АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Л.Б.Гончаров атындағы КазАДИ – де «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті

20.04.2018

Л.Б.Гончаров атындағы КазАДИ – де «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті



20.04.2018

Алатау ауданында «Қазақстан Барысының» іріктеу турнирі өтті




19.04.2018

50 жылдық мерейтоймен құттықтады


Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі


     

 

   Алатау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және    әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы  № 165 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын басшылыққа ала отырып әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік – еңбек қызмет түрлерін көрсетеді.Бөлімше ауданымыздағы тұратын қызмет алушы балалардың тұрғылықты жері бойынша бюджет қаражаты есебінен үйде әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді.Үйде қызмет көрсету бөлімшесіне қызмет алушы балаларды қабылдау Алатау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1.Қызмет алушының жазбаша өтініші;

      2.Қызмет алушының туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі.

      3.Тұрғылықты тұратын жерi бойынша мекен жай анықтамасы

      4.Мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі

      5.Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмесі     

      6.Медициналық карта     

      7.Психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.

    Әлеуметтік қызметкерлер қызмет алушы балалардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ,медициналық- әлеуметтік сараптаманы жүргізуге, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық қосалқы және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге , протездік – ортопедиялық көмек алуына, бала мен отбасына жан жақты психологиялық қолдау көрсетуге, қоғамға бейімдеуге, баланың құқықтық мүддесін қорғауға және әлеуметтік жәрдемақы түрлерін алуға көмек көрсетеді.