АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.

23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.


09.06.2017
1 маусымында Алатау ауданында кенеге қарсы улау шарасы өтті.

Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Алатау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


     Бөлім басшысы: Оразбаева Лайла Серікбайқызы

Бөлім міндеттері:

     - Жұмыс берушілердің сұранысына байланысты ақылы қоғамдық жұмыстар, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы дерек қорларын жасау және осы негізде толық және дұрыс ақпараттар беру арқылы халықтың бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына, қоғамдық жұмыстарды атқаруына жағдай туғызу, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу бағытында жұмыстар жүргізу,

     - бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу:

     - жұмыссыздарды біліктілігіне және еңбек нарығындағы қажеттілікке байланысты кәсіби оқытуға жолдамалар беру жұмыстарын жүргізу, тегін кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;

     - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбастарына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

     - әлеуметтік көмек тағайындау;

     - тұрғын үй көмегін тағайындау;

     - мүгедек балаларды үйде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына жәрдемақы тағайындау;

     - көп балалы аналар құжаттарын Алтын алқа, Күміс алқа тағайындауға қабылдау, басқарма комиссиясына жіберу;

     - жеке оңалту бағдарламасына сәйкес сурдо-тифло техникалық, гигиеналық, протезді-ортопедиялық құралдармен, кресло-коляскамен қамтамасыз етуді қажет ететін азаматтарды есепке қою, қамтамасыз ету;

     - ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне жол жүру билеттерін беру; санаторлы-курортқа жолдамалар беру;

     - интернат-үйіне және ардагерлер үйіне орналастыруды қажет ететін балалары жоқ, күтім керек жалғыз басты азаматтардың, мүгедек-балалардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің тұрмыстық-материалдық жағдайларын тексеріп акті жасау және аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді шешуге қажетті құжаттар әзірлеп, басқармаға комиссия қарауына жіберу;

     - мүгедектермен және балалардың ата- анасымен жұмыс жүргізу, мүмкіншілігі шектелген балаларды есепке алу және қорын құру;

     - мүгедек балаларға үйде қызмет көрсету оларға материалдық, педагогикалық және психологиялық көмекпен қамту;

     - мүгедектердің, зейнеткерлердің, күтім керек жалғыз басты азаматтардың, мүгедек балалардың әлеуметтік үйлерге орналастыру үшін құжаттарын қабылдау.

     Мекен-жайы: Жанқожа батыр көшесі, 26, Алатау ауданы әкімінің аппараты, 2- қабат, 203 кабинет, т: 395-36-40