерден, егжей-тегжейлі түсіндірсеңіз екен. мен екі жыл болды, тұрмыстан. қызым бар, учетта турады ауруханада. жолдасым да жалданып қара жұмыс жасайды. мен декретте болып жұмысқа енді шықтым, екі ай болды. енді менің жағдайым бойынша мен қай бағдарламаға және жеңілдікпен құжат тапсыра алам? көмек беріңіздерші, суық пәтерлерден ауыса ауыса қиын боп кетті.

Жауап

Алматы қаласының тұрғындарын әлеуметтік тұрғын үй қамтамасыз ету Алматы қалалық Тұрғын үй басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Сіз әлеуметтік тұрғын үй жөнінде толық ақпаратты Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе Алматы қалалық Тұрңын үй басқармасы арқылы алуыңызға болады.

15.10.2014 Еркін

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы, Шаңырақ -5 ықшам ауданыда шешімін таппай жатқан мәселе-Cу. Бізде су жоқ. Саялыда суда газ құбыры да бар. Судан қатты қиналдық. Ақшасы барлар 300 мыңнан су қаздырып жатыр.Су мәселесін шешіп берсеніз. Көп рахмет!

Жауап

Аппарат акима Алатауского района города Алматы, рассмотрев Ваше письмо поступившее за №Е-761 от 16.10.2014 года, сообщает, что Ваше письмо согласно п.6, ст.7 Закона РК "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц", направлено в Управление энергетики и коммунального хозяйства города Алматы для рассмотрение и ответа.

09.10.2014 Алғабас ықшамауданы тұрғындары атына

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Біз Алғабас ықшам ауданы тұрғындары Алатау ауданы әкімшілігіне, ЦОНға, барахолкаға қатынайтын автобус маршрутын сұраймыз.

Жауап

ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР, қазіргі таңда "Алғабас" ықшамауданында жүретін №8,115 автобус бұл бағытта қосымша қоғамды көлік ашу жөнінде қалалық жолаушылар көлігі басқармасына ұсыныс хат жолданды. Қазіргі таңда аталған мәселе жолаушылар көлігі басқармасында қарастырылуда.

09.10.2014 көккайнар тұрғындарынан

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Біз Көккайнар ықшамауданы тұрғындары автобус мәселесін шешіп беруіңізді сұраймыз. Бізге Шаңырақ ықшам ауданындағы №22 емханаға, әкімшілікке, Цонға, Алғабас ықшамауданындағы мектепке және конертзалына, магнум сауда уйіне, барахолкаға қатынау үшін автобус маршрутын шығаруыңызды сұраймыз.№124,253, 10 маршруттағы автобустарға отыру мумкін емес, себебі олар Боралдай кентінен толып келеді.

Жауап

ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР, қазіргі таңда "Көк -қайнар" ықшамауданында жүретін №124,253,10 автобус бұл бағытта қосымша қоғамды көлік ашу жөнінде қалалық жолаушылар көлігі басқармасына ұсыныс хат жолданды. Қазіргі таңда аталған мәселе жолаушылар көлігі басқармасында қарастырылуда.

08.10.2014 Майгуль

Құрметті Бағдат Мәнізоров мырза! Біз І- Шаңырақ Егемен көшесінде орналасқан 23-24-25-26 үй тұрғындары сізден көмек сұраймыз. Көшеге арық салынбаған, Егеменнің бас жағында бар бұрылып кеткен, бізге Бабыр, Өтемісұлы көшелерінен су тоқтамай ағып келіп, жиналады. Үйімізді су басып жатыр. Үлкен Рахмет айтар едік. Балалар өте алмайды, үйге су кіріп жатыр. Көмектеседі деп сенеміз.

Жауап

Құрметті Майра, Алатау ауданы әкімі аппаратының Веб-сайтына 2014 жылдың 9 қазанында келіп түскен №М-739 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймын; Хатыңызды көрсетілген мәселе бойынша құзырлы мекеме Алматы қалалыұ табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы болғандықтан, Сіздің хаттарыңызды әрі қарай қарастыру және жауабын беру мақсатында жоғарыда аталған мекемеге қарастыру үшін жіберілгендігін хабарлаймын.

