АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқыланды

10.10.2018

Президент жолдауы талқыланды



09.10.2018

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы жөнінде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстары жүргізілді



09.10.2018

Алатау ауданында 20 ауланы көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде


Алатау ауданына 10 жыл АЛАТАУ АУДАНЫНА 10 ЖЫЛ



Алатау ауданына 10 жыл!


Биыл Алатау ауданының жұртшылығы қос мерекені тойлағалы отыр. Бірі- Елордасы Астананың 20 жылдығы болса, екіншісі – Алатау ауданының 10 жылдық мерейтойы.

    Осыған орай құрылғанына 10 жыл толған ауданның мерейтойын тойлау мақсатында әкім аппаратының ғимаратында салтанатты жиын өтті.


     Алатау ауданының тұңғыш әкімі – Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы, Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Қабдолдин Құдайберген Назарұлы, аудан құрылғаннан бастап қызмет атқарған денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау мекемелерінің өкілдері және аудандық Нұр Отан партиясы торқалы тойдың құрметті қонақтарына айналды.

    Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы, Алматы қаласы мәслихатының шешімімен 2008 жылдың 04 шілдесінде Алатау ауданы құрылды. Осы уақыттан бастап жетінші ауданды құру және қаланы солтүстік – батыс бағытта дамытуға нақты шешім қабылданып, аудан құрылған 10 жылда қыруар шаруа тындырылды. Бұл туралы толығырақ аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы өзінің баяндамасында айтып өтті. Аудан әкімінің құттықтау сөзінен кейін аудан үшін аянбай еңбек еткен азаматтарды марапаттау рәсіміне кезек берілді. Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған – Балбаева Маржан Ертаевна, Алатау аудандық ҚДСБ басшысы қызметін атқарған - Біржанов Мұрат Қарғашұлы, аудан архитекторы-Төлепбергенов Ержан Жұманұлы, Алатау ауданы әкімінің кеңесші-үйлестірушісі - Жадыраев Файзулла Абидуллаұлы, ауданның белсенді тұрғыны – Нұрмұханбетова Зәуре Нұрлығаянқызы, Желтоқсан ақиқаты Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Құрымбаев Болат Тоқтабайұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Салтанатты жиын Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсеткен концерттік бағдарламамен жалғасты.