АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

19.05.2014 Алия

Здравствуйте, уважаемый Аким! Я жительница поселка Алгабас, Карасайского района. У меня к Вам такой вопрос: у нас участок в алгабасе. Начали мы оформлять документы в Карасайском районе, а теперь когда план с архитектуры заверили и установилм, подпись на документы аким Аксайского сельского округа ставить отказалась. Ссылаясь на то, что теперь наши земли под вашим управлением. Так ли это, подскажите пожалуйста. И к кому нужно обратиться за подписью?

Жауап

Уважаемая Алия, аппарат акима Алатауского района, рассмотрев Ваше письмо, сообщает следующее: Для получения подробной информации по вопросу оформления земельного участка, Вам необходимо обратиться в акимат города Алматы (пл.Республики,4) и в Управление земельных отношений города Алматы (ул.Толе би, 155, тел: 300-07-06, 378-46-43, 378-47-16).

04.05.2014 Кенесов Кайрат Жақсылықұлы

Құрметті Әкім мырза! Мен Шанырақ-5 ық.аудады тұрғынымын. 2013 жылы біздің ық. ауданымызда көшелерімізге асфальт төселді, ол үшін үлкен рахмет. Бірақ ық. ауданымызға әлі эл. жарығы, ауыз су жүргізілмеген. Осы мәселелер қашан шешімін табар екен. Су құбырын жүргізген жағдайда жаңа салынған жолымыздың жағдайы не болар екен?

Жауап

Құрметті Қайрат, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының қарауына хат жіберілгенін хабарлаймын.

04.05.2014 Асет Есенаманов

салеметсизбе .алатау ауданына карасты карасу ыкшам ауданындагы мектепке барар жол шан тозанга толып тур. окушылар сол шан тозанмен журип мектепке бала бакшага барады .сол жолга карайтын мекеме бар ма?

Жауап

Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызға байланысты, мердігер мекеме «АВАН Құрылыс» ЖШС Қарасу ықшамауданындағы мектепке барар жолға су себу жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеймін.

29.04.2014 Арна

Сәлеметсіз бе, Бағдат Сайланбаевич! Шаңырақ-2 ықшам ауданындағы балабақшаға қарама-қарсы жерде сайлы жер бар. Сол жерде бірнеше отбасы шағын үйлерде тұрып жатыр. Бірақ есіктерінің алды қоқысқа толы. Тұрғылықты халықтар шұңқыр жерді тегістеп, машина кіретін жол жасау мақсатында шамалары келгенше әрекет жасаған. Енді сол қоқысты таза топырақтармен жабайын десе, учаскелік басқарма қызметкерлері рұқсат бермейді. Осы мәселені шешуге, яғни, қоқыстың бетін таза топырақпен жауып қоюларына рұқсат бергізіп және қаладағы құрылыс алаңдарынан шығарылып жатқан топырақтарды осы жерге әкелулеріне келісіп берсеңіз екен. Әлде шынымен таза топырақпен қоқыстың бетін жабуға болмайды ма?

Жауап

Құрметті Арна, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызға байланысты, Шаңырақ-2 ықшамауданында қоқыстарыды тазалау мәселесі бойынша, көшенің атауын және мекен-жайыңызды толық көрсетіп жазуыңызды сұраймын немесе 299-86-33 телефон нөметі арқылы хабарласып толық мәлімет алуыңызға болады.

29.04.2014 «Байбесік» тұрғындарынан

Өтініш Біз, «Байбесік» ықшам ауданының тұрғындары Сізге қоғамдық көлік мәселесі жөнінде өтініш білдіріп отырмыз: 1. Біздің ықшам ауданда мектеп жоқ. 2. Оқушылар қоғамдық көлікпен қаланың, Алатау ауданының әр жеріне барып оқиды. 3. «Байбесіктің» ішіне кіретін бірде – бір қоғамдық көлік жоқ. 4. «Өжет» ықшам ауданына қарай өтетін жолда жаяу жүргіншіге арналған жол белгілері қойылмаған. 5. «Автобус тоқтайтын аялдама» деген белгі де жоқ. Сондықтан автобустар тоқтағысы келсе, тоқтайды, тоқтағысы келмесе, МАИ қызметкерлері ұстаса, айып – пұл салады, - деп тоқтамайды. Бұған жүргізушілерді кінәлау да артық сияқты. Осы өтініштерімізді ескеріп, дұрыс шешіп береді деген мақсатпен Сізден дұрыс шешімін күтеміз.