08.10.2014 Исмаилов Абдибек

Саламатсыз ба? Мен Алатау ауданы Көкқайнар ық.ауданы тұрғынымын. Казіргі уақытта болып жатқан құжаттарды рәсімдеу бойынша легализацияға құжаттарды өткізейік десек үйдің тех.паспортқа 1600 тг. Техник шықса оған 16 000 теңге, топлосемкаға 17 000 теңге тағы басқа да төлемдер жетіп жатыр. Сондағы құжаттарды рәсімдеу бойынша легализация дегеніміз қайда? Ондай ақшамыз болса осы уақытқа дейін отырмайтын едік. Елбасымыздың осы мүліктерді заңдастыруға шыққан заңына қуанып құжат рәсімдейік дегенімізде, алдымыздан қыруар төлем ақылар кездеседі. Осы құжаттарды рәсімдеу бойынша легализация дегенді түсіндіріп жіберсеңіздер екен? Қандай жеңілдікте бар? Рахмет!

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің келіп түскен хатыңызды қарастырып, төмендегідей хабарлайды. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға оларың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 1-бабының 2 тармағына сәйкес, мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген не тиісті емес тұлғаға рәсімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі болып табылады. Аталған заңның 7-бабының 12 тармағына сәйкес, жария етілген мүлікті рәсімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығысты жария ету субъектілерді дербес өзі төлейді. Сонымен қатар, заңның 13 бабының 1 және 2 тармақтарындағы жауапкершілікті қоспағанда, Заңның 14 – бабына сәйкес, мүлікті жария ету субъектілерді мүлікті жария ету кезінде мынадай жауапкершіліктен босатылады. 1. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілеріне қатысты көзделген қылмыстар бойынша қылмыстық істер қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық істер Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатылуға жатады. 2. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілеріне қатысты көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істе қозғалмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттар не уәкілетті орган қарамаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатылуға жатады.

02.10.2014 Жұмабаева Әсел Нұрланқызы

Қайырлы күн, құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Мен Алғабас -6 ықшамауданы, 1/12 үй, 1 пәтердің тұрғынымын. Біздің үй биыл ғана берілгенімен үйдің астында көп мөлшерде су жатыр. Суды тазалау үй салушы компанияның ТОО "РемБУС", компания өкілі Зангибеков Е.М. 87025478316 міндеті бола тұра, олардан еш көмек болмай жатыр. Үйде әлі ыстық суда жоқ. Компания өкіліне хабарлассақ күнде ертең тазалаймызбен бізді ала жаздай алдап келді. Осы мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймын !

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2014 жылғы 06 қазандағы №Ж-726 келіп түскен хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Құрылыс басқармасы, Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын инспекциясы басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз. Сіздің Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің атына жолдаған арыздарыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз. «Алғабас» ықшамауданындағы № 1/12 үйдің құрылысын жүргізген мердігер компания «Рембус» ЖШС-не ағымдағы жылдың 30-на дейін үйдің жертөлесіндегі құрылыс қоқыстары және суды тазалауға тапсырма берілді. Алатау ауданы әкімдігінің веб-сайтына Алғабас-6 ықшам ауданындағы 1/12 үйдің 1-ші пәтерінің тұрғыны Жұмабаевадан келіп түскен хатына байланысты анықтау жұмыстары жүргізілді. Анықтау барысында хатта көрсетілген жағдайлар нақтыланды. Осы кемшіліктерді 2014.10.15-ші күніне дейін қалпына келтіруді тапсырамыз. Орындалмаған жағдайда тиісті шара қолданатынымызды ескертеміз.

