АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.

23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.


09.06.2017
1 маусымында Алатау ауданында кенеге қарсы улау шарасы өтті.

Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



«Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»


2010 жылы тек ресми жарыстарды ғана есепке алғанда, яғни Азия чемпионаттарында, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасының спорт-интернаттар арасында барлығы 263 медаль, оның ішінде 84 алтын, 87 күміс, 92 қола.  

2011 жылы күрестен Венгрияда өткен тұңғыш Әлем біріншілігінде грек-рим күресінен Айнағұлов М. 1-орын, Есмурзаев М. 2-орын, Карипжан А. 3- орын, еркін күрестен Жұмай И. 3-орын, Қазақстан спорт тарихында тұңғыш қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионатында 3- орынды  Қызай Н., Тайыр А. иеленді. Ал ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында  Зульфия Чиншанло жеңімпаз болды. Осы 2011 жылы тамыз айында Тайландта өткен Азия біріншілігінде еркін күрестен 1-орын Гольцман А., ал грек-рим күресінен 1-орын Айнағұлов М.,  2 орын-54 кг салмақта Есмурзаев Мухамед, 3 орын 58 кг салмақта Карипжан Абылай, әйелдер күресінен Қали Айдана 52 кг салмақта 3 орынды иеленді. Жүзуден Азия біріншілігінде әртүрлі қашықтықта жүлделі орындарға ие болған:

2 орын -Жусупова Айзада, 200 м б/с,

2 орын -Жусупова Айзада, эст. 4х100 комб. /аралас

3 орын -Жусупова Айзада, 100 м б/с11

3 орын -Жусупова Айзада, 50 м б/с

3 орын -Алимов Магауия, эст. 4х100 комб/аралас.

2011 жылы тек ресми жарыстарды ғана есепке алғанда, яғни Азия чемпионаттарында, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасының спорт-интернаттар арасында барлығы 241 медаль, 83 алтын, 67 күміс, 91 қола.

2012 жылы еркін күрестен Әлем біріншілігінде Әлментай Бақдаулет жеңімпаз атанса, Жанжигитов А., Торебек Б., қола жүлдегер болды, сонымен қатар Азия біріншілігінде еркін күрестен 2-орын иегері Торебек Бауыржан, Жанетов И., таеквондодан Алдангорова Ф., қыздар күресінен Казюлина И.,  2012 жылы «Азия Ұландары» ХЖО-да жеңімпаздары олар: еркін күрестен Сейтжан Н., қыздар күресінен Бақбергенова Ж., Бақбергенова М., жүлдегерлер, олар: қыздар күресінен Седнева М., еркін күрестен Қалтаев А., Жұмай И., таеквондодан Алдангорова Ф., Абылкас Е., Қайырбек Е., Үстел үсті теннисінен Германияда өткен Әлем біріншілігінде Гац Юлия жеңімпаз атанды.

2012 жылы тек ресми жарыстарды ғана есепке алғанда, яғни Азия чемпионаттарында, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасының спорт-интернаттар арасындағы чемпионатта және ҚР оқушылар арасындағы спартакиадада  барлығы  219 медаль, оның ішінде 61 алтын, 68 күміс, 90 қола медальдарды еншіледі.

2013 жылы Алматы қаласында бокстан үлкендер арасында Әлем біріншілігінде Әлімханұлы Ж., жеңімпаз болып «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінде бокстан Садықбек Қ., қыздар арасында Бақбергенова М., Бақбергенова Ж., қола жүлдегер иегері. 2013 жылы Монғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия біріншілігінде еркін күрестен Сейтжан Н.1-орын, Жұмай И. 3-орын, Қалтаев А. 3-орынды иеленсе, ал грек-рим күресінен Магзумов Е. 2-орынды иеленді, сонымен қатар қыздар күресінен жастар арасындағы Азия біріншілігінде Казюлина И. 1-орын, Жаппарова З. 3-орынды, ал жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде  Бақбергенова Мадина,  Бақбергенова Жамиля 1-орынды, Сербияда өткен Әлем біріншілігінде 3-орынды, ал Якутияда өткен «Азия Ұландары» ХЖО 1-орынды иеленіп жеңімпаз атанды. Алматы қаласында өткен еркін күрестен Евразия ойындарының жеңімпаздары Тажиханов Аббас, Дилмаганбетов Ербол, Рахманов Е., ал жүлдегерлері Жиенкулов Арман, Шамшиев Нурсултан болды. Бокстан Шымкент қаласында өткен Азия біріншілігінде Садықбек Қ., Дуаш А. 2-орын иегерлері. Ал таеквондодан  Индонезия мемлекетінің  Джакарта қаласында өткен Азия біріншілігінде Алдангорова Ф., Маулетханов С., Ким А., қола жүлдегерлер атанды және де  Қытайдың Нанджинг қаласында өткен таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Алдангорова Ф. Абылқас Е., 2-орын,  Кайырбек Е. 3- орынды иеленді. Байдарка мен каноэда есу спорт түрі бойынша  Азия біріншілігінде Кальтенбергер Е. 2-орынды иеленді, сонымен қатар ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде Амангелді Асел жүлделі орынды иеленді.

