АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Елордасы Астанаға 20 жыл!

06.07.2018

Елордасы Астанаға 20 жыл!



04.07.2018

Алатау ауданына 10 жыл!



25.06.2018

Алматыда «Ұлы Дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдениет фестивалі өтті


Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

10.09.2014 Нұрсұлтан

Қайырлы күн, құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Мен 71 разъезд тұргынымын. 71 разъездтың оңтүстік бөлігі (яғни а/к жолының сол жақ беті "Жаңа құрылыс"), Алатау ауданының есебіне алынды ма? Нақты білмекші болып талай қоңырау шалдық, бірақ ешкім мардымды жауап қатпады. Себебін айта келсек, 71 разъездтың ішінен (жаңа құрылыс жағы) Қарасай ауданына қарасты "EFES" зауытынан Б.Момышұлы көшесіне қарай кәріз (канализация) құбырларын жүргізді. Жұмысты жасаушы ТОО "Передвижная-механизированная колонна 602", директоры Зайко Сергей Дмитриевич, ұялы тел: 87017553036. Құбырды салып болган соң, үстінгі қабатын жай сары топырақпен тегістеп кетті. Ол топырағымыз қазірде ми топыраққа айналып тобыққа дейн кешіп жүрміз, автокөлік жүргенде, жел тұрғанда аспанга көтеріліп өтіп бара жатқан адам сол шанмен еріксіз демалады, үстін шан кылып бүлдіреді. Қазған жерлері сай болып түсіп кеткен, топырағы көше ортасына дейін жайылды, Жаңбыр мезгілі басталса не боларын білмейміз. Мектеп оқушыларына тіпті қиын болды. Зайко Сергей Дмитриевичке, бір емес, бірнеше рет қоңырау шалып қазылған балласттың орнына қайта балласт төсеуін ескерттік, өтіндік. Дегенмен, ол кісі тек уәде берумен шектеліп отыр. Біреу бүлдіріп, ақшасын алып, ал біз неге бітпеген жұмыстын шаң-топалаң азабын тарту керекпіз деген оймен, сізден көмек сұрай жазып отырмыз. Егер 71 разъезд (Жаңа құрылыс жағы) қала есебіне алынса, ТОО "ПМК-

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі №Н-689 келіп түскен хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасына және Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз. Сіздің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі №Н-689 өтінішіңізге аталған мәселелерді қарау Басқарманың құзіретіне жатпайды, өйткені 71 разъезд мекенжайындағы жер учаскесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №798 «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығына сәйкес Алматы қаласының шегіне өтпеген.

04.09.2014 ернур

салеметсизбе,менде сизге коял сауабым:кейнги кезде акимат алдына киргизбей жур ,неликтен?сонда биздин бауыр-карындастарымыз коше бойында коликке кагылып ойынга шыгу керек пе?ондай болса ойын аланын ашыныз,оган дейн акимат алдына доп ойнауга руксат бериниз!

Жауап

Құрметті Ернұр,Алатау ауданы әкімшілігі ғимараты орналасқан аумақта балаларға арналған ойын алаңын салатын жер жоқ. Алатау ауданы әкімі аппаратының алдындағы алаңда тұрғындар тарапынан балаларын қараусыз қалдырып, әкімшілік ғимаратының терезе әйнектерін шағу, сондай-ақ өсіп тұрған гүлдердің жұлынып, қоқыстар мен т.б. қалдықтардың көбеюі жиі орын алуда. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау және алдын-алу мақсатында, сонымен қатар алаңда мемлекеттік мекемелердің көптеп шоғырлануына байланысты балаларға ойнауға рұқсат етілмейді.

26.08.2014 Ернур Даулетханулы 8 707 20 30 600

Курметти Багдад Сайланбайулы мен Ернур Даулетханулы Алатау ауданы Акбулак ыкшам ауданынын тургынымын. Мен 2007 жылы К.И Сатпаев атындагы КазУТУ -нын "жерге орналастыру " мамандыгынын акылы болиминде билим алдым, 2011 жылы 4 -курстын екинши жарты жылдыгынын акысын толей алмагансон оку орнынан оз еркиммен отиниш жазып шыгып калдым .Сизге сурагым кандай да бир мемлекеттик жастарды жумыспен камту багдарламасы бойынша жумыска туруга мумкиншилигим бар ма?

Жауап

Алатау ауданы әкімінң Веб-сайтына келіп түскен сұрақ бойынша Алатау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Сіздің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңіз анықталды. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-II «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңының 2 бабының 2 тармақшасына сәйкес Сіз кәсіпкерлікпен шұғылданғандыңыздан, жұмыссыз болып саналмайсыз.

