2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
2020 Әлеуметтік көмек алу

10.01.2020
2020 Әлеуметтік көмек алу


10.01.2020
10.01.2020 Әкімнің қабылдауы.


09.01.2020
Емхана қызметкерлері іс жүзінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өз білімдерін көрсетті.

Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



СҰРАҚ – ЖАУАП (Азаматтар атынан көп қойылатын сұрақтар)


1.      ТУУДЫ ТІРКЕУ

Сұрақ:   Жаңа туылған балама атасының тегін бергім келеді.

Жауап:   Жаңа туылған балаға атасының тегін беру үшін, әкіңіздің есімі сіздің мәліметтеріңізде көрсетілу керек, яғни, жеке куәлігіңізде , егер құжатта әкеңіздің аты көрсетілмеген жағдайда өзіңіздің туу туралы куәлігіңізді көрсетуіңіз керек.

2.      ӘКЕЛІКТІ АНЫҚТАУДЫ ТІРКЕУ

Сұрақ:    Неге әкелікті анықтауды тіркеуге өтініш беру үшін ата-анасы бірге келу керек?

Жауап:   Әкелікті анықтауды тіркеу ата-анасының бірлескен өтініші бойынша шешілетіндіктен, өтініш берер кезде ата-анасы қатысуы керек.

3.      НЕКЕ ҚИЮДЫ ТІРКЕУ

Сұрақ:    Алдынғы некені бұзуды тіркемей , жаңа некені тіркеуге өтініш тапсыруға болама?

Жауап:   Жаңа некені тіркеу үшін, алдынғы некені бұзу керек.

4.      НЕКЕ БҰЗУДЫ ТІРКЕУ

Сұрақ: Ерлізайыптылардың біреуінің тіркелген жері бойынша, неке бұзуды тіркеуге болама? Немесе екеуініңде тіркеуі бойынша жүзеге асыру міндетпе?

Жауап:Ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша өтініш беруіңізге болады   

5.      ҚАЙТЫС БОЛУДЫ ТІРКЕУ

Сұрақ:    Қолымда қайтыс болған адамның мұрасы бар, енді қайтыс болуды тіркеп, қайтыс болғандығы туралы куәлік алуыма болады ма?

Жауап:   Егер сізде қайтыс болған адамның мұрасы және наториустың мұра өзгермеді, бастартылмағандығы туралы хабарламасы болса, сіз қайтыс болғандығы туралы куәлік ала аласыз.

6.      ЕСІМІН, ӘКІСІНІҢ ЕСІМІН (БАР БОЛҒАНДА), ТЕГІН АУЫСТЫРУДЫ ТІРКЕУ

Сұрақ:   Жұбайымның тегін алуыма болады ма?

Жауап: Иә, болады, ол үшін сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша АХАТ бөліміне тегіңізді өзгерту туралы өтініш беруіңіз қажет.

7.      ҚАЙТАЛАМА КУӘЛІКТЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР БЕРУ

Сұрақ:    Егер туу туралы акт жазбасы сіздің ауданыңызда болса, қанша мерзімде қайтадан алуға болады?

Жауап:   ХҚКО-на барып қайталама туу туралы куәлікті алу үшін өтініш толтырып, мемлекеттік стандартқа сәйкес 5 жұмыс күні ішінде алуыңызға болады.