2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы қаласының барлық кәсіпорындары ұйымдары үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.

06.04.2020

Алматы қаласының барлық кәсіпорындары ұйымдары үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.




03.04.2020
Дүйсенбіден бастап, «Алматы» телеарнасынан бейнесабақтарды көрсетуді бастаймыз.


25.03.2020
Азық-түлік себеттері таратылды.

Террористік актілердің алдын алу жөніндегі халыққа арналған жадынама ТЕРРОРИСТІК АКТІЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА



Қазақстан аумағында Dari kz жаңа ақпараттық мобильді қосымшасы пайда болды.


Dari Kz жаңа мобильдік қосымшасынан дәрілік заттардың мемлекеттік тізіліміне кіруге болады, яғни Қазақстан Республикасында тіркелген барлық препараттар туралы ақпарат алуға болады. DariKz қосымшасында дәрілік препараттың дозасы, концентрациясы, сақтау мерзімі және ерекше белгілері, дәрілік зат түпнұсқа немесе дженерик болып табылатындығы, ол дәрігердің рецепті бойынша босатыла ма немесе рецептісіз болып табылатындығы туралы ақпарат қолжетімді. DariKz пайдаланушылары, препараттарға қатысты толық нұсқаулармен танысып, қаптаманы көре алады. Қосымшада дәрі-дәрмек өндірушілер туралы ақпарат берілген және препараттың тіркеу нөмірін анықтауға болады. Тіркеу куәлігі бойынша дәрі-дәрмектерді іздеу үшін пайдаланушы, қосымшада куәлік нөмірі көрсетілген дәрі-дәрмектің қаптамасын суретке түсіруі қажет. Іздеу нәтижелері бар бетте дәрілік препарат туралы толық ақпарат пайда болады. Дәрілік заттар туралы барлық ақпарат пайдаланушының таңдауына байланысты мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.                                                                                                                                                                              Қолданба Play Market және App Store қосымшасы арқылы қол жетімді. Қажетті дәрі-дәрмектер іздеу, тіркеу куәлігінің куәландырыратын саудалық атауы немесе халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) бойынша жүзеге асырылады. Егер, дәріханадағы препараттың құны, Қазақстанда рұқсат етілген заң жүзінде бекітілген шекті рұқсат етілген бағадан асып кетсе, қосымшада шағым қалдыруға болады. Қосымша бетінде қазақстандықтар "Сапа сертификаттары" берілген сертификаттар бойынша мәліметтерді көре алады, ал "Жаңалықтар" бөлімінде өзекті ақпараттар мен хабарландырулармен таныса алады.