АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өз денсаулығың өзіңнің қолыңда

06.12.2017

Өз денсаулығың өзіңнің қолыңда



05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді



04.12.2017

Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі


Террористік актілердің алдын алу жөніндегі халыққа арналған жадынама ТЕРРОРИСТІК АКТІЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА



Террористік актілердің алдын алудағы 10 іс-қимыл


1. Мұқият болыңыз! Үйіңіздің кіреберісіндегі, ауладағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

2. Қырағы болыңыз! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз затқа көңіл аударыңыз.

3. Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз: кіреберіске домофон мен темір есік орнатыңыз, үй шатырлары мен техникалық бөлмелер есіктерінің жабдығын тексеріңіз.

4. Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын үйретіңіз.

5. Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыз! Көлікпен жүру кезінде қауіпсіздікке толық құқыларыңыз бар.

6. Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтауға немесе басқаға беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыз.

7. Адам аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты байқау сіздің сақтығыңызды әлсіретпеуі тиіс. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастап кетуі мүмкін.

8. Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, оған жақындамаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және айла мен қулыққа толы болып келеді.

9. Күдік тудыратын затқа жақындамаңыз, тіпті қол тигізбеңіз, бұл – өміріңізге өте қауіпті.

10. Кез-келген жағдайда келесі телефондарына хабар беріңіз: 102, 112
10 правил каз