Жауап

Құрметті Байбесік тұрғындары, Сіздердің ұжымдық хаттарыңызды Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының қарауына жолданғанын хабарлаймын. Осыған байланысты, мәселенің қарастырылған қорытындысын қосымша хабарлайтындығымызды мәлімдеймін. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» КММ Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды: 1)Тұрақты маршруттарды ұйымдастыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі сыйымдылығы аз, орташа автобустарды сатып алуды жоспарлап отыр. Аталған мәселе шешілгеннен кейін Басқарма Сіз ұсынған «Байбесік» шағынауданынан маршруттарды ұйымдастыру ұсыныстарыңызды ескеретін болады. 2)Жаяу жүргінші өткелін салу мәселесі Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының құзыретіне кіреді. 3) "Өжет" шағынауданындағы аялдама пунктерін орнату мәселесі 2014 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасында Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп қаралатын болады.

29.04.2014 Султан

Кайырлы кун Багдад Сайланбай улы!!!Tрудовик ыкшамында Озера остановкасына пешеход белгиси кашан койылады,бир еки жыл бурын болган еди машиналар кагып сындырып кетти,казир машиналар пешеходты жибермей зулап отеди?

Жауап

Құрметті Сұлтан, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңыздағы «Трудовик» ықшамауданындағы Озера аялдамасында жаяу жүргіншілер өткелін орнату жөніндегі сұрағыңызды Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймын.

28.04.2014 Айнур

Аты: Айнур E-mail: Сұрақ: Ақбулак ықшам ауданы, Қарсақбаев көшесінде орналасқан Үміт азық-түлік дүкенінде тауарлардың бағасы көтеріліп кеткен, мысалы: нан бағасы 75 тенге, айран бағасы 290 тенге және басқада тауарлардың бағасыда жоғары. Неге бұл дүкенның бағасы басқа дүкендермен салыстарғанда тым жоғары? Сізден осы мәселені тексеріп, қадағалауыңызды сұраймын?

Жауап

Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні мәлімдейді: Қазақстан Республикасы аумағында орын алған девальвацияға байланысты, азық-түлік өнімдері бағасының өспеуін қадағалау мақсатында қала әкімідігінде арнайы штаб құрылды. Бұл штаб мүшелері сауда орталықтарындағы, сауда үйлеріндегі, дүкендердегі және т.б. сауда нысандарындағы азық-түлік бағаларының көрсеткіштеріне бақылау жасап, күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Осы ретте, Сіздің хатыңыздағы көрсетілген «Ақбұлақ» ықшамауданы, Қарсақбаев көшесінде орналасқан «Үміт» дүкеніндегі азық-түлік бағасының өсу жағдайы жоғарыда айтылған штабтың қарауына жолданды.

28.04.2014 Ольга Руденко

Имя: Ольга E-mail: Olga_Rudenko56@mail.ru Вопрос: Уважаемый Багдат Сайланбаевич! У меня вопрос по поводу переименования улицы. Было название АЗТМ 14, потом повесили табличку с названием Суаткол, когда я пошла в БТИ и ЦОН менять документы на недвижимость в связи с переименованием улицы оказалось что у нас по базе данных улица называется Сулатор и точно такое же название есть в м.к.р. Айгерим . Если Сулатор наше название улицы тогда пусть уберут таблички с названием Суаткол, а иначе какой правильный адрес будет почтовый?

Жауап

Аппарат акима Алатауского района доводит до Вашего сведения, что микрорайоне «Алгабас» существует 22 улицы. На одном из этих улиц было присвоено имя «Суаткөл», совместным постановлением акима города Алматы от 10 июня 2010 года за № 2/403 и решением Маслихата от 04. Июня 2010 за №327. Улица под названием Сулатор не существует, правильный почтовый адресс «Суаткол».

