АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданында пробация қызметі бойынша жиналыс өтті

06.06.2018

Алатау ауданында пробация қызметі бойынша жиналыс өтті



19.05.2018

«Бент» көлі аумағында сенбілік өтті



09.05.2018

9 мамыр - Жеңіс күні!


Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру туралы қағидалары


   1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру тәртібін айқындайды.
      2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормаларына және талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

   2. Жаттықтырушылар мен спортшыларға және спорттық атақтар,
разрядтар берудің тәртібі

      3. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын Қазақстан Республикасының азаматтарына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының, спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер», 1 разрядты спортшы спорттық разрядтар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімінің, спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган береді.
      5. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарды дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) дене-шынықтыру-спорт ұйымының ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандық, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі береді.
      6. Спорттық атақтар мен разрядтардың орындалуын спорт түрлерінен мына құрамдағы төрешілер алқасы растайды:
      1) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру үшін - төрешілер алқасы «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы кемінде үш төрешіден тұрады;
      2) спорттық разрядтар беру үшін:
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерге - «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы үш төреші;
      1-разрядты спортшыға - «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы екі төреші;
      2-разрядтағы спортшыға және 3-разрядтағы спортшыға - «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және бірінші санаттағы екі төреші;
      1-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға, 2-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға, 3-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға - бірінші санаттағы екі төреші және спорт жөнінде екі төреші болуы қажет.
      7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери және әскери құрылымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және басқа да спорт түрлерінен спорттық разрядтарды беруді уәкілетті органдармен келісу бойынша олардың өздері жүзеге асырады.
      8. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтар тиісті спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормаларын және талаптарын орындаған сәттен бастап, бір жыл ішінде беріледі.
      9. Жаттықтырушыға және (немесе) спортшы (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi» спорттық атағын беру үшін:
      осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
      спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
      2) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру үшін:
      осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
      спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
      3) «Спорт шеберіне кандидат» спорттық разрядын беру үшін:
      осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
      спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған жарыстар және (немесе) спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
      4) «1 разрядтағы спортшы» спорттық разрядын беру (және/немесе растау) үшін:
      осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
      спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
      5) «2 разряд спортшысы», «3 разряд спортшысы», «1 жасөспірімдік разряд спортшысы», «2 жасөспірімдік разряд спортшысы», «3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру үшін:
      бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты;
      спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрлер бойынша аккредитілген облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      10. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағын алу үшін құжаттар ұсынбайды.

   3. Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдіскерлерге және
спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын берудің тәртібі

      11. «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы», «Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер», «Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы», «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі», «Ұлттық спорт төрешісі» біліктілік санаттарын уәкілетті орган береді.
      12. «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы», «Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер», «Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы», «Бірінші санатты спорт төрешісі» біліктілік санаттарын дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы береді.
      13. «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы», спорт төрешісі біліктілік санаттарын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі береді.
      14. Қызметкерге біліктілік санаттарын беру 5 жыл ішінде кемінде бір рет біліктілік курстарынан өткен жағдайда, оның біліктілік деңгейін, кәсіби құзыреттілігін, әдістемелік жұмысқа қатысуын талдаудың негізінде өткізіледі.
      15. Санаттар жаттықтырушының спортшымен кемінде екі жыл жұмыс істеген өтілі болған жағдайда және комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 5 жылдық мерзімге беріледі.
      16. Төрешілер санатынан басқа берілген санаттың қолданыс мерзімі аяқталған соң, жұмыскер оны растауы тиіс.
      Расталмаған жағдайда, санат автоматты түрде бір деңгейге төмендейді.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Жоғары санат талаптарын орындаған және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы бар жаттықтырушы үшін көрсетілген санаттың қолданылу мерзімі шектелмейді.
      18. Біліктілік санаты төмендегі спорт түрлерін, велоспорт және спорттың ойын түрлері, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, суға секіру, үйлесімді жүзу, биатлон, шаңғы қоссайысы, қазіргі бессайысты қоспағанда, сонымен қатар спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін көтеру үшін басқа жаттықтырушыларға тапсыруды қоспағанда, бір спортшыны дайындаған бірнеше жаттықтырушыға берілмейді.
      Спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін арттыру үшін басқа жаттықтырушыларға тапсырған жаттықтырушылардың спортшыны тапсырылған сәтінен бастап екі жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері бойынша біліктілік санаттарын иеленуге құқылары бар.
      19. Қолданыс мерзімі өткеннен кейін қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініштерінің негізінде мына жағдайларда ұзартылады:
      1) уақытша еңбекке жарамсыздығы;
      2) жүктілік және босану, бала күтімі бойынша демалыста болуы;
      3) мемлекеттік органдардың, спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктердің, дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының жіберуімен шетелде мамандығы бойынша іссапарда, оқуда, жұмыста болуы.
      20. Жаттықтырушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
      спорт түрі бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      2) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
      спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен расталған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
      спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спортттық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      21. Әдіскерге (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер» санатын беру (және/немесе растау) үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      2) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» санатын беру (және/немесе растау) үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      алдыңғы біліктіліктін берілгені туралы бұйрықтан куәліктің көшірмесі немесе үзінді;
      3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер» санаттарын беру (және/немесе растау) алу үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      22. Нұсқаушы-спортшыға (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағат анықтамасы;
      спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен расталған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат;
      2) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      білімі туралы димпломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      спорт түрлері бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;
      3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) алу үшін:
      осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;
      23. Спорт төрешісіне (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi», «Ұлттық спорт төрешiсi» төреші санаттарын беру үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
      спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерация өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені туралы анықтама;
      өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
      2) «Бірінші санатты спорт төрешісі» төреші санатын беру үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
      спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама;
      өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет,
      3) «Спорт төрешісі» төреші санатын алу үшін:
      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      өтініш берушінің немесе төрешілік туралы анықтамасы төрешілігін растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі.