14.08.2014 Қаракөз

Құрметті, Манзоров Бағдат Сайланбайұлы! Менің атым Қаракоз,Ұлжан-1 ықшам ауданының ,Байтас көшесінің тұрғынымын Біздің көшеміз мемлекеттік жоспар бойынша сносқа кеткенін білесіздер Біздің көшемізде жердің орнына жер алып,материалдық төлем ақы алмағандардың қатарындамыз Мәселемізді айтып әкімшілікке қанша бардық Қолдарыңда ГосАкт болмаған соң берілмейді деп түсіндірдіңіздер Үй салуға ешқандай мүмкіндігіміз жоқ,бізге несие де бермейді ,жұмыссызбыз Мемлекет тарапынан берілетін қандай да бір көмек бола ма екен Бізге берілген жер Қарасу ықшам ауданында Ол жерде светте, суда,жолда жоқ Мектептің басталатын уақыты да таяп қалды .Қарасу ықшам ауданының әлеуметтік мәселесіне көңіл аударуыңызды сұраймын. Осы Жарық жүргізуді,су тартуды,жол жургізуді қарапайым халық үшін әкімшілік тарапынан жүзеге асырып берсеңіздер. Қараңыздаршы Үй жоқ,жарық жоқ,су жоқ ,жолдың жағдайы мәз емес. Біз осындай қиын жағдайда қалып отырмыз Жауабын айтыңызшы,өтініш!

Жауап

Сіздің 2014 жылдың 18 тамыздағы № К-631 жолдаған хатыңызды қарастырып, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шарушаылық басқармасымен «Қарасу» шағынауданына инженерлік желілердің құрылысы жоспарланған. Осыған байланысты, аталған шағынауданда инженерлік желілердің құрылысы аяқталғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары қарастырылмағандығын хабарлаймыз.

14.08.2014 Қаракөз

Құрметті, Манзоров Бағдат Сайланбайұлы! Менің атым Қаракоз,Ұлжан-1 ықшам ауданының ,Байтас көшесінің тұрғынымын Біздің көшеміз мемлекеттік жоспар бойынша сносқа кеткенін білесіздер Біздің көшемізде жердің орнына жер алып,материалдық төлем ақы алмағандардың қатарындамыз Мәселемізді айтып әкімшілікке қанша бардық Қолдарыңда ГосАкт болмаған соң берілмейді деп түсіндірдіңіздер Үй салуға ешқандай мүмкіндігіміз жоқ,бізге несие де бермейді ,жұмыссызбыз Мемлекет тарапынан берілетін қандай да бір көмек бола ма екен Бізге берілген жер Қарасу ықшам ауданында Ол жерде светте, суда,жолда жоқ Мектептің басталатын уақыты да таяп қалды .Қарасу ықшам ауданының әлеуметтік мәселесіне көңіл аударуыңызды сұраймын. Осы Жарық жүргізуді,су тартуды,жол жургізуді қарапайым халық үшін әкімшілік тарапынан жүзеге асырып берсеңіздер. Қараңыздаршы Үй жоқ,жарық жоқ,су жоқ ,жолдың жағдайы мәз емес. Біз осындай қиын жағдайда қалып отырмыз Жауабын айтыңызшы,өтініш!

Жауап

Сіздің 2014 жылдың 18 тамыздағы № К-631 жолдаған хатыңызды қарастырып, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шарушаылық басқармасымен «Қарасу» шағынауданына инженерлік желілердің құрылысы жоспарланған. Осыған байланысты, аталған шағынауданда инженерлік желілердің құрылысы аяқталғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары қарастырылмағандығын хабарлаймыз.

13.08.2014 Ахметов Самат Мамырович, 87013300595

Құрметті әкім мырза, сізден өтініп сұрайтын мәселе Айгерім-2 ықшам ауданындағы (МТФ) жердің өртеніп жатқанына екі айдан артық уақыт болды. Өрт-сөндірушілер келеді кетеді. Олардың айтысы: бізідің шамамыз жетпейді, акиматтың көмегі қажет дейді. Ал халық болса зардабын көріп отыр. Аурушаң қарт адамдарды ауылға жібергенбіз. Оқу жылы болса басталайын деп қалды. Осы мәселеге өзіңіз араласып, мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз. Рахмет.

Жауап

Құрметті Самат, Алатау ауданы әкімі аппаратының Веб-сайтына 2014 жылдың 14 тамызында келіп түскен № А-630 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз: Әйгерім-1 ықшамауданы Боралдай өзені маңында қи мен құрғақ шөп өрті орын алды. Қазіргі таңда Алатау ауданының №5 өртке қарсы бөлімімен өртті сөндіру бойынша тиісті жұмыстар жасалып, тәуліктік кезекшілік атқарылуда.