21.04.2014 Азамат

Cәлеметсіз бе Әкім мырза, болашақта Айгерім 2 ықшам ауданы сносқа кете ма. Нақтырақ айтсам Көкқайнар мен Киров ықшам аудандарының арасы (Зираттың маңайы) Балбұлақ көшесі.

Жауап

Құрметті Азамат, Сіздің Алатау ауданы әкімінің Веб-сайтына келіп түскен сұрағыңызда толық ақпараттың болмағандығынан, дүйсенбі күні сағат 14.00-17.00 аралығы және бейсенбі күні 14.00-17.00 аралығында Алматы қаласы Сәулет және қала құрылыс басқармасының Алатау ауданы бойынша бөлім бастығының қабылдауына құжаттарыңызбен келуіңізді сұраймын. Қабылдау Шаңырақ-2 ы/а, Жаңқожа батыр көшесі,26, Алатау ауданы әкімдігі 101 кабинет.

08.04.2014 Владимир Онгарбаевич

Здравствуйте! Как можно ознакомиться проектом развязки пр.Рыскулова и ул.Емцова. Спасибо!

Жауап

Аппарат акима Алатауского района рассмотрев Ваше письмо, сообщает следующее: Предоставление указанной в Вашем заявлении информации в компетенцию аппарата акима Алатауского района не входит. Вам надлежит обратиться в Управление архитектуры и градостроительства города Алматы, расположенного по адресу: пр.Абылай хана, 91.

04.04.2014 Анара Далабаевна

Салеметсізбе әкім мырза! Мен Өжет ықшамауданы, Қ.Жапсарбаев көшесінің тұрғынымын. 2010 жылы көптеген көшелерге асфальт төсеу жумыстары жүргізілген кезде біздің көшені неге екені белгісіз жол жасалынбай қалды. Жаңбырлы мезгілдерде, қысқы уақыттарда аяқ басу мүмкін емес. Дегенмен қала тұрғындары болып саналады екенбіз. Көпшілік көшше тұрғындарының атынан өтіне отырып, Жол мәселесінің бітуіне ықпалыңызды тигізуіңізді сұраймыз!!!!!!!!

Жауап

Құрметті Анар, Сіздің хатыңыз ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 6 тармағы 7 бабына сәйкес қарастыру және жауап беру үшін Алматы қаласы автомобиль жолдары басқармасына жіберілгендігін хабарлаймыз. Алматы қаласының автомобиль жолдары басқармасы Сіздің хатыңызды қарастырып, «Өжет» ықшамауданындағы Қ.Жапсарбаев көшесінде тас жолдың жоқтығынан жол салу жобасын әзірлеу керек, осыған байланысты аталған жұмыстар бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда қала жолдары құрылысының жобалау жоспарында қарастырылатыны жөнінде хабарлаймыз.

23.03.2014 Айдар

Ассалаумалейкум Багдат Сайланбайулы мен Шаңырақ-1ықшамауданының тұрғынымын. Осы Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшамаудан ортасындағы сайға саябақ немесе қандай да бір құрылыс жұмыстары жүре ме және қашан? Рахмет.

Жауап

Құрметті Айдар Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылыс басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз. «Алматы қаласы сәулет және қала құрылыс басқармасы» КММ Сіздің хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1331 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының бас жоспары және Алматы қаласы әкімінің 13.04.2009ж.№ 3/246 қаулысымен бекітілген Алатау ауданының нақты жоспарлау жобасына сәйкес, сұраныстағы аумақта саябақ қарастырылғанын хабарлайды.

