АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
      Бақытжан Сағынтаев партияның аудандық филиалдарында азаматтарды қабылдау санын көбейтуді тапсырды.

22.11.2019
Бақытжан Сағынтаев партияның аудандық филиалдарында азаматтарды қабылдау санын көбейтуді тапсырды.


19.11.2019
Республикалыќ жедел алдын-алу іс-шарасы


19.11.2019
«Салауатты сөре – дұрыс тамақтану»

Террористік актілердің алдын алу жөніндегі халыққа арналған жадынама ТЕРРОРИСТІК АКТІЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА



Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама


Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі

 тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты  үйіңізде естісеңіз: 

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз; 

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты  жұмыс орныңызда естісеңіз: 

1)  асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;  

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.