АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.

23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.


09.06.2017
1 маусымында Алатау ауданында кенеге қарсы улау шарасы өтті.

Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылдың 12 айлығында атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмыс жоспары қалалық Мәдениет және Тілдерді дамыту басқармаларымен келісіліп, бекітілген.

Мәдениет.

 25-27 ақпан аралығында №1 оқушылар үйінде көркемөнерпаздардың байқауы өткізілді.

4 наурыз күні №180 ЖББ мектептеХалықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, көп балалы аналар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындардың қатысуымен атап өтілді. Іс-шара барысында қажырлы еңбегімен ауданның дамуына үлес қосып жүрген аналар  марапатталып және де көп балалы аналар алтын алқа, күміс алқалармен марапатталып оларға сый-сияпат көрсетілді. Мерекелік іс-шарада Ла фиеста би тобы және өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды..  

 22 наурыз Аудан әкімшілігі ғимаратының алдындағы алаңда «Наурыз» мерекесі өткізілді. Сонымен қатар қазақ үйлер тігіліп, мәдени орталықтардың қатысуымен көрмелер ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналып ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізілді, мекемелердің қатысуымен тұрғындарға көже таратылды.

14-15 сәуір күндері «Әуенмен тербелген мың жыл» дәстүрлі музыка фестиваліне және Кәукен Кенжатаевтың 100 жылдық мерей тойына арналған кешке аудандағы қоғам қайраткерлері, ақсақалдар және ауыл тұрғындары қатыстырылды.

26 сәуір күні Алатау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залындаЧернобыль атом электр станциясында орын алған алапат оқиғаның 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілді. №1 Оқушылар үйінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

1 мамыр күні «Халық» спорт кешенінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай салтанатты іс-шаралар өткізілді. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мекемелер арасында шағын футбол, волейболдан жарыстар өткізілді.

7-9 мамыр ҚР  Отан қорғаушылар күніне және Ұлы  Жеңістің 71 жыл толуына орай Әкімшілік алдындағы аланда ҰОС ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді. Мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылып, әскери шеру, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Алатау» мейрамханасында ардагерлерге мерекелік салтанатты кеш ұйымдастырылып, аудан әкімі үлкен алғысын білдіре отырып, арнайы сыйлықтар тарту етті.  

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Халық» спорт кешенінде аудан көлемінде мүмкіндігі шектелуі, көп балалы отбасы және де аз қамтамасыз етілген отбасылардың қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мерекелік іс-шараға аудандық №1 Оқушылар үйінің  ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама көрсетілді.

Оқушылар арасында спорт ойындарынан жарыстар өткізіліп, тегін атракциондар ұйымдастырылып, балмұздақтар таратылды. Шағын футболдан, арқан тартысу, асық ату ойындарынан жасөспірімдер арасында жарыс өтті.

4 маусымда ҚР «Рәміздер күніне» арналған аудандық салтанатты жиын №149 ЖЖБ мектепте өтті. Маусым айы бойы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мектеп кітапханаларында тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.

16 маусымда «Медицина қызметкерлер» күніне байланысты Алатау әкімдігі аппаратының концерт залында арнайы медицина қызметкерлеріне арнап концерттік бағдарлама өткізілді.

23 маусым күні «Мемлекеттік қызметкерлер күні» мерекесіне орай Алатау әкімшілігі аппаратының мәжіліс залында салтанатты жиын өткізілді. Аудан әкімі құттықтау сөз сйлеп қызметкерлерді дипломдармен марапаттады.

6 шілде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, «Астана күні» мерекесі және Алатау ауданына 8 жыл толуына орай «Халық» спорт кешенінде мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада №1 оқушылар үйі және өнер қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты мерекелік іс – шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға «Салтанат»  би  ансамблі, әнші Тұрғынәлі Дәуіт, Темірәлиева Салия, Тазабек Гүлсезім, Жаңабаев Ақылбек және №1 оқушылар  үйі өнер көрсетті.