26.09.2014 Жанна

Курметти Багдат Сайланбайулы Трудовик ,Коксу 19 кошесинде туратын коп балалы анамын.Баламнын улкени алтыншы сыныпта окиды, мектебимизден коп балалы жануяга берер комек ала алмай отырмыз .Коптеген кужат жинауды талап етип отыр.Балаларымнын пропискасы жок оиткени уйимиздин кужаттары али зандастырылмады (госакт.техпаспорт бар) Али жугирип журмиз битер емес .Коп балага беретин комекти де ала алмаймыз барган жерде прописка сурайды.Сол себепти сизден отине комек сураймын уйимиз зандастырылганша уакытша пропискага турсак бола ма? жеримизден прописка сураиды

Жауап

Құрметті Жанна, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің келіп тұскен хатыңызды қарастырып, төмендегіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы №631 «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Бұйрығына сәйкес, азаматтарды тіркеу олардың тұрғын үйді мешігіне сатып алғанын растайтын немесе оны пайдалаунға алғанын куәләндыратын құжаттардың негізінде, оның ішінде жалға алу, қосымша жалдау туралы келісімшарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша оларға тұрғын үйге тұруға құқық беруші шарттар бойынша, сондай-ақ тұрғын үй иесінің жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай, үйлеріңізді заңдастырып тіркеуге тұруларыңыз қажет. Сонымен қатар, Сізге мәлімет ретінде бүгінгі күні Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйес, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығына тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлерді (құрылыстар, ғимараттар) жария ету жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлайды. Мүлікті жария ету бойынша толық ақпаратты мына мекен-жайдан: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Жаңқожа батыр көшесі, 26үй, 101 кабинеттен (тел:299 84 65, 299 86 64) білуге болады.

10.09.2014 Нұрсұлтан

Қайырлы күн, құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Мен 71 разъезд тұргынымын. 71 разъездтың оңтүстік бөлігі (яғни а/к жолының сол жақ беті "Жаңа құрылыс"), Алатау ауданының есебіне алынды ма? Нақты білмекші болып талай қоңырау шалдық, бірақ ешкім мардымды жауап қатпады. Себебін айта келсек, 71 разъездтың ішінен (жаңа құрылыс жағы) Қарасай ауданына қарасты "EFES" зауытынан Б.Момышұлы көшесіне қарай кәріз (канализация) құбырларын жүргізді. Жұмысты жасаушы ТОО "Передвижная-механизированная колонна 602", директоры Зайко Сергей Дмитриевич, ұялы тел: 87017553036. Құбырды салып болган соң, үстінгі қабатын жай сары топырақпен тегістеп кетті. Ол топырағымыз қазірде ми топыраққа айналып тобыққа дейн кешіп жүрміз, автокөлік жүргенде, жел тұрғанда аспанга көтеріліп өтіп бара жатқан адам сол шанмен еріксіз демалады, үстін шан кылып бүлдіреді. Қазған жерлері сай болып түсіп кеткен, топырағы көше ортасына дейін жайылды, Жаңбыр мезгілі басталса не боларын білмейміз. Мектеп оқушыларына тіпті қиын болды. Зайко Сергей Дмитриевичке, бір емес, бірнеше рет қоңырау шалып қазылған балласттың орнына қайта балласт төсеуін ескерттік, өтіндік. Дегенмен, ол кісі тек уәде берумен шектеліп отыр. Біреу бүлдіріп, ақшасын алып, ал біз неге бітпеген жұмыстын шаң-топалаң азабын тарту керекпіз деген оймен, сізден көмек сұрай жазып отырмыз. Егер 71 разъезд (Жаңа құрылыс жағы) қала есебіне алынса, ТОО "ПМК-

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі №Н-689 келіп түскен хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасына және Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз. Сіздің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі №Н-689 өтінішіңізге аталған мәселелерді қарау Басқарманың құзіретіне жатпайды, өйткені 71 разъезд мекенжайындағы жер учаскесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №798 «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығына сәйкес Алматы қаласының шегіне өтпеген.

04.09.2014 ернур

салеметсизбе,менде сизге коял сауабым:кейнги кезде акимат алдына киргизбей жур ,неликтен?сонда биздин бауыр-карындастарымыз коше бойында коликке кагылып ойынга шыгу керек пе?ондай болса ойын аланын ашыныз,оган дейн акимат алдына доп ойнауга руксат бериниз!