10.08.2014 Амантай

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы!Шаңырақ-1 ықшам ауданындағы Өтемісұлы көшесінің жол бойындағы отырғызылған ағаштардың бұтақтары қаулап өсіп кеткендіктен және де тротуар болмағандықтан жаяу жүргінщілерге кедергі келтіруде және 169 мектептен төмен қарай 45-тің соңғы аялдамасына дейін түнде көше қараңғы,жарық бағаналары жоқ.Осы мәселені назарға алсаңыз

Жауап

Құрметті Амантай,алатау ауданы әкімі аппаратының Веб-сайтына 2014 жылдың 11 тамызында келіп түскен № А-624 хаты бойынша төмендегіні хабарлаймын: Қазіргі таңда Алатау ауданының ықшам аудандары бойынша, көше жарығына қажет ететін көшелерге жобалау сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеткеттік сарапатамадан өтті. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мәселесі қаралуда. Қаржы мәселесі шешілген жағдайда Шаңырақ-1 ықшам ауданы, Өтемісұлы көшесіне көше жарық желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймын. Сонымен қатар, ағаштардың штамбысын көтеру жұмыстары сәуір айында жүргізілді. Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, ағаштардың штамбысын көтеру жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек айланырнда жүргізіледі.

23.07.2014 Құралай

Теректі (Казмис) Алатау ауданына өтті деп хабарлады, Қарасай ауданының әкімдігі. Сол рас па? 1 қыркұйекте болатын легализацияға қатыса аламыз ба? Үйімізді заңдастыра алмай жүрміз. Рахмет!

Жауап

Құрметті Құралай, сіздің Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің Веб-сайтына келіп түскен хатыңыздағы сұрақтарыңыз бойынша төмендегіні мәлімдеймін. Қазіргі таңда Теректі ауылы толығымен Алатау ауданына өтті. Алдағы уақытта болатын құжаттарды рәсімдеу бойынша легализацияға қатысуға құқығыңыз бар.

29.06.2014 Нуржан

Курметти Аким! Биз Алгабас ыкшам аудан тургындары балаларымыздын кауипсиздигине аландаймыз. 36 уй алдына биреулер кешки 6-7 шамасында батут койып жур . Ол жерде ешкандай кауипсиздик шарасы жок. 30-40 бала секерип, мертигип жатканы каншама? Батутты алдыртуынызды сураймыз!

Жауап

Құрметті Нұржан, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңыз бойынша аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімімен және Ішкі істер басқармасымен бірлесіп рейд ұйымдастырды. Нәтижесінде, аудан аумағында балалар ойнайтын аттракциондардың, үрмелі батуттардың, сонымен қатар, су батуттарының анықталған жоқ екендігін хабарлайды.

06.06.2014 ЖӘНІБЕК

Ассаламаликум аудан әкімі Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы мен осы уақытқа дейін Манғыстау обл. Бейнеу ауданында, Нур Отан партиясында қызмет еттім. Қазір аудандық жастар саясат орталығында жұмыс жасаймын. Алатау ауданы Шаңырақ 2 ықшамауданына қоныс аударып жатырмыз. Сізден өтініш, мені жұмысқа орналастырып беруіңізді сұраймын.

Жауап

Құрметті Жәнібек, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, төмендегіні хабарлайды: Егер Сіз мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрғыңыз келген жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 06-7/33 Бұйрығына сәйкес тестілеу өтіп, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға жарияланған конкурсқа қатысуыңызға болады. Егерде мемлекеттік қызметке орналасқыңыз келмеген жағдайда, Сізге Алатау аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеуге тұруға болады. Толық мәліметті осы мекемеден алуығызға болады: Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ықшамауданы, Жанқожа батыр,26 үй., тел:393-63-77.

20.05.2014 Галымжан

Құрметті Әкім мырза! Біздің Алғабас ыкшам ауданы, Доспанов көшемізде шаң тозаң болып тұр, соған сізге үлкен өтініш көшемізді бір тазалатып газонды бір суартып қойсаныз. Әйтпесе кәшеміз тозып бара жатыр. Көшемізде 173 лицей орналаскан

Жауап

Құрметті Ғалымжан, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, төмендегіні хабарлайды: Мердігер мекеме «АВАН Құрылыс» ЖШС-не Алғабас ықшамауданындағы Доспанов көшесіне су себуге және ағаштар мен жасыл-желектерді суғару жұмыстарын жүргізуге тапсырыс берілгендігін хабарлаймын.