19.03.2014 Хасен

Ассалаумағлуйкум, Бағдат Сайланбайұлы. Мен Нағашыбаев Хасен Ұлжан-1 ы/а Ақжар көшесінің тұрғынымын. Өзім жұмыссызбын. Сізге қоятын сұрағым: Мен жалғызбасты әкемін. 13 жасар ұлым бар. Газ құбырын жүргізу үшін қандай жеңілдіктер бар сол турасында сұрайын деп едім. Егер жеңілдік болған жағдайда кімге барып жолығуға болады. Осы сұрағыма жауап беруіңізді өтінемін. Рахмет. Сау болыңыз. Наурыз мерекесі құттыболсынІ

Жауап

Құрметті Хасен, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды: Пайдаланушы ұйым тек техникалық мүмкіндігі болған кезде газбен қамту желісіне қосылу үшін техникалық шартты ұсына алады. Техникалық шарт тегін беріледі. Содан соң арыз беруші немесе құрылыс салушы газ желісіне қосылғанға жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін, өзінің талғамына сәйкес, берілген жұмыстарды орындау лицензиясы бар ұйымдармен келісім-шартқа отырады. Тұтынушыларды магистралдық газ желісіне қосу жұмыстары конкуренттік ортада орындалады. Осы себептен әр ұйым өзінің маркетингтік саясатына және нарықтағы баға жағдайына негізделіп, көрсетілген қызметтердің құнын және бағасын анықтауға құқылы екендігін хабарлаймыз. Тұрғын үйге газ құбырын өткізу кезінде жеңілдіктер қарастырылмағандығын қосымша хабарлаймыз.

14.03.2014 Ержан

Құрметті Әкім мырза, сізге қояр сұрағым мен Трудовиктің тұрғынымын, көше тазалайтын ИП Бастау 4 ай сайын тұрғындардан000 тенге жинап алатыны бар, бірақ көшені қоқысты уақытында тазаламайды соған көңіл бөліңіз..

Жауап

Құрметті Ержан, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды: Трудовик ықшамауданында қоқыс тазалау мәселесі бойынша, көшенің атауын және мекен-жайыңызды толық көрсетіп жазуыңызды сұраймын немесе 299-86-33 телефон нөмері арқылы хабарласып толық мәлімет алуыңызға болады.

11.03.2014 Талғат

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Мен Ұлжан-1 ықшам ауданында тұрамын. Сізге сұрағым Ақжазық көшесімен Күренқұлақ көшесінің ортасында шамамен 100-150 метр осы жерге асфальт төселема? көршілес көшелердің бәрінде асфальт төселген. Рахмет.

Жауап

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы «Ұлжан-1» ықшамауданындағы көшелерге инженерлік коммуникациялар желілерін жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты, жол салу жұмыстары аталған ықшамауданда инженерлік желілердің құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

17.02.2014 Серік

Құрметті Алатау Жарық Компаниясы! Мен Ақбұлақ ауданының тұрғынымын, менің үйіме 2013 жылдың қараша айында жаңа электр есептегіш құралдарын орнатылған еді, бірақ бір себептерге байланысты қазір уақытша (времмено) деп желіге қосылып отырмыз, жақын арада бәрі қалпына келеді деп уәде беріп отыр РЭС-7 мамандары. Осы уақытша қосылуға өтініш бергенде РЭС-7 мекемесінің мамандарын (мастер) өз ақшамызға немесе өз машинамызбен алып келіп көрсетіп, жұмысын аяқтаған соң жаңағы мастерді мекемесіне қайтадан жеткізу қажет екен, осы жерде туындайтын сұрақ – тұтынушыға өз қызметін ақылы түрде ұсынып отырған мекеме неліктен өз міндетін толық атқармайды, неліктен тұтынушылар өз қаражаттарына мамандар жалдауы қажет, өздері орнатқан есептегіш құралды қайтадан келіп тексерудің қажеті бар ма (есептегіш құрал пломбаларымен бірге орнатылған). Егер сондай қажеттілік болса неге РЭС-7 мекемесі өз қаражатымен жүзеге асырмайды, құжаттарды қабылдағанда бір рет, уақытша қосылу кезінде бір рет, одан кейін түпкілікті (на постоянный) қосылғанда тағы да РЭС-7 мекемесінің маманын шақыру қажет екен (бұл мамандар қоғамдық көліктермен жүруден бас тартады, жеке автокөлік немесе такси қызметін қолдайды). Бір қызығы сіз электр жарығына қарыздар болсаңыз аталған мекеменің бір емес, 2-3 маманы өз көлігімен немесе өз қаражаттарымен келіп сізді желіден ажыратады, менің меншігім болы

