АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқыланды

10.10.2018

Президент жолдауы талқыланды



09.10.2018

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы жөнінде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстары жүргізілді



09.10.2018

Алатау ауданында 20 ауланы көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде


Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

16.02.2014 Жұмахан Байғазықызы

Саламат боларсыз! Құрметті Бағдат Сайланбайұлы мырза! Менің Сізге қоятын сұрағым: Мен Шанырак-2 ықшамауданы, Жанқожа батыр, 316б үй мекенжайында тұрамын. Үй жолдасымнын атында (Қазбек Қожамқұлов Абиханович). Өткен жылы арық (канал) жүргізілгенде жақын орналасқан үйлер сүрлеуге кетеді, орнына аллея салынады дегенді естіген едік жұмысшыларынан. Сол рас па? Біздің үйіміз сүрлеуге (снос) ілінеме? Алдын-ала рахмет айтамын!

Жауап

Құрметті Жұмахан Байғазықызы Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылыс басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылыс басқармасының хабарлауынша: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының бас жоспары және Алматы қаласы әкімінің 13.04.2009ж. №3/246 қаулысымен бекітілген Алатау ауданының нақты жоспарлау жобасына сәйкес, сұраныстағы жер телімі азаматтық тұрғын үй құрылысы және инженерлік-көліктік инфроқұрылымдар құрылысы арқылы қайта жаңғырту көзделген аумақта орналасқан. Жер телімін игеруге инвесторлардан өтініштердің келіп түсуіне орай, бұзу мерзімі анықталатын болады. Жер телімін игеру, бұзу және өтемақы төлеуге байланысты барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және сату-сатып алу шартына сәйкес шешіледі.

13.02.2014 Бекжан

Курметти Багдат Сайланбайулы! Меним сурагым 2014 кала жоспарында Улжан-1 ыкш.ауданын толыктай асфальттау карастырылган ба? Рахмет!

Жауап

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы және Алматы қаласы Құрылыс басқармасы «Ұлжан-1» ықшамауданындағы көшелерге инженерлік коммуникациялар желілерін жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты, жол салу жұмыстары аталған ықшамауданда инженерлік желілердің құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

06.02.2014 Меруерт

Cаламатсыздар ма? Ақбұлақ ықшам ауданы, Сарытоғай 60 үйдің тұрғынымыз, білгіміз келгені осы адрес бойынша снос болады ма, лде болмайды ма? Жауап берулеріңізді сұраймы. Рахмет.

Жауап

Құрметті Меруерт, Сіздің хатыңыз ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 6 тармағы 7 бабына сәйкес қарастыру және жауап беру үшін Алматы қаласы Сәулет және қалақұрылыс басқармасына жіберілді.

06.02.2014 Айгерим

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Мен "Олена" аялдамасы, Туркестан ықшам ауданының (көшенің аты белгісіз - "Мирас" шағын маркетінен оңға бұрылған көше) турғынымын. Менің сауалым: Көшені қардан тазалау қызметі, біздің көшеге қатысы барма? Егер олар тазалауга міндетті болса, неге біздің көшені тазаламайды? Былтырғы жылы тазаламаган салдарынан, қар мен жауын араласып көше бойы муз қатып, жаяу жургіншіге де көлігі барларға да әбден қиындық туындатты. Биылда сондай жағдайлар басталып келеді. Бұл мәселеміз оң шешімін табуна көмек көрсетуіңізді сұраймын.

Жауап

Құрметті Әйгерім, Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймын: Алатау ауданы бойынша көшелерді қардан тазалау жұмыстарымен айналысатын мердігер мекеме «АВАН Құрылыс» ЖШС Құрылысшы, Түркістан ықшамаудандарындағы көшелерге техникалық ерекшеліктерге сәйкес, құм себуге және қардан тазалауға тапсырыс берілді. Қазіргі таңда, Құрылысшы, Түркістан ықшамаудандарындағы көшелерге құм себу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеменің жұмысы Алатау ауданы әкімі аппаратының көріктендендіру бөлімінің бақылауында.