20.05.2014 Галымжан

Ассалям алейкум! Кұрметті Әким мырза! Мен, Алатау ауданы, Алғабас ыкшам ауданы турғынымын. Біздін Доспанов көшемізде күндіз түні машиналар қатты жылдамдықпен жүреді. 174 лицей мен 173 мектептін балалары көп жүреді. 7 мамырда бір машина бір кішкентай қызды соғып кетті, 19 мамырда тагы бір кишкентай баланы кағып кетті. Соған сізге үлкен өтініш көшенің әр жеріне жатпалы полицеский орнатуыңызды өтінемин

Жауап

Құрметті Ғалымжан, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні мәлімдейді: «Алғабас» ықшамауданы, Доспанов көшесінің бойындағы жол белгілерін орналастыру жөнінде Алматы қаласы жолаушылар көлігі басқармасына ұсыныс хат жолданды. Аталған мәселе қалалық жолаушылар көлігі басқармасымен қарастырылады.

19.05.2014 Алия

Здравствуйте, уважаемый Аким! Я жительница поселка Алгабас, Карасайского района. У меня к Вам такой вопрос: у нас участок в алгабасе. Начали мы оформлять документы в Карасайском районе, а теперь когда план с архитектуры заверили и установилм, подпись на документы аким Аксайского сельского округа ставить отказалась. Ссылаясь на то, что теперь наши земли под вашим управлением. Так ли это, подскажите пожалуйста. И к кому нужно обратиться за подписью?

Жауап

Уважаемая Алия, аппарат акима Алатауского района, рассмотрев Ваше письмо, сообщает следующее: Для получения подробной информации по вопросу оформления земельного участка, Вам необходимо обратиться в акимат города Алматы (пл.Республики,4) и в Управление земельных отношений города Алматы (ул.Толе би, 155, тел: 300-07-06, 378-46-43, 378-47-16).

04.05.2014 Кенесов Кайрат Жақсылықұлы

Құрметті Әкім мырза! Мен Шанырақ-5 ық.аудады тұрғынымын. 2013 жылы біздің ық. ауданымызда көшелерімізге асфальт төселді, ол үшін үлкен рахмет. Бірақ ық. ауданымызға әлі эл. жарығы, ауыз су жүргізілмеген. Осы мәселелер қашан шешімін табар екен. Су құбырын жүргізген жағдайда жаңа салынған жолымыздың жағдайы не болар екен?

Жауап

Құрметті Қайрат, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының қарауына хат жіберілгенін хабарлаймын.

04.05.2014 Асет Есенаманов

салеметсизбе .алатау ауданына карасты карасу ыкшам ауданындагы мектепке барар жол шан тозанга толып тур. окушылар сол шан тозанмен журип мектепке бала бакшага барады .сол жолга карайтын мекеме бар ма?

Жауап

Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызға байланысты, мердігер мекеме «АВАН Құрылыс» ЖШС Қарасу ықшамауданындағы мектепке барар жолға су себу жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеймін.

29.04.2014 Арна

Сәлеметсіз бе, Бағдат Сайланбаевич! Шаңырақ-2 ықшам ауданындағы балабақшаға қарама-қарсы жерде сайлы жер бар. Сол жерде бірнеше отбасы шағын үйлерде тұрып жатыр. Бірақ есіктерінің алды қоқысқа толы. Тұрғылықты халықтар шұңқыр жерді тегістеп, машина кіретін жол жасау мақсатында шамалары келгенше әрекет жасаған. Енді сол қоқысты таза топырақтармен жабайын десе, учаскелік басқарма қызметкерлері рұқсат бермейді. Осы мәселені шешуге, яғни, қоқыстың бетін таза топырақпен жауып қоюларына рұқсат бергізіп және қаладағы құрылыс алаңдарынан шығарылып жатқан топырақтарды осы жерге әкелулеріне келісіп берсеңіз екен. Әлде шынымен таза топырақпен қоқыстың бетін жабуға болмайды ма?

Жауап

Құрметті Арна, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызға байланысты, Шаңырақ-2 ықшамауданында қоқыстарыды тазалау мәселесі бойынша, көшенің атауын және мекен-жайыңызды толық көрсетіп жазуыңызды сұраймын немесе 299-86-33 телефон нөметі арқылы хабарласып толық мәлімет алуыңызға болады.