Жауап

Құрметті Ернұр,Алатау ауданы әкімшілігі ғимараты орналасқан аумақта балаларға арналған ойын алаңын салатын жер жоқ. Алатау ауданы әкімі аппаратының алдындағы алаңда тұрғындар тарапынан балаларын қараусыз қалдырып, әкімшілік ғимаратының терезе әйнектерін шағу, сондай-ақ өсіп тұрған гүлдердің жұлынып, қоқыстар мен т.б. қалдықтардың көбеюі жиі орын алуда. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау және алдын-алу мақсатында, сонымен қатар алаңда мемлекеттік мекемелердің көптеп шоғырлануына байланысты балаларға ойнауға рұқсат етілмейді.

26.08.2014 Ернур Даулетханулы 8 707 20 30 600

Курметти Багдад Сайланбайулы мен Ернур Даулетханулы Алатау ауданы Акбулак ыкшам ауданынын тургынымын. Мен 2007 жылы К.И Сатпаев атындагы КазУТУ -нын "жерге орналастыру " мамандыгынын акылы болиминде билим алдым, 2011 жылы 4 -курстын екинши жарты жылдыгынын акысын толей алмагансон оку орнынан оз еркиммен отиниш жазып шыгып калдым .Сизге сурагым кандай да бир мемлекеттик жастарды жумыспен камту багдарламасы бойынша жумыска туруга мумкиншилигим бар ма?

Жауап

Алатау ауданы әкімінң Веб-сайтына келіп түскен сұрақ бойынша Алатау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Сіздің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңіз анықталды. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-II «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңының 2 бабының 2 тармақшасына сәйкес Сіз кәсіпкерлікпен шұғылданғандыңыздан, жұмыссыз болып саналмайсыз.

14.08.2014 Қаракөз

Құрметті, Манзоров Бағдат Сайланбайұлы! Менің атым Қаракоз,Ұлжан-1 ықшам ауданының ,Байтас көшесінің тұрғынымын Біздің көшеміз мемлекеттік жоспар бойынша сносқа кеткенін білесіздер Біздің көшемізде жердің орнына жер алып,материалдық төлем ақы алмағандардың қатарындамыз Мәселемізді айтып әкімшілікке қанша бардық Қолдарыңда ГосАкт болмаған соң берілмейді деп түсіндірдіңіздер Үй салуға ешқандай мүмкіндігіміз жоқ,бізге несие де бермейді ,жұмыссызбыз Мемлекет тарапынан берілетін қандай да бір көмек бола ма екен Бізге берілген жер Қарасу ықшам ауданында Ол жерде светте, суда,жолда жоқ Мектептің басталатын уақыты да таяп қалды .Қарасу ықшам ауданының әлеуметтік мәселесіне көңіл аударуыңызды сұраймын. Осы Жарық жүргізуді,су тартуды,жол жургізуді қарапайым халық үшін әкімшілік тарапынан жүзеге асырып берсеңіздер. Қараңыздаршы Үй жоқ,жарық жоқ,су жоқ ,жолдың жағдайы мәз емес. Біз осындай қиын жағдайда қалып отырмыз Жауабын айтыңызшы,өтініш!

Жауап

Сіздің 2014 жылдың 18 тамыздағы № К-631 жолдаған хатыңызды қарастырып, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шарушаылық басқармасымен «Қарасу» шағынауданына инженерлік желілердің құрылысы жоспарланған. Осыған байланысты, аталған шағынауданда инженерлік желілердің құрылысы аяқталғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары қарастырылмағандығын хабарлаймыз.