16 жасқа толғандарға жеке куәлік, Партиялық куәлік,            «Мектепке барар жол» акциясы аясында көп балалы отбасыларының балаларына мектеп формалары табыс етілді.

           17 қыркүйек Алматы қаласының 1000 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы «Алматым жүрегімде» атты қала күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік іс-шараға Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әншілері, Төлеубек Қошанов, Сүлушаш Нұрмағамбетова және №1 оқушылар үйі өнер көрсетті.

            26 қазан Алатау аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып әскер қатарына шығарып салу мерекесі өткізілді. Аталған іс-шарада №1 Оқушылар үйінің өнерпаздарымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып және аудан әкімінің сыйлықтары табысталды.

            30 қараша  1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұғыш Президент күні аталып өтті. Мерекелік іс-шарада «Керем-ай» би тобы, Құдайберген Бекіш тағыда басқа өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

           12 желтоқсан «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ҚР-ның инвестициялар және даму вице-министрі Т.С. Тоқтабаевтың қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада «Отрар сазы» оркестрі, «Салтанат» би ансамблі және Мемлекеттік хор капелласы өнер көрсеті.

23 желтоқсан күні№182 ЖББ мектепте аудан көлемінде мүмкіндігі шектелуі, көп балалы отбасы және де аз қамтамасыз етілген отбасылары балаларына арналған аудан әкімінің шыршасы өткізіледі.

 

 

                                                   

Тілдерді дамыту. Қазақстан Республикасының  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 4 тармағына сәйкес «Тіл» оқу әдістемелік орталығының мемлекеттік қызметшілер үшін қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылған. Кесте бойынша қызметкерлер қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарына қатысады. Ай сайын Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына аудан әкімдігі аппаратының кіріс, шығыс және бастамашыл хаттарының жазылуы туралы есеп беріліп, сараптама жасалынып отырады. Қазақстан Республикасының  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес қазақ тілін білу деңгейін бағалаудың «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сынақ өткізілді. Кесте бойынша қызметкерлер қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарына қатысады.

20 маусым күні қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің аудандық іріктеу байқауы өтті. Байқауға 20 өнерпаз қатысты. Оның ішінде мектеп оқушылары. Байқау қорытындысы бойынша 1, 2, 3 орынға ие болған қатысушылар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Аудандық байқаудың жеңімпаздары 24 маусым күні қалалық байқауға қатысып алғыс хаттармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.  Қазақстан Республикасының  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында

Қазақстан Республикасының  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 15-20 тамыз аралығында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты қалалық байқауға қатысуға тілек білдіргендер арасында іріктеу жұмыстары өткізілді. Ережеге сәйкес қалалық байқауға Алатау ауданының 5 мүшесі бар, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінен құрылған бір топ үміткерлері қатыстырылды.

26 тамызда Алатау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты қалалық байқауы өтті. Байқауға қатысқан Алатау ауданының 5 мүшесі бар Айбын тобы 3 орынды иеленді.

5-6 қыркүйек Алатау ауданында  «Абай оқулары» атты қалалық байқауға қатысуға тілек білдіргендер арасында іріктеу жұмыстары өткізілді. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, ұлт бірлігін нығайту болып табылатын. Ережеге сәйкес байқауға 15-25 жас аралығындағы Қазақстанның этнос өкілдері қатысты. Қатысушылар көркемсөз оқу және ән айту шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін көрсетті.

8 қыркүйек «Абай оқулары» атты қалалық байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша 3 шебер қалалық байқауға қатыстырылды..

28-29 қыркүйек арасында бірнеше тілді меңгерген жастар арасында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» («Тілдарын-2016») атты аудандық олимпиада өткізіледі. Олимпиаданың мақсаты:жастардың арасында мемлекеттік тілдің саясатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қолданылуаясын кеңейту және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету. Іріктелініп алынған 3 үміткер қалалық байқауға жолдама алады.

