АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

16.11.2017
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды


02.11.2017

Алатау ауданында қарттар айлығының қортындысы талқыланған жиналыс өтті



30.10.2017

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді


  • Негізгі бет
  • Әлеуметтік сала
  • «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының» Алатау ауданы бойынша дирекциясы
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының» Алатау ауданы бойынша дирекциясы


«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының» Алатау ауданы бойынша дирекциясы

 

Қазіргі қарқынды дамыған ақпараттық заманда жаңа технологияның мүмкіндіктеріне сүйенбеу əсте мүмкін емес шығар. Электронды цифрлы қолтаңба дегенді бұдан 10 жыл бұрын ғана айтса, жалпыға бейтаныс еді. Қазіргі кезде ЭЦҚ көмегімен көптеген мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімді.

Қағаз нұсқада қандайда бір анықтама аларда, біз қолымызды қоямыз. Электрондық құжатқада оған заңды күшін беру үшін қол қою қажет. Ол үшін біз электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданамыз.

Электрондық Цифрлық қолтаңбақол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең. ЭЦҚ-да өзінің иесі туралы қажетті барлық ақпарат сақталған цифрлық символдар. Сондай-ақ, ЭЦҚ  ХҚО арқылы тегін беріледі, егер алмаған болсаңыз, өзіңізбен бірге жекебасыңызды куəландыратын құжаттың болуы шарт.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік қызмет түрлерімен төлемдер жасау жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Соның ішінде бүгінгі күнде, ДСжƏДМ-ніңде бір қатар мемлекеттік қызмет түрлеріне, яғни зейнетақы мен жəрдемақыларалу үшін үйден шықпай-ақ, əп-сəтте қызметке қол жеткізу мүмкіндігі бар.

ДСжƏДМ 28.04.2015 жылғы №279, бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сəйкес, ЭҮП ның  www.egov.kz  интернет сайты арқылы республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік жəрдемақылар, оның ішінде бала тууға байланысты бір реттік жəрдемақы жəне біржасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты жəрдемақы, сондай-ақ, жұмыс жасаған аналар үшін АҚ"Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан" (МƏСҚ) төленетін əлеуметтік төлемдерге де оңай өтініш беру қарастырылған. Ол үшін интернет желісі арқылы www.egov.kz порталында қажетті қызмет түрін таңдайсыз, банктік шот номерін, жеке басыңыздың деректерін, мекен-жайды, отбасы құрамын жəне т.б.да тиісті ақпараттарға мемлекеттік органның электронды шлюзіне сұрау саласыз. Тиісті ақпарат алынған соң электронды өтінішті растап ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. Қызмет мəртебесін ЭҮП да көріп отыруға болады, яғни электронды өтініштің мемлекеттік органға түскенін, өңделгенін, оның тиісті уақытта қарастырылғанын үйде отырып-ақ бақылауға мүмкіндік жасалған.

Сондай-ақ, ЭҮП арқылы бала-бақша кезегіне қою секілді көптеген қызмет түрлерінде алуға болады. Бұл Елбасының "бес институтционалды реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы "Ұлт жоспары аясында біріккен 4 республикалық кəсіпорындардың негізінде құрылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның" (ХҚО, ЗТМО, ЖерҒӨО, ЖМО) жасаған жұмысының нəтижесі деуге болады.