14.08.2014 Қаракөз

Құрметті, Манзоров Бағдат Сайланбайұлы! Менің атым Қаракоз,Ұлжан-1 ықшам ауданының ,Байтас көшесінің тұрғынымын Біздің көшеміз мемлекеттік жоспар бойынша сносқа кеткенін білесіздер Біздің көшемізде жердің орнына жер алып,материалдық төлем ақы алмағандардың қатарындамыз Мәселемізді айтып әкімшілікке қанша бардық Қолдарыңда ГосАкт болмаған соң берілмейді деп түсіндірдіңіздер Үй салуға ешқандай мүмкіндігіміз жоқ,бізге несие де бермейді ,жұмыссызбыз Мемлекет тарапынан берілетін қандай да бір көмек бола ма екен Бізге берілген жер Қарасу ықшам ауданында Ол жерде светте, суда,жолда жоқ Мектептің басталатын уақыты да таяп қалды .Қарасу ықшам ауданының әлеуметтік мәселесіне көңіл аударуыңызды сұраймын. Осы Жарық жүргізуді,су тартуды,жол жургізуді қарапайым халық үшін әкімшілік тарапынан жүзеге асырып берсеңіздер. Қараңыздаршы Үй жоқ,жарық жоқ,су жоқ ,жолдың жағдайы мәз емес. Біз осындай қиын жағдайда қалып отырмыз Жауабын айтыңызшы,өтініш!

Жауап

Сіздің 2014 жылдың 18 тамыздағы № К-631 жолдаған хатыңызды қарастырып, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шарушаылық басқармасымен «Қарасу» шағынауданына инженерлік желілердің құрылысы жоспарланған. Осыған байланысты, аталған шағынауданда инженерлік желілердің құрылысы аяқталғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары қарастырылмағандығын хабарлаймыз.

13.08.2014 Ахметов Самат Мамырович, 87013300595

Құрметті әкім мырза, сізден өтініп сұрайтын мәселе Айгерім-2 ықшам ауданындағы (МТФ) жердің өртеніп жатқанына екі айдан артық уақыт болды. Өрт-сөндірушілер келеді кетеді. Олардың айтысы: бізідің шамамыз жетпейді, акиматтың көмегі қажет дейді. Ал халық болса зардабын көріп отыр. Аурушаң қарт адамдарды ауылға жібергенбіз. Оқу жылы болса басталайын деп қалды. Осы мәселеге өзіңіз араласып, мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз. Рахмет.

Жауап

Құрметті Самат, Алатау ауданы әкімі аппаратының Веб-сайтына 2014 жылдың 14 тамызында келіп түскен № А-630 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз: Әйгерім-1 ықшамауданы Боралдай өзені маңында қи мен құрғақ шөп өрті орын алды. Қазіргі таңда Алатау ауданының №5 өртке қарсы бөлімімен өртті сөндіру бойынша тиісті жұмыстар жасалып, тәуліктік кезекшілік атқарылуда.

10.08.2014 Амантай

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы!Шаңырақ-1 ықшам ауданындағы Өтемісұлы көшесінің жол бойындағы отырғызылған ағаштардың бұтақтары қаулап өсіп кеткендіктен және де тротуар болмағандықтан жаяу жүргінщілерге кедергі келтіруде және 169 мектептен төмен қарай 45-тің соңғы аялдамасына дейін түнде көше қараңғы,жарық бағаналары жоқ.Осы мәселені назарға алсаңыз

Жауап

Құрметті Амантай,алатау ауданы әкімі аппаратының Веб-сайтына 2014 жылдың 11 тамызында келіп түскен № А-624 хаты бойынша төмендегіні хабарлаймын: Қазіргі таңда Алатау ауданының ықшам аудандары бойынша, көше жарығына қажет ететін көшелерге жобалау сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеткеттік сарапатамадан өтті. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мәселесі қаралуда. Қаржы мәселесі шешілген жағдайда Шаңырақ-1 ықшам ауданы, Өтемісұлы көшесіне көше жарық желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймын. Сонымен қатар, ағаштардың штамбысын көтеру жұмыстары сәуір айында жүргізілді. Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, ағаштардың штамбысын көтеру жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек айланырнда жүргізіледі.

23.07.2014 Құралай

Теректі (Казмис) Алатау ауданына өтті деп хабарлады, Қарасай ауданының әкімдігі. Сол рас па? 1 қыркұйекте болатын легализацияға қатыса аламыз ба? Үйімізді заңдастыра алмай жүрміз. Рахмет!