   4. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік
санаттарды беру жөніндегі комиссия

      24. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру мәселелерін қарау үшін спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі уәкілетті органда құжаттардың келіп түсуіне қарай Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрауы тиіс.
      Комиссия мүшелері уәкілетті органның өкілдері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары болып табылады. Комиссия Төраға-мүшесі, хатшысы уәкілетті органның қызметкерлері ішінен айқындалады.
      Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттамаларды рәсімдеуді жүзеге асырады. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылданған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 көбі қатысса комиссияның отырысы заңды деп саналады.
      27. Комиссияның шешімі комиссияның қатысушы мүшелерінің көп даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның қатыспаған себебі көрсетіледі. Комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      28. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      29. Комиссияның отырысында комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды және жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беруді немесе спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды және жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беруден бас тартуды ұсынады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      30. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:
      1) Осы Қағидалардың 9, 20, 21, 22, 23-тармақтарында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
      2) спортшының, жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының немесе спорт төрешісінің және (немесе) қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалар талаптарына және (немесе) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығымен бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес келмеуі;
      3) спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға және спорт төрешісіне қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
      4) спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға немесе спорт төрешісіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға және спорт төрешіге спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылу.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      31. Спортшы немесе жаттықтырушы спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда, спортшының немесе жаттықтырушының осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен қайта жүгіну мүмкіндігі бар.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      32. Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті орган спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беруге туралы бұйрық шығарады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

   5. Ереженің қорытындысы

      33. Спорттық атақты, разрядтарды және біліктілік санаттарды беруге тапсырған құжаттардың қарау мерзімі уәкілетті органда құжаттарды тапсырған күннен бастап 30 күнтізбелік күн құрады.
      34. Беру қорытындысы бойынша:
      осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық атақтардың, разрядтардың куәлігі және (немесе) бұйрықтың көшірмесі беріледі;
      осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарының куәлігі немесе бұйрықтың көшірмесі беріледі.

Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
қағидаларына         
1-қосымша           

                                                                Нысан

_____________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті
                         атқарушы органның атауы)
біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________________________

ӨТІНІШ

_______________________________
(спорт түрі)

Мен, ________________________________________________________________
Туған жылы __________________________________________________________
Спорттық атағы ______________________________________________________
Жұмыс орны, атқаратын қызметі _______________________________________
Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі _________________________________
Үйінің мекенжайы: ___________________________________________________
Маған _______________________________________________________________
беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.
Мына нәтижелерді спорттық атақ беру үшін негіздеме ретінде санаймын:
_____________________________________________________________________

20__ ж. «___» ______________ ____________________
                                 (жеке қолы)

Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
қағидаларына         
2-қосымша           

                                                                Нысан

ҰСЫНЫМ

Атағы

Фотосурет орны

Спорт түрі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады)

Туған күні

ЖСН

Ұсынып отырған өңір (облыс, қала)

Ведомство

Спорт мектебі

Оқу, жұмыс орны

Білімі

Дене шынықтыру білімі

Спортпен шұғылдану өтілі

Үйінің мекенжайы

Алдыңғы атағы

Атақ берілген немесе расталған күні





Спортшыны даярлаған жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жаттықтырушылық санаты









Аккредителген
республикалық және
(немесе) өңірлік спорт
федерациясы

Басшы ________
МО
Күні 20___ ж. «__»___

Дене шынықтыру және
спорт басқармасы
(облыс, қала)

Басшы ________
МО
Күні 20___ж. «__»___

Ұлттық штаттық
командалар және
спорт резерві
дирекциясы

Басшы ________
МО
Күні 20__ж. «__»___

Комиссияның қарауына келіп түскен күні 20__ ж. «___» ________________

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)

Орындаған күні
(күні, айы, жылы)

Жарыстардың атауы

Жарыс дәрежесі, санаты

Көрсеткен нәтижесі

















Төреші
лауазымы

Төрешінің тегі,
аты, әкесінің аты
(бар болса)

Қала (ел)

Төрешілік санаты

Бас төреші







Бас хатшы







Аға төреші







Атақ беру туралы белгі

Жауапты тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Лауазымы