АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданы әкімінің Ұлжан 1 ықшамауданы тұрғындарымен кездесуі өтті

20.09.2017

Алатау ауданы әкімінің Ұлжан 1 ықшамауданы тұрғындарымен кездесуі өтті



18.09.2017

«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады



16.09.2017

Алатау ауданында «Қала күні» мерекесі аталып өтті


Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің2016 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстарының есебі


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмыс жоспары қалалық Мәдениет және Тілдерді дамыту басқармаларымен келісіліп, бекітілген.

Мәдениет. 25-27 ақпан аралығында №1 оқушылар үйінде көркемөнерпаздардың байқауы өткізілді.

4 наурыз күні №180 ЖББ мектептеХалықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, көп балалы аналар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындардың қатысуымен атап өтілді. Іс-шара барысында қажырлы еңбегімен ауданның дамуына үлес қосып жүрген аналар  марапатталып және де көп балалы аналар алтын алқа, күміс алқалармен марапатталып оларға сый-сияпат көрсетілді. Мерекелік іс-шарада Ла фиеста би тобы және өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды..  

 22 наурыз Аудан әкімшілігі ғимаратының алдындағы алаңда «Наурыз» мерекесі өткізілді. Сонымен қатар қазақ үйлер тігіліп, мәдени орталықтардың қатысуымен көрмелер ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналып ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізілді, мекемелердің қатысуымен тұрғындарға көже таратылды.

Тілдерді дамыту. Қазақстан Республикасының  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 4 тармағына сәйкес «Тіл» оқу әдістемелік орталығының мемлекеттік қызметшілер үшін қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылған. Кесте бойынша қызметкерлер қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарына қатысады. Ай сайын Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына аудан әкімдігі аппаратының кіріс, шығыс және бастамашыл хаттарының жазылуы туралы есеп беріліп, сараптама жасалынып отырады.

 Спорт. 7 ақпан Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-коллледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып «Қазақша күрестен» жарыс ұйымдастырылды (60 адам қатысты).

25 ақпан Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль – жол академиясында студенттер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. (150 студент қатысты)

25-27 ақпан аралығындаҚысқы спорт түрлерінен мектеп оқушылары және тұрғындар, студенттер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің тестілерін тапсыру ұйымдастырылды (9062 адам қатысты).

28 ақпан Алатау ауданы бойынша №169 лицейде жасөспірімдер арасында ұлттық ойындардан және волейболдан оқушылыр арасында турнир өткізілді (60 адам қатысты).

5 наурыз 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №180 ЖББ мектепте ұстаздар арасында волейболдан жарыс өткізілді (70 адам қатысты).

12 наурыз «Халық» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналып тұрғындар арасында ұлттық ойындардан жарыс өткізілді (50 адам қатысты).

16 наурыз Алатау ауданы бойынша №182 ЖББ мектебінде жасөспірімдер (ұлдар, қыздар) арасында ХIХ спартакиадасы өтті. (100) бала қатысты.

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесінде Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналып тоғызқұмалақ, тұмақ ұру, арқан тартыс, бұқа тартыс, гір көтеру, асық ату ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Балхашев