29.04.2014 «Байбесік» тұрғындарынан

Өтініш Біз, «Байбесік» ықшам ауданының тұрғындары Сізге қоғамдық көлік мәселесі жөнінде өтініш білдіріп отырмыз: 1. Біздің ықшам ауданда мектеп жоқ. 2. Оқушылар қоғамдық көлікпен қаланың, Алатау ауданының әр жеріне барып оқиды. 3. «Байбесіктің» ішіне кіретін бірде – бір қоғамдық көлік жоқ. 4. «Өжет» ықшам ауданына қарай өтетін жолда жаяу жүргіншіге арналған жол белгілері қойылмаған. 5. «Автобус тоқтайтын аялдама» деген белгі де жоқ. Сондықтан автобустар тоқтағысы келсе, тоқтайды, тоқтағысы келмесе, МАИ қызметкерлері ұстаса, айып – пұл салады, - деп тоқтамайды. Бұған жүргізушілерді кінәлау да артық сияқты. Осы өтініштерімізді ескеріп, дұрыс шешіп береді деген мақсатпен Сізден дұрыс шешімін күтеміз.

Жауап

Құрметті Байбесік тұрғындары, Сіздердің ұжымдық хаттарыңызды Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының қарауына жолданғанын хабарлаймын. Осыған байланысты, мәселенің қарастырылған қорытындысын қосымша хабарлайтындығымызды мәлімдеймін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» КММ Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды: 1)Тұрақты маршруттарды ұйымдастыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі сыйымдылығы аз, орташа автобустарды сатып алуды жоспарлап отыр. Аталған мәселе шешілгеннен кейін Басқарма Сіз ұсынған «Байбесік» шағынауданынан маршруттарды ұйымдастыру ұсыныстарыңызды ескеретін болады. 2)Жаяу жүргінші өткелін салу мәселесі Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының құзыретіне кіреді. 3) "Өжет" шағынауданындағы аялдама пунктерін орнату мәселесі 2014 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасында Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп қаралатын болады.

29.04.2014 Султан

Кайырлы кун Багдад Сайланбай улы!!!Tрудовик ыкшамында Озера остановкасына пешеход белгиси кашан койылады,бир еки жыл бурын болган еди машиналар кагып сындырып кетти,казир машиналар пешеходты жибермей зулап отеди?

Жауап

Құрметті Сұлтан, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңыздағы «Трудовик» ықшамауданындағы Озера аялдамасында жаяу жүргіншілер өткелін орнату жөніндегі сұрағыңызды Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймын.

28.04.2014 Айнур

Аты: Айнур E-mail: Сұрақ: Ақбулак ықшам ауданы, Қарсақбаев көшесінде орналасқан Үміт азық-түлік дүкенінде тауарлардың бағасы көтеріліп кеткен, мысалы: нан бағасы 75 тенге, айран бағасы 290 тенге және басқада тауарлардың бағасыда жоғары. Неге бұл дүкенның бағасы басқа дүкендермен салыстарғанда тым жоғары? Сізден осы мәселені тексеріп, қадағалауыңызды сұраймын?

Жауап

Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні мәлімдейді: Қазақстан Республикасы аумағында орын алған девальвацияға байланысты, азық-түлік өнімдері бағасының өспеуін қадағалау мақсатында қала әкімідігінде арнайы штаб құрылды. Бұл штаб мүшелері сауда орталықтарындағы, сауда үйлеріндегі, дүкендердегі және т.б. сауда нысандарындағы азық-түлік бағаларының көрсеткіштеріне бақылау жасап, күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Осы ретте, Сіздің хатыңыздағы көрсетілген «Ақбұлақ» ықшамауданы, Қарсақбаев көшесінде орналасқан «Үміт» дүкеніндегі азық-түлік бағасының өсу жағдайы жоғарыда айтылған штабтың қарауына жолданды.

28.04.2014 Ольга Руденко

Имя: Ольга E-mail: Olga_Rudenko56@mail.ru Вопрос: Уважаемый Багдат Сайланбаевич! У меня вопрос по поводу переименования улицы. Было название АЗТМ 14, потом повесили табличку с названием Суаткол, когда я пошла в БТИ и ЦОН менять документы на недвижимость в связи с переименованием улицы оказалось что у нас по базе данных улица называется Сулатор и точно такое же название есть в м.к.р. Айгерим . Если Сулатор наше название улицы тогда пусть уберут таблички с названием Суаткол, а иначе какой правильный адрес будет почтовый?

Жауап

Аппарат акима Алатауского района доводит до Вашего сведения, что микрорайоне «Алгабас» существует 22 улицы. На одном из этих улиц было присвоено имя «Суаткөл», совместным постановлением акима города Алматы от 10 июня 2010 года за № 2/403 и решением Маслихата от 04. Июня 2010 за №327. Улица под названием Сулатор не существует, правильный почтовый адресс «Суаткол».

Страницы: Пред. 1 ... 13 14 15 16 17 След. Все