АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

16.11.2017
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды


02.11.2017

Алатау ауданында қарттар айлығының қортындысы талқыланған жиналыс өтті



30.10.2017

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді


Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Мәдени және тарихи ескерткіштер


«Боралдай сақ қорғандары» Археологиялық саябағы

     Аудан аумағында мың жылдық тарихы бар Еуразия әлеміндегі ең құнды батырлық аңыздардың куәсі «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық ғажайып ескерткіштері сақталған. Мұндай құнды ескерткіштер әлемнің басқа елінде жоқ. Мемлекет қамқорлығына алынған үлкен археологиялық саябақта 47 қорған бар.

     2007 жылы саябаққа 350 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 11 шақырым қоршау мен кіреберіс есік жасалынды. Қазір әкімшілік ғимаратының саябағының құрылысы салынуда, онда болашақта 300-ден кем емес адам жұмыс істейді. Тарихи ескерткіштер «Шаңырақ», «Ұлжан» елді мекендерде көптеп сақталған. Қорғандардан алтын, күмістен жасалған көптеген әшекей бұйымдар табылған. Бұл бұйымдар б.э. д 4 мың жылдыққа жатады.

     1) Ені 1,5 м, ұзындығы 100 м құрайтын гүл бағы отырғызылып, әкімшілік тарапынан күтіп ұстау және оларды қорғау жұмыстары жүргізілді.

     2) «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы М.Х.Елеусізовтің қолдауымен жыл сайын жүйелі түрде 20 түп ағаштан отырғызылып отырады.

     3) Алматы тарихи музейі тарапынан қорғанды тәулік бойы күзету үшін 5 штаттық бірлікте қызметкер бөлінген.

     4) Алатау ауданы әкімі аппараты тарапынан тұрақты түрде сенбіліктер өткізіліп тұрады.

     Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/84 қаулысымен мемлекеттік тізімге енгізілген келесі тарихи ескерткіштер орналасқан: Көкқайнар обасы-1, Көкқайнар обасы-3, Батыс обалары.

Алатау ауданы аумағында орнатылған ескерткіштер жөнінде

МӘЛІМЕТ

ескеркіштің атауы

мекенжайы

орнатылған мерзімі

ескерткішті орнату негізі

1

«Мәңгілік даңқ»

«Ақбұлақ» ы/а, №154 ЖББ мектеп алаңы, Шәріпов к-сі, 38

2001 жыл

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған

2

«Бейбітшілік»

«Әйгерім-1» ы/а, №171 ЖББ мектеп алаңы, Ленин к-сі, 63

2000 жылы жекешеленген клубтың алдынан көшірілген

бейбітшілікті дәріптеуге арналған

3

«Мәңгілік даңқ»

«Қарасу» ы/а, жекешеленген мәдениет үйінің алды,

Мичурин к-сі, 38

1975 жыл

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған

4

«Ер есімі - ел есінде»

«Өжет» ы/а, №156 ЖББ мектеп алаңы,

Әуезов к-сі, 48

2010 жыл,

мамыр айы

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған

5

«Ер есімі - ел есінде»

«Шаңырақ-2» ы/а, аудан әкімдігі ғимаратының алаңы, Жанқожа батыр к-сі, 26

2010 жыл,

мамыр айы

(Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысына қатысушыларға арналған)

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған