АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

16.11.2017
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды


02.11.2017

Алатау ауданында қарттар айлығының қортындысы талқыланған жиналыс өтті



30.10.2017

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді


Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Үкіметтік емес ұйымдар


Алатау аудандық Ардагерлер ұйымы

     Төрағасы: Қабдолдин Құдайберген Назарұлы

Ұйымның негізгі мақсаттары:

     1. Ардагерлер өмірінің материалдық және тұрғын үй жағдайларын, мәдени тұрмыстық, медициналық және басқа да қызмет көрсетудің түрлерін жақсарту;

     2. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманы әзірлеуге, оны жетілдіруге, ардагерлердің жеңілдіктері туралы заңнамалық актілерді әзірлеуге қатысу;

     3. Ардагерлердің оқу орындарында, ұжымдарда, әскери бөлімдерде жастарды аға буынның жауынгерлік және еңбек даңқ дәстүрінде, ата-бабамыздың халықтық дәстүрінде тәрбиелеу жұмысына қатысу. Жастарды қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

     4. Мұражайлар, ескерткіштер мен мемориалдар құру және сақтау арқылы Отан қорғаушыларды мәңгі есте сақтау;

     5. Қоғамда ұлтаралық және дінаралық келісімді, тұрақтылықты нығайту жөніндегі жұмыстарға қатысу;

     2008 жылдан өз қызметін белсенді атқаруда.

     Ауданда зейнеткер саны 9821, соғыс ардагері-37, оның ішінде мүгедектері-12, тылда еңбек еткендері-817, концлагерде болғандар-4, соғыс ардагерлерінің жесірлері-1, еңбек ері-1.

     Алатау ауданында 26 бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді, оның 19-ықшам аудандарда, 5-і білім саласында, 2-і денсаулық саласында.

     Аудандағы және Алматы қаласында өткен, көркем-өнерпаздар байқауымен спорттық іс-шараларда аудан ардагерлері әрқашан бірінші орын иеленіп келеді. Өткізілген іс-шаралар туралы газет беттерінде жарияланып отырады. Аудан мектептерінде өткен патриоттық тәрбие жөніндегі іс-шараларға қатысып отырады.

 

«Ел бірлігі» қоғамдық ұйымдардың Одағы

     Президенті: Ризабекова Шолпан Бостанқызы

Одақтың мақсаты:

     1. Заңды түрде қызмет көрсету;

     2. Барлық салаларда қоғамдық қатынастарды реттеу, банктік қатынастарда көмек көрсету, құқықтарын қорғау және т.б.

     3. Жас ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеу;

     4. Аудан тұрғындарымен тығыз қарым қатынас орнату;

     5. Ауданда ұлтаралық, дінаралық тұрақтылықты сақтау бағытында іс-шаралар өткізу.