Жауап

Құрметті Серік, Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ның қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

16.02.2014 Жұмахан Байғазықызы

Саламат боларсыз! Құрметті Бағдат Сайланбайұлы мырза! Менің Сізге қоятын сұрағым: Мен Шанырак-2 ықшамауданы, Жанқожа батыр, 316б үй мекенжайында тұрамын. Үй жолдасымнын атында (Қазбек Қожамқұлов Абиханович). Өткен жылы арық (канал) жүргізілгенде жақын орналасқан үйлер сүрлеуге кетеді, орнына аллея салынады дегенді естіген едік жұмысшыларынан. Сол рас па? Біздің үйіміз сүрлеуге (снос) ілінеме? Алдын-ала рахмет айтамын!

Жауап

Құрметті Жұмахан Байғазықызы Алатау ауданы әкімі аппараты Сіздің хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылыс басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылыс басқармасының хабарлауынша: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының бас жоспары және Алматы қаласы әкімінің 13.04.2009ж. №3/246 қаулысымен бекітілген Алатау ауданының нақты жоспарлау жобасына сәйкес, сұраныстағы жер телімі азаматтық тұрғын үй құрылысы және инженерлік-көліктік инфроқұрылымдар құрылысы арқылы қайта жаңғырту көзделген аумақта орналасқан. Жер телімін игеруге инвесторлардан өтініштердің келіп түсуіне орай, бұзу мерзімі анықталатын болады. Жер телімін игеру, бұзу және өтемақы төлеуге байланысты барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және сату-сатып алу шартына сәйкес шешіледі.

13.02.2014 Бекжан

Курметти Багдат Сайланбайулы! Меним сурагым 2014 кала жоспарында Улжан-1 ыкш.ауданын толыктай асфальттау карастырылган ба? Рахмет!

Жауап

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы және Алматы қаласы Құрылыс басқармасы «Ұлжан-1» ықшамауданындағы көшелерге инженерлік коммуникациялар желілерін жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты, жол салу жұмыстары аталған ықшамауданда инженерлік желілердің құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

06.02.2014 Меруерт

Cаламатсыздар ма? Ақбұлақ ықшам ауданы, Сарытоғай 60 үйдің тұрғынымыз, білгіміз келгені осы адрес бойынша снос болады ма, лде болмайды ма? Жауап берулеріңізді сұраймы. Рахмет.

Жауап

Құрметті Меруерт, Сіздің хатыңыз ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 6 тармағы 7 бабына сәйкес қарастыру және жауап беру үшін Алматы қаласы Сәулет және қалақұрылыс басқармасына жіберілді.

06.02.2014 Айгерим

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы! Мен "Олена" аялдамасы, Туркестан ықшам ауданының (көшенің аты белгісіз - "Мирас" шағын маркетінен оңға бұрылған көше) турғынымын. Менің сауалым: Көшені қардан тазалау қызметі, біздің көшеге қатысы барма? Егер олар тазалауга міндетті болса, неге біздің көшені тазаламайды? Былтырғы жылы тазаламаган салдарынан, қар мен жауын араласып көше бойы муз қатып, жаяу жургіншіге де көлігі барларға да әбден қиындық туындатты. Биылда сондай жағдайлар басталып келеді. Бұл мәселеміз оң шешімін табуна көмек көрсетуіңізді сұраймын.

Жауап

Құрметті Әйгерім, Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймын: Алатау ауданы бойынша көшелерді қардан тазалау жұмыстарымен айналысатын мердігер мекеме «АВАН Құрылыс» ЖШС Құрылысшы, Түркістан ықшамаудандарындағы көшелерге техникалық ерекшеліктерге сәйкес, құм себуге және қардан тазалауға тапсырыс берілді. Қазіргі таңда, Құрылысшы, Түркістан ықшамаудандарындағы көшелерге құм себу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеменің жұмысы Алатау ауданы әкімі аппаратының көріктендендіру бөлімінің бақылауында.

Страницы: Пред. 1 ... 19 20 21 22 23 След. Все