АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау


  

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 % аспайтын азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.2018 жылдың 3 тоқсанына күнкөріс деңгейінің көлемі 30 296 теңгені құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмек(әрі қарай – АӘК) шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екіге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек отбасында еңбек етуге қабілетті мүшелері  болмаған кезде немесе отбасының еңбекке жарамды мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатыса алмайтын (мысалы, жеті жасқа дейінгі балаға қарап отырған жалғыз басты аналарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге және т.б.) отбасыларға беріледі. Мұндай отбасыларға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу талап етілмейді.

Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшесі бар отбасыларға көрсетіледі. Шартты ақшалай көмек алу үшін отбасының барлық еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы міндетті шарт болып табылады.

Шартты ақшалай көмек тағайындау үшін әлеуметтік келісімшарт жасасу міндетті болып табылады. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт алты айға жасалады және қажет болған жағдайда қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.

АӘК-тітағайындау үшін Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына барып өтініш білдірту керек, Сізге сол жерде түсініктеме беріп, қажет болған жағадайда әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсынады.

АӘК-ті ресімдеу үшін өтініш беруші белгіленген үлгіде өтініш ұсынады және мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2) адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) тапқан табысы туралы мәліметтер;

3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі;

5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Әлеуметтік көмек түрі жөнінде қосымша түсініктеме алу үшін тіркелген тұрғылықты мекенжай бойынша Басқарманың аудандық бөліміне  (мекенжайы Басқарманың сайтында көрсетілген) хабарласуға, немесе түсініктемені алу үшін Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына (мекенжайы: Назарбаев д-ы, 50, тел: 341-06-70, 341-04-60) хабарласу қажет.