АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2017
2017 жылдың 17 шілдеде Алатау ауданында безгек масасына қарсы улаудың 3-туры өтті.


04.07.2017
Алатау ауданының құрылғанына биыл 9 -жыл.


27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңы(3 бөлім)


15-1-бап. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасу 1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзі келiсiм берген, қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда және оның соңғы лауазымындағы қызметінің нәтижелері ескеріле отырып, ауысу тәртібімен орналасуға құқығы бар. Ауысудың жүргізілу тәртібі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде реттеледi. Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде көзделген жағдайларда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен жүзеге асырылады. 2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, мемлекеттік органның, оның ведомствосының ішінде, сондай-ақ олардың арасында жүзеге асырылады. 3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына басқа мемлекеттік органдардан, олардың ведомстволарынан және олардың аумақтық бөлімшелерінен ауысу тәртібімен орналасу Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде айқындалатын жағдайларда жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуға жол берiлмейдi.»; 9) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын: «16-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметін бағалау және оларды аттестаттау 1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмысының тиімділігін және сапасын айқындау үшін олардың қызметін жыл сайынғы бағалауды жүргізеді. 2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау нәтижелері сыйлықақы беру, көтермелеу, оқыту, мансаптық жоспарлау, ротация жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болып табылады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін үш жыл бойы бағалау нәтижелері оларды аттестаттаудан өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болып табылады. 3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кәсiби даярлық деңгейін және олардың лауазымдық мiндеттерді орындау қабілетін айқындау жөніндегі рәсім аттестаттау болып табылады. Аттестаттау тестілеуді және әңгімелесуді қамтиды. Кемiнде он бес жыл мемлекеттiк қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлері тестiлеуге жатпайды. 4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметін бағалау және оларды аттестаттау тәртібін уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аттестаттауға дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда тәртіптік жауаптылыққа тартылады. Аттестаттауда теріс нәтижелер алған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметінен төмендетілуге не босатылуға жатады. Қызметінен төмендету «Б» корпусының төмен тұрған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы болған, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі осы лауазымға қойылған біліктілік талаптарына сай келген кезде жүзеге асырылады. Қайта аттестатталуға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қайта аттестаттау аяқталғанға дейін ауысу тәртібімен тең дәрежелі не жоғары тұрған лауазымдарға тағайындала алмайды. 5. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай аттестаттау комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай аттестаттау комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады. Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай аттестаттау комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай аттестаттау комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.»; 10) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «18-1-бап. Ротация Мемлекеттік қызметте «А» корпусының мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерiн ротациялау мансаптық жоспарлау шеңберінде олардың келісімімен жүзеге асырылады. Ротация жүргізудің тәртiбiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.»; 11) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын: «19-бап. Мемлекеттік қызметті өткерудің өзге де мәселелері 1. Мемлекеттiк әкiмшілік лауазымдарға алғаш рет қабылданған адамдарға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәлімгерлер бекітіледі. 2. Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамадан өтуі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттiк қызметті өткерудің осы Заңда реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде регламенттеледі.»; 12) 20-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «кадрлар резервi» және «Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi» деген сөздер тиісінше «кадр резервi» және «Кадр резервiн қалыптастыру тәртiбi және онымен жұмысты ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын: «4-1-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы 20-1-бап. Мемлекеттік қызметшілерге қызмет этикасын сақтау жөнінде қойылатын талаптар 1. Мемлекеттік қызметшілер: 1) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға; 2) жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға; 3) азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танытуға; 4) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға; 6) заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға; 7) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби деңгейде атқаруға; 8) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға; 9) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға; 10) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге; 11) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; 12) басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормалармен сыйыспайтын іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге; 13) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге міндетті. 2. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде ресми мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс. 3. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың мүддесіне орай, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
1 2