04.02.2014 Ақжол

ЖШС «Ayt Facility Management» басқарушы шет ел компаниясының Аккент тұрғындарына жасап жатқан қызметі өздеріңіз кунделікті көріп отырғандай ешқандай көңілден шығар емес. Аталған компания онымен қоймай тұргындардан жыйналған қаражаттан адам сенгісіз өздеріне жалақы тағайындап алған. Осы аталған компанияның қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімінің кызметкері Тахмина ханумның бізге берген аныктамасы бойныша: 1.Бас директор – 980 000 тенге басқа төлемдерді алып тастаганда 2. Комплекс әкімшілігі – 453 000 тенге басқа төлемдерді алып тастаганда 3.Технический директор – 400 000 тенге басқа төлемдерді алып тастаганда,бұл тек шет ел азаматарына белгіленген жалакы және бұл қаражаттың барлығы шет ел асатыны белгілі. Ал бір штатта канша адам барын ешкім білмейді. Білгеніміз технический директордын кызметінде екі адам, комплекс әкімшілігінде екі адам,ең кызығы бұлдардың бәрінде ешқандай білім жок екен, будан басқа екі автокөлік арендаға екі жүргізушісімен.. Бұлардың бәрін біз неге асырауымыз керек.?Әлде бізде білікті маман жокпа ? Саны көп сапасы жоқ қызметкерлерге бізден алынған каражаттан төленеді,оны орына шала жасалған үй құрлыстарына жіберсе немесе басқада толып жатқан кемшіліктерге жіберугі болар еді. Бұл аздай каншама объектілерді арендаға өткізуде. Бұлда Аккент тұрғындарының келісімсіз болып жататқан жағы

Жауап

Құрметті Ақжол, Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймын: «Ayt Facility Management» құрылыс компаниясы табиғи монополия субъектісі болып табылады. Заңды тұлға ретінде белгіленген жарғыға сәйкес жұмыс атқарады, осыған сәйкес қызметкерлерінің жалақысы анықталады. Жеке компаниялар қызметкерлерінің жалақысын тағайындау мен реттеу жергілікті атқарушы органның құзырына жатпайды. Сондықтан «Ақкент» тұрғын үй кешеніне қатыстыв сұрақтар бойынша құрылысты салушы «Ayt Facility Management» компаниясына немесе басқарушы «AytHauzing» компаниясына хабарласуыңыз қажет.

21.01.2014 Нургазы

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Мен ағайын аялдамасына қарама-қарсы жатқан көшеде тұрамын. Документ бойынша Тойшыбек батыр 79/12, бірақ көшенің нақты атауы белгісіз, Өркен, Үш қоңыр деген де атаулары бар. Осыны бір ретке келтірсеңіздер. Келесі сұрағым-Жаз айында газ құбыры тартылған болатын, "MONARH" ЖШС үйге монтаж жүргізді, бірақ құбырда газ жоқ деп қоспай отыр. Газ құбырына қашан газ берілетінін білгім келеді.

Жауап

Құрметті Нургазы, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, Сізге құжат бойынша Тойшыбек батыр көшесі 79/12 үйдің нөмерін және нақты атауын анықтау үшін қалалық Сәулет және құрылыс басқармасынан құжаттарыңыздың көшірмесі арқылы нақты жауабын алуыңызға болады. Қазіргі таңда аталған мекен-жайдағы орташа қысымдағы газ құбырына тексеріс жұмыстары жүргізілуде, тексерудің техникалық құжаттары дайындалуда. Осы тексеріс жұмыстары мен құжаттары дайын болғаннан кейін «Алматы газ жүйесі» ЖШС-не тапсырылатын болады. Құжаттарды қабылдап алғаннан кейін «Алматы газ жүйесі» ЖШС-гі құбырға газ жіберу жұмыстарын бастайды.

Страницы: Пред. 1 ... 14 15 16 17 18 Все