2013 жылы тек ресми жарыстарды ғана есепке алғанда, яғни Азия чемпионаттарында, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасының спорт-интернаттар арасында барлығы 291 медаль, оның ішінде 82 алтын, 93 күміс, 106 қола медальдарды еншіледі.

 2014 жылы Қытайдың Нанджинг қаласында өткен ІІ Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына мектеп-интернат-колледжімізден бес жас спортшыларымыз 5 (лицензия) жолдаманы жеңіп алып бақ сынып қайтты. Бұл Олимпиадаға осы аз уақыттың ішінде жолдама алып, жас спортшыларымызға және жаттықтырушыларымызға елеулі көрсеткіштерге қол жеткізу оңайға соқпады. Атап айтар болсақ:

-          Колледждің студенті, грек-рим күресінен Поливадов Е. 3-орын;

-          Грек-рим күресінен Құрманалі Р. 5-орын;

-          Байдарка мен каноэда есу Кальтенбергер Е. 4 –орын;

-          Таеквондодан Серікбай Ғ.-5 орын;

-          Үстел теннисінен Герасименко К. 9-орын;

Сонымен қатар Тайван мемлекетінің Тайпэй қаласында өткен таеквондодан жас-спірімдер арасында Әлем біріншілігінде Ким А. 2-орын, Серикбай  Г.3-орын, кадеттер арасында өткен Әлем біріншілігінде Уразбаев Н. 2-орынды жеңіп алды. Ал Азия біріншілігіне келетін болсақ грек-рим күресінен  Поливадов Е. 1-орын, Құрманәлі Ә. 2-орын, Төленов А. 3-орын иегерлері атанды. Бокстан  Корея мемлекетінің Иньчхонг қаласында өткен Азия ойындарында колледжіміздің студенті Әлімханұлы Ж. жеңімпаз болды.  2014 жылдың 11-25 қараша аралығында Оңтүстік Кореаның Чеджу қаласында өткен әйелдер арасында және қазақ қыздарынан тұңғыш  шыққан Әлем чемпионы, колледж студенті Қызай Назым жеңімпаз болып және «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» көрсеткішін орындады. Тағы да айта кететін жайт Халықаралық, республикалық басқа да жарыстарды қоспағанда,  мектеп-интернат-колледжінің барлық спорт түрінен Қазақстан Республикасының Чемпионаттарында, тек осы 2014 жылға ғана орташа есеппен есептегенде 108 алтын, 83 күміс, 126 қола, барлығы 317 медаль қоржынында бар. Яғни бұл дегеніміз ынталылық пен табандылықты талап ететін бұл мектеп-интернат-колледжі баршамыз үшін ортақ үй. Осы жылдар ішінде жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Соңғы екі жылдың ішінде «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» көрсеткішін орындаған екі спортшымыздың жеңісі баріміз үшін және Қазақстан Республикасы үшін ортақ жеңіс.  Бүгінде біз қажырлы еңбек еткен жылдар ішінде елеулі нәтижелерге бірге жеттік деп айтуымызға болады.

Болашақта Қазақстан Республикасының көк туын өзге мемлекетте желбірететін Олимпиада, Әлем чемпиондарының саны өсіп, мектеп-интернат-колледжінен шығып жатса, онда баршамыздың мерейіміздің үстем болғаны. «Бүгінгі шәкірт-ертеңгі маман» және «Ақылына – күші сай» спортшыларды даярлауда бар күш-жігерімізді салып, бірге ат салысып еңбек етсек,  Қазақстан Республикасының болашағы жарқын болары анық.

Әріптестер, мектеп-интернаттың жұмыс жасап жатқанына 1 қараша жеті жыл толған күні баршамызға құтты болсын!

Спорт әдіскері