АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқыланды

10.10.2018

Президент жолдауы талқыланды



09.10.2018

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы жөнінде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстары жүргізілді



09.10.2018

Алатау ауданында 20 ауланы көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде


Алатау ауданына 10 жыл АЛАТАУ АУДАНЫНА 10 ЖЫЛ



Алатау ауданының 10 жылдық мерейтойына орай ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті


Қазақ халқында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген аталы сөз бар. Осы сөзді дәріптеген халқымыз қарттарын әрқашан құрметтеген.Ауданымыздың 10 жылдық мерейтойын тойлауды қазыналы қаттарымыз алғашқы болып бастады.Ауданымыздың ардагерлер ұйымы 6 қыркүйек күні Алғабас-6 шағын ауданының стадионында қарттар арасында жеңіл атлетикадан спартакиада ұйымдастырды


.Спартакиаданы Алатау аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасы Қабдолдин Құдайберген, Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық жарысқа қатысушы командалар сапқа тұрғызылып, әнұран шырқалып, ту көтерілді. Жарыста ата-әжелеріміз жеңіл атлетиканың жүгіру, доп лақтыру, дартс, жіппен секіру, қолмен жерден көтерілу-басылу, орнында тұрып секіру түрлері бойынша бақ сынасты. Жалпы командалық есепте «Алғабас-Теректі» шағын ауданы 3-орын, «Өжет» шағын ауданы 2-орын, "Көк-кайнар" 1-орынды иеленді. Жарыс соңында спорттық іс-шараға қатысушылар марапатталып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Салауатты өмір салтын жастарға дәріптеуде осындай қарттарымыздан үлгі алсақ нұр үстіне нұр болар еді!