2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
2020 Әлеуметтік көмек алу

10.01.2020
2020 Әлеуметтік көмек алу


10.01.2020
10.01.2020 Әкімнің қабылдауы.


09.01.2020
Емхана қызметкерлері іс жүзінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өз білімдерін көрсетті.

Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Мүгедектер балаларды жеке үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу


Мүгедектер балаларды жеке үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу

    Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 19 желтоқсанындағы № 196 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде жұмсаған шығындарын өндіру үшін жергілікті бюджет есебінен тоқсанына 9 айлық есептік көрсеткіш (21 645 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек төленеді.

    Әлеуметтік көмек оқу орнынан алынған анықтамада көрсетілген үйде оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына жеке оқыту жоспары бойыншатағайындалады.

   Жәрдемақыны тағайындау үшін «Мемлекеттік корпорацияға «Азаматтарға арналған үкіметке» коммерциялық емес акционерлік қоғамға келесі құжаттарды өткізу керек:

1) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);

3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

4) мүгедектігі туралы анықтама;                                        

5) банктегі шоттың болуы туралы құжат;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.