Жауап

Құрметті Құралай, сіздің Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің Веб-сайтына келіп түскен хатыңыздағы сұрақтарыңыз бойынша төмендегіні мәлімдеймін. Қазіргі таңда Теректі ауылы толығымен Алатау ауданына өтті. Алдағы уақытта болатын құжаттарды рәсімдеу бойынша легализацияға қатысуға құқығыңыз бар.

29.06.2014 Нуржан

Курметти Аким! Биз Алгабас ыкшам аудан тургындары балаларымыздын кауипсиздигине аландаймыз. 36 уй алдына биреулер кешки 6-7 шамасында батут койып жур . Ол жерде ешкандай кауипсиздик шарасы жок. 30-40 бала секерип, мертигип жатканы каншама? Батутты алдыртуынызды сураймыз!

Жауап

Құрметті Нұржан, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңыз бойынша аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімімен және Ішкі істер басқармасымен бірлесіп рейд ұйымдастырды. Нәтижесінде, аудан аумағында балалар ойнайтын аттракциондардың, үрмелі батуттардың, сонымен қатар, су батуттарының анықталған жоқ екендігін хабарлайды.

06.06.2014 ЖӘНІБЕК

Ассаламаликум аудан әкімі Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы мен осы уақытқа дейін Манғыстау обл. Бейнеу ауданында, Нур Отан партиясында қызмет еттім. Қазір аудандық жастар саясат орталығында жұмыс жасаймын. Алатау ауданы Шаңырақ 2 ықшамауданына қоныс аударып жатырмыз. Сізден өтініш, мені жұмысқа орналастырып беруіңізді сұраймын.

Жауап

Құрметті Жәнібек, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, төмендегіні хабарлайды: Егер Сіз мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрғыңыз келген жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 06-7/33 Бұйрығына сәйкес тестілеу өтіп, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға жарияланған конкурсқа қатысуыңызға болады. Егерде мемлекеттік қызметке орналасқыңыз келмеген жағдайда, Сізге Алатау аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеуге тұруға болады. Толық мәліметті осы мекемеден алуығызға болады: Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ықшамауданы, Жанқожа батыр,26 үй., тел:393-63-77.

20.05.2014 Галымжан

Құрметті Әкім мырза! Біздің Алғабас ыкшам ауданы, Доспанов көшемізде шаң тозаң болып тұр, соған сізге үлкен өтініш көшемізді бір тазалатып газонды бір суартып қойсаныз. Әйтпесе кәшеміз тозып бара жатыр. Көшемізде 173 лицей орналаскан

Жауап

Құрметті Ғалымжан, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, төмендегіні хабарлайды: Мердігер мекеме «АВАН Құрылыс» ЖШС-не Алғабас ықшамауданындағы Доспанов көшесіне су себуге және ағаштар мен жасыл-желектерді суғару жұмыстарын жүргізуге тапсырыс берілгендігін хабарлаймын.

20.05.2014 Галымжан

Ассалям алейкум! Кұрметті Әким мырза! Мен, Алатау ауданы, Алғабас ыкшам ауданы турғынымын. Біздін Доспанов көшемізде күндіз түні машиналар қатты жылдамдықпен жүреді. 174 лицей мен 173 мектептін балалары көп жүреді. 7 мамырда бір машина бір кішкентай қызды соғып кетті, 19 мамырда тагы бір кишкентай баланы кағып кетті. Соған сізге үлкен өтініш көшенің әр жеріне жатпалы полицеский орнатуыңызды өтінемин

Жауап

Құрметті Ғалымжан, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні мәлімдейді: «Алғабас» ықшамауданы, Доспанов көшесінің бойындағы жол белгілерін орналастыру жөнінде Алматы қаласы жолаушылар көлігі басқармасына ұсыныс хат жолданды. Аталған мәселе қалалық жолаушылар көлігі басқармасымен қарастырылады.

Страницы: Пред. 1 ... 13 14 15 16 17 След. Все