          24 қараша «Тіл – парасат» аудандық байқауы өткізілді Жарыс жеңімпаздары Головина Анжелика Романовна, Орфаниди Ирина Федоровналар тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

          2 желтоқсан «Ана тілім ән-жырым» қалалық байқауы өткізіліп Идирисов Рыспек Сакенұлы 3 орынды иеленді.

          Ай сайын Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына аудан әкімдігі аппаратының кіріс, шығыс және бастамашыл хаттарының жазылуы туралы есеп беріліп, сараптама жасалынып отырады.

Спорт.

          7 ақпан Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-коллледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып «Қазақша күрестен» жарыс ұйымдастырылды (60 адам қатысты).

          25 ақпан Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль – жол академиясында студенттер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. (150 студент қатысты)

          25-27 ақпан аралығындаҚысқы спорт түрлерінен мектеп оқушылары және тұрғындар, студенттер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің тестілерін тапсыру ұйымдастырылды (9062 адам қатысты).

28 ақпан Алатау ауданы бойынша №169 лицейде жасөспірімдер арасында ұлттық ойындардан және волейболдан оқушылыр арасында турнир өткізілді (60 адам қатысты).

5 наурыз 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №180 ЖББ мектепте ұстаздар арасында волейболдан жарыс өткізілді (70 адам қатысты).

12 наурыз «Халық» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналып тұрғындар арасында ұлттық ойындардан жарыс өткізілді (50 адам қатысты).

16 наурыз Алатау ауданы бойынша №182 ЖББ мектебінде жасөспірімдер (ұлдар, қыздар) арасында ХIХ спартакиадасы өтті. (100) бала қатысты.

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесінде Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналып тоғызқұмалақ, тұмақ ұру, арқан тартыс, бұқа тартыс, гір көтеру, асық ату ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

23 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысының» аудандық жарыс өтті. Жарысқа 80 келіден жоғары 16 балуан қатысып, жарыстың қорытындысы бойынша Жұмахметов Әлімжан-1 орын, Сейтхан Мағжан-2 орын, Бектұрсынов Данияр-3 орынды иеленіп бағалы сыйлықтармен және де мақтау қағаздарымен марапатталды.

1 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығын және Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан, волейболдан және ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізілді. Жарысқа 6 команда қатысып 1 орынды ІІБ басқармасы, , 2 орынды Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы,     3 орынды аудандық Прокуратура иеленіп аудан әкімінің кубогымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

2 мамыр күні ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен Алматы қалалық «Қазақстан Барысы»  іріктеу турнирі өтті. Алатау ауданынан Жұмахметов Әлімжан, Сейтхан, Бектұрсынов Данияр қалалық жарысқа қатысты.

7 -9 мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай ұлттық ойындардан жарыстар өткізілді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және де мақтау қағаздарымен марапатталды.

20-23 мамыр күні Алатау ауданы бойынша мектептер арасында Қазақстан Республикасының Президенттік тестілердің жазғы спорт түрлерінен сынақ өткізілді.

25-27 мамыр күні №152 ЖББ мектепте мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өткілді. Жарыс нәтижесінде 1 орынды №41 ЖББМ, 2 орынды №180 ЖББМ, 3 орынды №152 ЖББМ иеленді.

1 маусым күніХалықаралық балаларды қорғау күніне орай «Халық» спорт кешенінде 7-8 сынып оқушылар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздар аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды.

3 маусым күні Қалада өткен Президенттік тесттілерді қабылдау жарысына аудан тарапынан 18 тұрғын қатысты.

11 маусым күні «Медицина қызметкерлері күніне» орай денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерінің арасында спартакиада өткізілді.

17-18 маусым күндері Мемлекеттік қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, ҚР «Рәміздер күнін» мерекелеу қарсаңында шахматтан аудандық жарыс өткізілді.     Іс-шара ұлттық спортты насихаттау және мәртебесін жоғарлату, мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Жарыс жеңімпаздары  қалалық жарысқа жолдама алды.

25 маусым «Нашақорлыққа қарсы күрес» күні «Халық» спорт кешенінде  спорт түрлерінен, ұлттық ойындарынан, шағын футболдан мекемелер және тұрғындар арасында жарыс өткізілді.

6 шілде «Астана күні» мерекесі қарсаңында жәнеҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, Алатау ауданына 8 жыл толуына орай Алатау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Халық» спорт кешенінде аудан әкімінің кубогы үшін шағын футболдан мекемелер арасында турнир өткізілді. I орынды Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған коллледжі, II орынды аудандық Прокуратурасы және III орынды аудандық Кірістер басқармасы иеленіп аудан әкімінің дипломы мен және силықтармен марапатталды.

27-29 шілде «Халық» спорт кешеніндеАлматы қаласы Азаматтық Альянс заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен аула клубтарының қатысуымен өткізілген аудандық және қалалық шағын футбол турнирінде «Атамұра» демалыс орталығы I орынды иеленді.

14 тамыз «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына  арналған Алғабас-6 ықшамауданындағы стадионында аула клубтарының қатысуымен үлкен және шағын футболдан турнир ұйымдастырылып өткізілді.

14-28 тамыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына және «Құрылысшылар күні», «Конституция күні» мерекесіне  арналған велошеруге мекемелермен аудан тұрғындары қатыстырылды.

5-6 қыркүйек Аудандағы мектептерде көп балалы отбасыларының арасында «Толағай» спорттық сайысы өткізіліп, жеңімпаз команда мүшелері 10 қыркүйек қалалық байқауға қатыстырылды. 

17 қыркүйек Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, «Қала күні» мерекесіне орай «Халық» спорт кешенінде мекемелер арасында шағын футболдан аудан әкімінің кубогы үшін шағын футболдан турнир және арқан тартыс, бұқа тартыс, гир көтеру, асық атудан жарыстар өткізіліп жарыс жеңімпаздары аудан әкімі дипмломы мен және силықтармен марапатталды. Шағын футболдан I орынды аудандық Прокуратурасы, II орынды және III орынды аудандық Кірістер басқармасы және аудан әкімінің аппараты иеленіп аудан әкімінің дипломы мен және силықтармен марапатталды.

28–30 қыркүйек аралығында «Спорттық Алматы» бағдарламасы, балалар мен жасөспірімдерді және жастарды ұлттық  спорт түрлерімен шұғылдануға тарту және үздіксіз айналысуын қамтамасыз етуге арналған бірегей жобаның басты мақсаты бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қазақ күресінен «Жас барыс» жарысы өткізіліп жеімпаздар қалалық жарысқа қатыстырылды.

8 қараша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай желілік кестеге сәйкес 2016 жылғы 8 қараша күні Заря Востока ықшамауданындағы стадионда Алатау ауданы бойынша ықшамаудандар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Турнирге 6 команда қатысып, 1 орынды Заря Востока, 2 орынды Шаңырақ-1, 3 орынды Шаңырақ-2 ықшамауданы иеленіп, жарыс жеңімпаздары, аудан әкімінің кубогымен және дипломдар мен марапатталды.

2 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай желілік кестеге сәйкес №152 мектеп-гимназиясында баскетболдан турнир өткізілді.

4 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай «Әйгерім» ықшамауданында аудан әкімінің жүлдесі үшін Данияр Мұратбайдың ұйымдастырумен Шығыс жекпе-жегінен жарыс өткізілді. Жарыс жеңімпазыдары аудун әкімінің дипломымен және бағалы силықтармен мрапатталды.

5 желтоқсан №82 ЖББ мектепте Олимпияда чемпионы Дариға Шакимовамен оқушылар арасында кездесу өткізілді.